Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Миллер П.К.

Миллер Петр КлиментьевичМиллер Петр Климентьевич (1910-1987) – Кеңес Одағының Батыры.

465 атқыштар полкі танкке қарсы қарудың командирі (167 атқыштар дивизиясы, 38- армия, Воронеж майданы), аға сержант.

1910 жылы 10 тамыз күні  Украинаның Одесса облысында, Красноокия ауданы Флора селосында туған. 1911 жылы Столыпин реформасының кесірінен  Самара облысына қоныс аударады. 4 кластық білімі бар. 1931 жылдан бастап колхозда жұмыс істеген.

1933 жылы Кеңес əскері қатарына шақырылды. Əскери борышын өтеп келген соң Балқаш мыс қорыту комбинатында жұмыс істеді. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына жіберілді. Ол Дон, Днепр өзендерінен өту, Карпат жеріндегі шайқастарға қатысты. Миллер Петр Климентьевич 465-атқыштар полкінде (Воронеж майданы, 38-армия, 167-атқыштар дивизиясы) танкіге қарсы ататын қарудың расчет командирі болды. Брянск, Воронеж, 1-,4- Украина майданында шайқасқан. Төрт рет жараланған. 1943 жылы Днепрден (Чернигов-Припять операциясы) өту кезінде ерлігімен көзге түскен.

1943 жылы Петр Миллердің взводы басқа бөлімшелермен бірге бес балықшы қайығымен Вышгород селосы  маңында (қазіргі Киев облысы) Днепр өзенінен өтеді. Миллер Петр Климентьевич  жəне пулеметші Ф.Паршин жағалауға жетіп, жаумен айқасқа түсіп, жаудың от шашқан екі нүктесін жояды. Сөйтіп, батальонның қалған бөлімдерінің өткелден аман өтуіне жағдай жасайды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 10 қаңтарда Днепр өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Миллер Петр Климентьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп,  Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. Әскер қатарынан босаған соң Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрып, қорғасын-мырыш комбинатында еңбек еткен. Өскемен қаласының Құрметті азаматы. 1987 жылы 21 қазанда қайтыс болды. Өскемен қаласының бір көшесіне Батырдың аты берілген. П.К. Миллер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған.

П. К. Миллер туралы әдебиеттер
Литература о П. К. Миллере
Кітаптар – Книги


Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы : [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. : [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герой Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей -заповедник. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б. - Пайдаланылған әдебиеттер : 13 б.
Миллер Петр Климентьевич // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 148-149.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск: [б. и.], 2008. - 133 с.

Мақалалар - Статьи

Қасымов, А. Ажалмен арпалыс : Совет Одағының Батыры П.К.Миллер туралы [Мәтін]: Очерк / Қасымов А. // Коммунизм туы. - 1980. - 2 май.

***

Корсунский, В. Час боевой жизни: [О Герое Советского Союза П. К. Миллере] / Корсунский В. - Текст: непосредственный // Знамя коммунизма. - 1961. - 20 июня.
Корсунский, В. Шестьдесят минут: [О Герое Советского Союза П. К. Миллере] / Корсунский В. - Текст: непосредственный // Рудный Алтай. - 1964. - 21 января.
Столбовская, Н. В канун Великой Победы: [О Герое Советского Союза П. К. Миллере] / Н. Столбовская. - Текст: непосредственный // Вестник Казцинка. - 2004. - 23 апр. - С. 4. // Семь дней. - 2004. - 30 апр. - С. 8. //Рудный Алтай. - 2004. - 1 мая. - С. 1.
Васильев, Д. У бывших фронтовиков: [о Героях Советского Союза П. Миллере, Ф. Турове] / Д. Васильев. - Текст: непосредственный // Знамя коммунизма. - 1958. - 9 мая. - С. 2.