Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Бочарников Петр Степанович (1907-1944) – Кеңес Одағының Батыры.
Кіші лейтенант, 3-ші Украина майданының 57-ші армиясының 52-ші атқыштар дивизиясының 429-атқыштар полкі взводының командирі.
1907 жылы Ермачиха ауылында (қазіргі - Алтай өлкесі Мамонтов ауданы) қарапайым шаруа отбасында туған.
Мектептің төрт сыныбын бітіргеннен кейін, жалданып жұмыс істейді. 1930 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласында (қазіргі Алтай қаласы) тұрып, кеніште жұмыс істейді. 1940 жылы БКП(б) құрамына кіреді. 1943 жылы ақпанда Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскеріне шақырылады. Андижандағы жаяу әскер училищесін бітіреді. 1943 жылдың қазан айынан бастап – Ұлы Отан соғысы майдандарында. 1944 жылдың сәуіріне қарай кіші лейтенант Петр Бочарников 3-ші Украина майданының 57-ші армиясының 52-ші атқыштар дивизиясының 429-атқыштар полкінің взводын басқарады. Днестрді алу кезінде ерекшеленеді.
1944 жылдың 12-13 сәуіріне қараған түні Бочарников Днестр арқылы Молдова КСР Григориополь ауданы Бычок ауылының маңынан басып өтеді. Новоаннен ауданының Гура-Быкулуй ауылының оңтүстік-шығыс шетінде кеңестік бөлімшелердің алға жылжуына екі пулемет кедергі бола бастағанда, Бочарников пулеметшілер оқ жаудырған сарайға кіріп, жаудың 7 сарбазын жойып жібереді, бұл оның сәтті алға жылжуын қамтамасыз етті. 1944 жылы 14 сәуірде шайқаста П. С. Бочарников қаза ерлікпен қаза тапты. Гура-Быкулуй ауылының шетінде жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен кіші лейтенант Петр Бочарниковқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сондай-ақ, ол Ленин орденімен марапатталған.
Бочарниковтың құрметіне Зырян қаласында (қазіргі Алтай қ.) көше аталды.
П. С. Бочарников туралы әдебиеттер
Литература о П. С. Бочарникове
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.281.
***
Зыряновск [Текст]. - Алма-Ата : Казахстан, 1991. - 192 с.
Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.
Интернет-ресурстар
Интернет ресурсы
МБОУ "Мамонтовская средняя общеобразовательная школа" Мамонтовского района Алтайского края