Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Синицын Даниил Михайлович (1912-1975) - Кеңес Одағының Батыры.
Даниил Михайлович Синицын – 47- армия (1-Белорус майданы), 143 атқыштар дивизиясы, 487 – Қызылтулы атқыштар полкы, 3 - атқыштар батальонының командирі, майор.
Калуга облысы Перемышль ауданы Ермашовка деревнясында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Соңынан түрлі жұмыстар атқарған.
1939 жылдан ВКП(б)/КПСС мүшесі. 1942 жылы маусымда әрекеттегі армия қатарына шақырылды. 1943 жылы Тамбов әскери-саяси училищесін бітірді.
Польша (Висло-Одер стратегиялық шабуылы. 1945 ж.). 1945 жылы 15 қаңтарда жаудың мықты бекінісі болған Ольшевница (Легьоново қ. солтүстік - батысы, Польша) елді мекенін азат етуде батальонға басшылық жасап, Висла өзенінен өтті, негізгі күшті өткізу үшін шеңберлі қорғанысты ұйымдастырды. Сонысымен дивизия бөлімшелерінің Висладан өтіп, Модлин бекінісін алуына ықпалын тигізді.
1953 жылдан бері запаста. Семей қаласында тұрды (қазір Семей қ. Шығыс Қазақстан облысы). Кәсіподақ жұмысшыларының курсын бітірген. Семей қалалық кеңесі бастығының орынбасары болып сайланды. Соңынан инженерлік қызмет атқарды.
1945 жылы 27 ақпанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Синицын Даниил Михайлович Ленин ордені, екі Қызыл Жұлдыз ордені, Александр Невски орденімен, медальдармен марапатталды.
1975 жылы 5 мамырда қайтыс болды. Семей қаласында жерленген.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: