Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Рощин Лев Михайлович (1922-1958) - Кеңес Одағының Батыры.
190-шабуылдаушы авиациялық полк эскадрильясының командирі (214-шабуылдаушы авиациялық дивизия, 15-әуе армиясы, Прибалтика майданы), аға лейтенант.
1922 жылы 30 қыркүйекте Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) қызметкер отбасында дүниеге келген. Кейін отбасы Риддер қаласына көшіп келді (1941 жылдан -2002 жылға дейін)– Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласы), 1942 жылдан ВКП (б)/КПСС мүшесі. №11 Риддер орта мектебінің 8 сыныбын бітірген, ФЗУ мектебі мен аэроклубта оқыған.
1940 жылдан Қызыл Армия қатарында болды. 1941 жылы Томск ұшқыштар әзірлейтін әскери-авиация мектебін бітірді. Невинномысс әскери-авиация мектебінде нұсқаушы-ұшқыш қызметін атқарды. Кавказ, Қырым, Прибалтиканы азат ету ұрыстарына қатысқан.
1944 жылы 5 мамырда Лев Рощин Севастополь аймағына екі рет ұшып, жаудың екі зенит ошағын , жаяу әскері жиналған екі блиндажды, сондай-ақ көптеген әскери техниканы жойды; 6 мамыр күні ИЛ-2 тобы Лев Рощиннің жетекшілігімен Херсонес мүйісіндегі жау аэродромына шабуыл жасап, жаудың жердегі үш самолетін жойды.
7 мамырда шабуыл қайталанды. Фашистің екі самолеті жойылып, жанар-жағармай қоймалары өртелді. Әскери тапсырмадан қайтар жолда ИЛ-2 тобын неміс истребительдері шабуылдады. Рощин әскери шабуыл барысында фашист ұшқыштарының бірде-бір самолетті атуына жол бермеді. Фашистер жетекші топқа үш рет шабуыл жасағанымен, сәтсіз болды. Үшінші шабуыл кезінде аға лейтенант Рощин фашист истребителін атып түсірді.
190-шабуылдаушы авиаполк эскадрилінің командирі (214- шабуылдаушы авиациялық дивизия, 15-әуе армиясы, 2-Прибалтика майданы), аға лейтенант Рощин 1944 жылдың тамызы ортасында жау тұрағы мен әскери нысандарына 470 әуе шабуылын жасады.
Ол осы кезеңде жаудың 31 танкісі мен 137 автокөлігін, 59 дала зеңбірегін, 43 зенит көздерін, 29 дзот, 3 паровоз және 37 теміржол вагонын, жерде жаудың мыңнан аса солдаты мен офицерін, 13 самолетін жойды, әуе ұрысы кезінде жаудың бір самолетін атып түсірді.
1944 жылғы 26 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін аға лейтенант Рощин Лев Михайловичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
Соғыс жылдары Лев Рощин 565 әскери әуе шабуылын жасады.
Соғыстан кейін әскери-әуе күштері қатарында қызмет етті. 1951 жылы командалық құрамның Жоғары ұшу-тактикалық Курсынан өтті, авиациялық полкті басқарды.
Ленин ордені, төрт Қызыл Жұлдыз ордені, екі Александр Невски ордені, 2-дәрежелі Отан соғысы ордені, үш Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды.
1958 жылы 20 ақпанда полковник Л.М.Рощин Минскі түбінде жаңа реактивті самолетті сынақтан өткізу кезінде қаза тапты. Пятигорск қаласындағы әскери зиратта жерленген.
Туып өскен қаласының бір көшесі Батыр есімімен аталады. 1965 жылы 7 мамырда Жеңістің 20-жылдығында Риддер қаласының №11 мектебіне Кеңес Одағының Батыры Лев Михайлович Рощин есімі берілді.
Л. М. Рощин туралы әдебиет
Литература о Рощине Л. М.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.638.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.209.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Биографии героев и писателей СССР- http://pavelskaz.ru/146.html