Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Константинов Лаврентий Сергеевич (1910—1948), Кеңес Одағының Батыры
Лаврентий Сергеевич Константинов 1910 жылы 10-шы қыркүйекте Новосибирск облысы, Балман селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 5 кластық біліммен киномеханик, жүргізуші болып жұмыс істеді. 1941 жылдың желтоқсан айынан Қызыл Армия қатарында. 1942 жылдың қаңтарынан майдан шебінде. 1943 жылдың қыркүйек айында аға сержант Л. Константинов Воронеж майданы 3-гв. танк Армиясы 6 -гв. танк корпусының 22 гв. мотоатқыштар бригадасы автоматшылардың барлау ротасының взводын басқарды. Днепрден өту кезінде ерекше көзге түскен.
1943 жылы 23 қыркүйекте Л. Константинов Украина ССР-і, Черкасск облысы Каневский ауданы Григоровка селосының тұсында Днепр өзенінен өтіп, батыс жағалау үшін кескілескен шайқасқа қатысады. 1-2 қазан күндері Константинов барлау тобымен жау тылына өтіп, неміс әскерлерінің орналасуына барлау жасайды. Қайтар жолда жау әскерлері байқап қалып, оқ жаудырады. Осы ұрыста Константинов қарулас достарымен жаудың 40 офицері мен солдатының көзін жояды. Константиновтың өзі жеке есебі бойынша 40 солдат пен 5 офицер көзін жойған екен.
1944 жыл 10 қаңтардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша гвардия аға сержанты Лаврентий Константиновқа Кеңес Одағының Батыры (№2117) атағы берілді. Кіші лейтенанттар курсын тамамдаған. Соғыстан кейін Л. Константинов әскер қатарынан босады. 1948 жылы 10 ақпанда қайғылы қазаға ұшырады. Қызыл Жұлдыз, 3-Дәрежелі Даңқ орденімен, бірнеше медалдармен марапатталған. Каргат қаласында Л. Константиновке бюст, Семей облысы, Көкпекті ауданы, Чигелек ауылында батырға ескерткіш орнатылған.
Әдебиеттер:
Интернет ресурстар: