Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Плешков Петр Антонович (1904-1961) - Кеңес Одағының Батыры.
Петр Антонович Плешков – Дала майданы 7-гвардиялық армияның 78-гвардиялық атқыштар дивизиясының 255-гвардиялық атқыштар полкының командирі, гвардия майоры
1904 жылы 9 (22 тамызда) Киров облысы Шабалин ауданы Склягино (қазір жоқ) селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Орыс. Әкесі Порт-Артурды қорғауда қаза тапқан, ол жастайынан әкесіз өсті. Черновское селосында 7 сыныпты бітірген. Іс жүргізуші, хатшы, Котельничи уезі Черновск болысының уәкілі қызметін атқарған. Кейіннен белсенді комсомол қалалық тұтыну қоғамын басқаруға жіберілді.
1936-1937 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери міндетін өтеп, жаяу әскер мектебін бітірді. Әскерден келген соң Новосибирск қаласындағы тұтыну кооперациясы жұмысшылары курсын аяқтады. Амурдағы-Комсомольск қаласы құрылысына қатысқан. Могоча (Забайкалье өлкесі) поселкесінде «Верхамурпродснаб» базасында тауартанушы жұмысын атқарды.
1941 жылы шілде айында Чита облысы Могочин аудандық әскери комитеті қайтадан әскер қатарына шақырады. 1942 жылдан ВКП(б)/ КПСС мүшесі.
Жауынгерлік жолы Қиыр Шығыста жасақталған 204-атқыштар дивизиясы құрамында өтті, кейін ол 1943 жылы 78-гвардиялық болып өзгерді. 706 - атқыштар полкының әскери құрамында жауынгерлік жолын бастап, Оңтүстік-Батыс, кейін Сталинград майданында шайқасты. 1942 жылдың күзіне таман аға лейтенант Плешков взвод командирінен полк штабы басшысына дейінгі жолдан өтті. Өз взводымен бірнеше сәтті барлауға қатысты. 2 қазан күні қатардан шыққан полк штабын ауыстырып, алға қойылған міндеттерді табыспен орындады. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1943 жылы қаңтар айындағы екпінді шабуылдарды сәтті ұйымдастырып, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.
Кейін Курск иініндегі әскери ұрыстарға қатысып, жарақат алады және үшінші Қызыл Ту орденімен марапатталады. 1943 жылдың тамызынан – 225 - гвардиялық атқыштар полкының командирі. 1943 жылы күзде Днепр өзенінен өтуде ерекше көзге түскен.
1943 жылы 23 қыркүйекте гвардия майоры Плешковтың полкы жаумен шайқаса отырып, Украинаның Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданының Домоткань селосы маңында Днепр өзенінің сол жағалауына өтеді. 25 қыркүйек күні түнде полк командирі өзеннің оң жағалауына өтуді ұйымдастырады. Өзі алдыңғы отрядпен өтіп жаумен ұрысқа кіреді. П.А.Плешков басшылығындағы 225-гвардиялық атқыштар полкы үш тәулік бойы жауға тойтарыс беріп, плацдармды екі километрге дейін кеңейтті. Өз іс-әрекеті арқылы басқа бөлімшелердің сол жағалауға өтуіне көмек беріп, жауға қарсы шабуылды үдете түсті.
1943 жылғы 26 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Днепрден өтуді табысты ұйымдастырып, Днепр өзенінің батыс жағалауын бекіту мен кеңейтуде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардия майоры Плешков Петр Антоновичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
Польшаны және Германия жерін азат етуде полкқа сәтті қолбасшылық жасағаны үшін гвардия полковнигі Плешков екі әскери орденмен марапатталды. 1946 жылдан – запаста.
Алтайда «Золотопродснаб» басшысы, ет-консерві комбинатының бөлім басшысы, Семей қаласындағы (қазір Семей қ. Шығыс Қазақстан облысы) «Маслопром» тресінің бастығы қызметтерін атқарды. 1961 жылы 1 ақпанда қайтыс болды.
Ленин ордені (26.10.1943), екі Қызыл Жұлдыз ордені (20.09.1943 09.06.1945), Александр Невский ордені (18?09.1944), 1-дәрежелі Отан соғысы (09.02.1943), Қызыл Жұлдыз ордендерімен (11.11.1942), медальдармен марапатталған.
П. А. Плешков туралы әдебиет
Литература о Плешкове П. А.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. –с.115.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Плешков Петр Анатольевич [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская Областная универсальная библиотека имени Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10309&lang=ru (13.12.2018)
Плешков Петр Анатольевич. [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : https://peoplelife.ru/228049 (13.12.2018)
Плешков Петр Антонович [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=7441 (13.12.2018)
Плешков Петр Антонович [Электронный ресурс] : [Документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза] : сайт. – Режим доступа : http://www.podvignaroda.ru/?#id=12059054&tab=navDetailManAward (13.12.2018)