Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Стрельников Ефим Семенович (1905-1945) – Кеңес Одағының Батыры.
Ефим Стрельников 1905 жылы Харьков облысында дүниеге келген. Әскер қатарына Семей қалалық әскери комисариатынан шақырылған. 1945 жылы 26 қаңтарда Отанды жаудан қорғау үшін майданда қаза тапқан.
1945 жылғы 10 сәуірде СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен атқыштар ротасының командирі, аға лейтенант Е.С. Стрельниковкеқаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ефим Семеновичтің өмірі социалистік Отанның өркендеуімен тығыз байланысты болды. Өзінің еңбек жолын Харьков теміржол желісінде жұмысшы болып бастап, көп ұзамай Днепрогэс құрылысына қатысады. 1934 жылы Ефим Семенович Стрельниковты тәжірибелі құрылысшы ретінде Өзбекстан Шыршық электрохимиялық комбинаты құрылысына жібереді.
Совет адамдарының бейбіт өмірін фашистік Германияның опасыздық шабуылы бұзған кезде Е.С.Стрельников Семейде жұмыс істейтін. Ол 1942 жылдың жазында Қызыл Армия қатарына шақырылып, майданға жіберілді.
Ефим Стрельников еңбекте алдыңғы қатарда болса, майданда да үнемі алда болды.
Туған жерді азат еткен соң, совет жауынгерлері гитлер басқыншыларын Польша жерінде талқандады. Суворов ордені атындағы Қызыл Тулы Рыльско-Коростеньская 112 атқыштар дивизиясы 524 атқыштар полкының командирі, аға лейтенант Стрельников жауға Сандомир плацдармынан соққы жасады. Майдан әскерінің алдына қойылған тапсырманы орындай отырып, Стрельников ротасы жау позициясын шабуылдады. Совет жауынгерлері жау траншеясына басып кіріп, бетпе-бет ұрыста көптеген неміс солдатының көзін жойды. Гитлершілер қосымша күш тартып, қарсы шабуылға шықты.
Рота командирі Стрельников жауға шабуылды олардан бұрын жасап, қатты тойтарыс беру керек деген шешімге келді. Рота жауынгерлері серпінді шабуылмен жаудың бетін қайтарып, жауды 20 шақырымға дейін шегіндірді.
1945 жылы 21 қаңтарда біздің әскер Одер өзені шебінде жаудың қатты қарсылығына ұшырады. Қиян-кескі шайқаста лейтенант Стрельников бастаған рота 100 гитлершіні, 7 ірі калибрлі пулеметті тобымен бірге жойып, тұтқындар мен жаудың әскери техникасын қолға түсірді.
Одер өзенінің батыс жағалауындағы Ламперсдорф елді мекені үшін ұрыста аға лейтенант Е.С.Стрельников өз ротасы шабуылға бастап, елді мекенді басып алды. Батыл командир әскери бұйрықты орындау кезінде ерлікпен қаза тапты.
1945 жылы 10 сәуірде неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін аға лейтенант Стрельников Ефим Семеновичке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Литература о Стрельникове Е. С.
Е. С. Стрельников туралы әдебиеттер
Герои Советского Союза — казахстанцы. Кн.2. — Алма-Ата, 1968. — С.255-256
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д.Н.Артамонов и др.; ред. И.Н.Шкадов. Т.2. — М.: Воениздат, 1984. — С.627
Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей. — 2015. — 7 апреля. — С.5
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Стрельников Е. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=16438
Легенды Казахстана – Ефим Семенович Стрельников [Электронный ресурс] : [биография] // КСОРС РК : сайт. – Режим доступа: https://ksors.kz/2019/05/02/legendy-kazaxstana-efim-semyonovich-strelnikov/