Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Кукин А.П.

Кукин Аркадий Петрович Кукин Аркадий Петрович (1914-1944) – Кеңес Одағының Батыры

877 гаубицалық артиллериялық полктің атқыш командирі (25-ші гаубицалық артиллериялық бригада, 7-ші серпінді артиллериялық дивизия, 46-армия, 2-Украина майданы), сержант.
1914 жылы 14 тамызда қазіргі Киров облысына қарасты Вятские Поляный селосында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Бастауыш мектептен кейін мотор механикасы курсын бітірді. Әскерге шақырылғанға дейін туған өңірінде еңбек етті. Шекара әскерлерінде қызмет етті. Әскерден кейін Қазақстанға алтын кен орындарына жұмыс істеуге кеткен. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында тұрған. «Алтайзолото» тресінің Алқабен тау-кен басқармасының геологиялық барлау слесарі болып жұмыс істеген.
1941 жылы тамызда Қызыл Армия қатарына қайтадан шақырылды. Запастағы полкте артиллерист мамандығын алды. Сталинград үшін болған ұрыстарда ауыр жараланып, 1943 жылдың маусым айында ғана майданға оралды. Бүкілодақтық коммунистік (большевиктер) партиясына қабылданды. Украинаны азат етті, Румыния мен Венгрия жерінде жауды жеңді.
Ол Будапешт шабуыл операциясында ерекше көзге түсті (Венгрияны азат ету, Кечкемет-Будапешт операциясы. 1944). 1944 жылы 30 қазанда Кечкемет қаласының маңында (Венгрия) жау 40 танкі мен мотоатқыштарымен үлкен қарсы шабуылға шықты. Сержант Кукин мылтығын тура атуға айналдырды.
Үрей тудырған танктер шеруі сержант Кукин тұрған межеге жетеді. Оның артынан бронетранспортерлар, зеңбірек сүйреген тягачтар, жаяу әскерлер ілеседі. Жауды 500 метр жақындатып алып, Кукин оқ жаудыра бастайды. Екі снаряды босқа кеткен Кукин үшінші рет көздеп, атады. Ең бірінші танк отқа оранады. Кукин екі аяғынан бірдей снаряд оғынан ауыр жараланады. Қаруластары түгелдей қаза табады. Кукин жарасына қарамастан зеңбірекке жылжып жетіп, шайқасты тоқтатпай, тағы екі танкті оққа орайды. Ержүрек артеллерист ақырғы снарядымен жаудың самоходкасын құртып үлгереді. Жау снаряды Кукиннің зеңбірегіне тиіп, істен шығарады. Жақсы қаруланған неміс автоматшылары атыс алаңына шығады. Кукин соңғы демі біткенше, фашистермен атысып, ең соңғы патронды өзіне жібереді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен фашист басқыншыларына қарсы күрес майданында қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін сержант Аркадий Петрович Кукин қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.
Вятские Поляный қаласында Батыр тұрған үйге және №1 мектеп ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды. Қала көшесі Батырдың есімімен аталады.
Ауылдағы бір көшеге Батырдың есімі берілген. Самар ауылы, Шығыс Қазақстан облысы

А. П. Кукин туралы әдебиет

Литература об А. П. Кукине 

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.412.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы, 2010. – Б.151.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

 

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы