Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Соломатин Александр Иванович (1922-1945), Кеңес Одағының Батыры.
Александр Иванович Соломатин – 1- Украина майданы 4-танк армиясының , 6-гвардиялық механикаландырылған корпусы, Қызылтулы Суворов орденді механикаландырылған 17-гвардиялық механикаландырылған атқыштар полкының командирі, гвардия аға лейтенанты.
1922 жылы 29 тамызда Семей қаласында (қазір Семей қ. Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. Ташкентте тұрып, оқыған (Өзбекстан). 10 сынып бітірген.
1941 жылы Ташкент қаласының аудандық әскери комитеті Қызыл Армия қатарына шақырған. 1941 жылы Ленин атындағы Ташкент Қызылтулы жаяу әскер училищесінің жедел дайындық курсынан өтеді.
1941 жылдың қыркүйек айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы К.Е.Ворошилов атындағы Рязань жаяу әскер училищесін аяқтады. 1944 жылдан ВКП(б) мүшесі.
Польшаны азат етуде (Висла-Одер стратегиялық шабуылы. Сандомир-Силезия шабуылы. 1945 ж.) ерекше көзге түсті. 17-гвардиялық механикаландырылған бригаданың атқыштар ротасының командирі (6- гвардиялық механикаландырылған корпус, 4-танк армиясы, 1-Украина майданы), гвардия аға лейтенанты Александр Соломатин алдыңғылар қатарында 1945 жылдың 25 қаңтары түнінде жау оғының астында Кебен (Хобеня, Польша) қаласы жанындағы Одер өзенінен өтті. Рота қарсы беттегі плацдармды басып алып, 17-гвардиялық механикаландырылған Қызылтулы Суворов орденді бригаданың негізгі күші келгенше ұстап тұрды.
Осы ұрыста десантниктер жаудың шамамен 60 солдаты мен офицерлерін жойып, 20 тұтқын мен 16 қол пулеметін қолға түсірді.
Келесі күні, 1945 жылы 26 қаңтарда, рота гвардия аға лейтенанты Александр Соломатиннің қолбасшылығымен жаудың сегіз контршабуылына тойтарыс берді.
1945 жылғы 10 сәуірде СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардия аға лейтенанты Соломатин Александр Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Бірақ А.И.Соломатин Отанымыздың жоғары наградалары: Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалін өз қолымен ала алмады. Батыр 1945 жылы 18 наурызда қаза тапты. Польшаның Ныса қаласының солтүстік-батысына қарай, Радзиковице деревнясында жерленген.
Ленин ордені, 1-дәрежелі Отан соғысының екі ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, медальдармен , соның ішінде «За отвагу» медалімен марапатталған.
Ташкент қаласындағы Батыр оқыған №89 орта мектепке ескерткіш орнатылған. 1950 ж.басынан 2000 ж. ортасына дейін Ташкенттегі бір көше А.И.Соломатин есімімен аталып келді (қазір академик С.Мирахмедов көшесі).
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: