Звание
"Герой Советского Союза"

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Иісова Тұратай (1931-1994) - актриса, Қазақстанның Халық әртісі
1931 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туған. Қазақ драма театрыжанындағы театр студиясын тәмамдаған (1953).1956 жылдан өмірінің соңына дейін Семей музыкалық драма театрында актриса болып қызмет атқарған. Театр сахнасында Иісованың жасаған бейнелері ірі де сан қырлы. Солардың ішінде: М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыландысында» – Қарлыға, «Еңлік-Кебегінде» – Еңлік, «Абайда» – Әйгерім, Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысында» – Ақтоқты, «Қозы Көрпеш – Баян-сұлуда – Мақпал, Ш. Айтматовтың «Жәмиләсында» – Жәмилә, «Ана-Жер анасында» – Әлиман, Б.Майлиннің «Шұғасында» – Күлзипа, А.Штейннің «Толасында» – Тата Нерадова, Д.Исабековтің «Әпкесінде» – Әпке, т.б. көптеген классикалық, трагедиялық, комедиялық, психологиялық, драмалық бейнелер бар.
1960 жылы Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі атағын алған.
1994 жылы 14 шілдеде Семей қаласында қайтыс болған.
Тұратай Иісова туралы әдебиет
Литература о Т. Исова
Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.
Шығыс Қазақстан облысы Энциклопедия./Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б.:Иісова Т. Б.379.
Құндақбаев, Б. Уақыт және театр : зерттеулер мен мақалалар / Құндақбаев Б. - Алматы : Өнер, 1981. - 325 б.
Құндақбайұлы, Б. Театр туралы толғаныстар / Құндақбайұлы Б. - Алматы : Өнер, 2006. - 320 б.