Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Павлов Борис Тимофеевич (1919-2002) - Кеңес Одағының Батыры.
Солтүстік флот торпеда катерлері бригадасының 2-дивизия торпеда катерлері звеносының командирі, аға лейтенант.
1919 жылы 28 шілдеде Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) қызметкер отбасында дүниеге келген. Отбасы 1929 жылдан Красный Яр және Корестенев дәнді дақыл совхозында, 1932 жылдан – Ленинградта тұрды. Ленинградта орта мектепті бітірді.
Борис Павлов 1938 жылдан Әскери-Теңіз флотында қызмет етті. Алдымен Г.К. Орджоникидзе (Ленинград қаласы) атындағы Әскери-теңіз байланыс училищесіне алынды, ол тарағаннан кейін Жоғары әскери-теңіз училищесіне (Ленинград) ауысып, оны 1942 жылы аяқтады.
1942 жылдың мамыр айында Ұлы Отан соғысына аттанды. Солтүстік флотта жаумен шайқасты. Сүңгуір қайықтар бригадасының байланыс офицері, флоттың басты базасының су аймағын күзететін «малый охотник» катері командирінің көмекшісі, 1943 жылдан – ТКА -50 «Борис Сафонов» торпедолық катерінің командирі. 1944 жылдың көктемінен ТКА -218 торпедолық катер командирі. 1944 жылдан КПСС мүшесі.
Аға лейтенант Б.Т. Павлов 1944 жылдың қыркүйек айында жаудың 2 жүк тасымал көлігі мен күзет кораблін суға жіберіп, жау көліктері мен өздігінен жүретін екі баржасын суға батырды. Жеті бірдей мина бөгеттерін қойды,1944 жылы 13 қазанда Лиинахамари айлағында десант түсіріп, асқан ерлікпен катерлерді бұзып өтуге қатысқан.
1944 жылғы 5 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін, аға лейтенант Павлов Борис Тимофеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
1945 жылы 24 маусымда Москвада Жеңіс Парадына қатысқан.
Соғыстан кейін Әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1945 жылдан Солтүстік флотта қызмет етіп, 1951-1952 жылдары – Қытай Халық Республикасында әскери-теңіз кеңесшісі қызметін атқарды. 1957 жылы Әскери-теңіз академиясын бітірді. 1958 жылдың ақпан айынан – Солтүстік флоттың матрос және старшина құрамын әзірлеу штабы бөлімінің бастығы. 1968 жылдан – М.В.Фрунзе атындағы Жоғары әскери-теңіз училищесінің (Ленинград) оқытушысы болды. 1974 жылдан 1-рангті капитан Б.Т.Павлов – запаста.
Батыр Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) тұрып, 2002 жылы 5 қарашада қайтыс болды. Санкт-Петербургтің Серафимовск зиратына жерленген.
Б:Т. Павлов - 1-го рангалы капитан, «Ленин» (5.11.1944), үш мәрте «Қызыл Жұлдыз» (13.04.1944, 30.04.1944, 27.07.1944), «1-дәрежелі Отан соғысы» (11.03.1985) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Вологод облысы Белозерск қаласындағы №1 мектептің пионер дружинасына Кеңес Одағының Батыры Борис Тимофеевич Павловтың есімі берілген.
Павлов Б. Т. туралы әдебиет
Литература о Павлове Б.Т.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.611.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.199.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Павлов Борис Тимофеевич. [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1427 (08.12.2018)
Павлов Борис Тимофеевич. [Электронный ресурс] : [биография] // Документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза : сайт. – Режим доступа :http://www.podvignaroda.ru/?#id=50627567&tab=navDetailManAward (08.12.2018)