Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Суптель И.И.

 Суптель Иван ИгнатьевичСуптель Иван Игнатьевич (1919-1975) –Кеңес Одағының Батыры

309-Пирятинская Қызыл Ту орденді Кутузов II дәрежелі, Воронеж майданының 40-армиясының атқыштар дивизиясының 957 Қызыл Ту атқыштар полкінің атқыштар ротасының командирі, кіші лейтенант.

Иван Суптель 1919 жылы Томск губерниясы Зубково селосында (қазіргі Новосібір облысы Красноозерский ауданы)  шаруа отбасында туған. 20-жылдары отбасымен Новосибирскге қоныс аударып, орта мектептің 5 класын бітірген. 1937 жылы отбасымен Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданына көшіп барып, Ертіс мыс қорыту комбинатына  слесарьлық жұмысқа тұрған. 

1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. Соғыс басталысымен майдан даласында. Оңтүстік,  Батыс Воронеж, 1-Украина майданында шайқасқан. Соғыстың басында қызыләскер, сосын бөлімше командирі болған.  1943 жылы кіші лейтенанттар даярлайтын курсты бітірген. Взвод, рота командирі болған. Ұрыс кезінде төрт рет жараланып, қатарға қайтып оралған.  1943 жылы тамыз айында атқыштар дивизиясы Украинаның Полтава облысы Пирятин қаласын азат ету операциясын сәтті өткізді. Дивизия «Пирятинская» деген құрметті атқа ие болды.  Осы ұрыста рота командирі Иван Суптель де ерекше көзге түсті. Оның ротасы алғашқылардың бірі болып қалаға кірді. Фашистерге көп шығын келтіре отырып, олардан бірнеше ғимараттарды тартып алды. Осы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін орденмен марапатталды.  Воронеж майданы 40 - армия 309 - атқыштар дивизиясының  957 – атқыштар полкінің атқыштар рота командирі кіші лейтенант Иван Суптель Днепрден (Букрин плацдармы) өту кезінде көзсіз ерлік жасады.         1943 жылы 24 қыркүйекте үздік батальон құрамында кіші лейтенант Суптельдің  ротасы  балықшылар қайығы, қолдан жасалған салмен арғы жағаға өте бастады. Өзен ортасына жеткен кезде оларды немістер байқап қалып, оқ боратты. Оң жақ жағалауға жауынгерлердің жартысы ғана жетіп, қалғаны Днепр түбіне батты. Аман қалғандары жағаға табандары тиісімен жауға деген ыза –кекпен қаза тапқан жауынгерлердің өшін алу үшін шабуылға шықты. Түнгі қатты шабуыл нәтижесінде  жауды  алғашқы траншеядан  қуып шықты. Киев облысы Кагарлык ауданындағы жау бекінген Балыко-Щучинск селосына Суптельдің ротасы  баса көктеп кіріп, жаудан тазартты. Рота командирі тез арада позицияға бекініп, жаудан алған олжа қару-жарақтарды жинап, жаудың шабуылына дайындалуды бұйырды. Жаяуәскер құрамында бүкіл соғысты басынан өткізген рота командирі сол күннің ауыр боларын сезген  еді. Солай болды да. 24 қыркүйек күні танк, авиация, артиллерияның қолдауымен немістер күні бойы шабуылдады. Жауынгерлер барлық  шабуылға төтеп беріп отырды, олардың әрқайсысы қояма-қолтық ұрысқа айналды. Суптельдің ротасы алты тәулік бойы ұрыстан шыға алмады, көптеген жауынгерлер қаза тапты. Тек жаралылар ғана аман қалды. Рота командирінің өзі жараланғанына (соғыс бойы төртінші рет) қарамастан ұрыс даласынан кетпей, жауынгерлерге ерліктің үлгісін көрсетіп ұрысты шебер басқарып отырды.  Жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындап, неміс фашистеріне қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 23 қазанда кіші лейтенант Суптель Иван Игнатьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі  (№ 4304) қоса тапсырылды. 

1943 жылы қараша айында Киев шабуыл операциясына қатысты. 22 қарашада болған Житомир маңындағы ауыр ұрыс кезінде лейтенант Суптель ауыр (бесінші рет) жараланды.  Бірнеше ай госпитальде емделгеннен соң 1944 жылы лейтенант Суптель мүгедектігіне байланысты әскер қатарынан босады. Шығыс Қазақстанға оралып Ертіс полиметалл комбинатында, Бұқтырма ГЭС-інің құрлысында жұмыс істеді.  1946 жылдан ВКП(б) мүшесі.  Павлодар облысы Ермак ауданы Калмакан қала типтес кентте тұрды. 1975 жылы 18 қарашада 57 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Сол жерге жерленген. 

Ленин (1943), 1- дәрежелі Отан соғысы (1943) ордендерімен,  көптеген медальдармен марапатталған. Калмакан кентінде Батыр атында көше бар.

И. И. Суптель туралы әдебиеттер

Литература о И. И. Суптеле

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.541 – Т.2

Герои Советского Союза казахстанц : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата :КазОгиз, 1945. – с. 263-264.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен :ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Мақалалар - Статьи

Коровацкая, А. Улица нашего героя: [о Герое Советского Союза И. И. Суптеле] / А. Коровацкая // Огни Прииртышья. - 2009. - 2 окт. - С. 4.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом /Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет –этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай - қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с. 

Смаилова, З Воин - герой / З. Смаилова // Огни Прииртышья. - 2013. - 8ноября., №87. - С. 3. : фот. - (К 70-летию битвы за Днепр).

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Суптель Иван Игнатьевич[Электронный ресурс] : [биография] //Герои страны : сайт. – Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1015 (21.12.2018)

Суптель Иван Игнатьевич [Электронный ресурс] : [биография] //Новосибирская книга памяти : сайт. – Режим доступа : http://www.sibmemorial.ru/node/1276 (21.12.2018)