Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Молодов Г.А.

molodovgaМолодов Герман Алексеевич (1914-1945) - Кеңес Одағының батыры.

Молодов Герман Алексеевич - 237-ші гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі (76-ші гвардиялық Чернигов Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы, 70-ші армия, 2-ші Белорус майданы), гвардия майоры.

1914 жылы Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан  облысында қызметкердің отбасында дүниеге келген. Ұлты –орыс. 9-шы сыныпты бітірген. 1930 жылы отбасымен Омбы қаласына көшкен. Алдымен электромонтер, соңынан «Глававтотрактордеталь" зауытында жұмыс істеген.

2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы. 1941 жылы  2-Беларусь майданы 70 - армия 76-гвардиялық  атқыштар дивизиясы 237-гвардиялық  атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы кіші лейтенант курсын бітірген. Кейіннен батальон командирі, гвардия майоры.

27 қаңтар күні батальон командирі балықшы қайығымен қатып жатқан Висла өзенінен өтіп, Кранихсфельд (Польша, Кульм қаласының шығысы) елді мекені тұсындағы плацдармды басып алды. Сөйтіп полктың негізгі күштерінің өзеннен өтуне ықпал етті.   Кескілескен қанды шайқасқа, немістердің үздіксіз шабуылына қарамастан олар плацдармды ұстап тұрып, кеңейте алды. Үш күн ішінде жаудың 300 солдаты мен офицерінің көзін құртты. 

1945 жылы  Молодовтың батальоны Висла өзенінен (Польша, Хельм қаласының маңы) өтіп, плацдармды басып алды. Осы жылдың 29 қаңтарында жау қарсы шабуылға шығып, 2-ротаны ығыстырып, өткелді алуға тырысты. Молодовтың  резервтегі взводы өткелді қорғаушыларға ұмтылды. Ол ұрыста ерлікпен қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1945 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен ерлікпен қайтыс болған соң гвардия мойоры Молодов Герман Алексеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

Ленин орденімен,  Қызыл Жұлдыз, 3-ші дәрежелі Суворов және Кутузов медальдарымен марапатталған.

1945 жылы Хелмно қаласында жерленген.  Молодовтың есімі Өскемен, Омбы қалаларындағы көшелерге беріліп, Псков қаласында мемориалдық тақта орнатылған.

КСРО Қорғаныс Министрінің 1965 жылы 8 мамырдағы Бұйрығымен Батырдың есімі 237-гвардиялық парашют-десанттық полктың жеке құрамының тізіміне мәңгілікке енгізілді. 

Г. А. Молодов туралы әдебиет

Литература о Г. А. Молодове

  • Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б. 535.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 183

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы