Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Будник Гавриил Дмитриевич (1924-2001) - Кеңес Одағының Батыры.
Гавриил Дмитриевич Будник Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданының, Георгиевка ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Ұлты –украин. Білімі -аяқталмаған орта.
Ресей, Мәскеу облысы Лобня қаласы - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер. Соғысқа дейін Алматы облысы Ақсу ауданындағы ұжымшардың трактор бригадасында жұмыс істеді.
Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы Қапал аудандық әскери комиссариатымен шақырылған. 1943 жылдың наурызынан Орталық майдан 13-армия 8-атқыштар дивизиясы 151-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Днепр өзенінен өту кезінде үлкен ерлік көрсеткен. 1943 жылы 24 қыркүйекке қараған түні бір топ жауынгер Киев облысы Чернобыл ауданы Карпиловка селосы тұсындағы Припять өзенінің батыс жағалауын барлауға жіберіледі. Жауынгерлер мінген қайықты немістер байқап қойып, артиллериядан оқ жаудырып, суға батырып жібереді. Жауынгерлер түгелдей қаза табады. Ал қызыләскер Будник контузия алып, жарылыстан суға лақтырылады. Қайықтың сынығына жармасып арғы жағаға жүзіп шығады. Оның шығыс жағалауға жүзіп шығуына да болатын еді, онда командир бұйрығы орындалмайды. Сондықтан Будник жау орналасқан жағалауға бет алады. Қараңғыда жағаға шығып, орын теуіп, қалтарысқа тығылады. Қыркүйектің мұздай суық суынан шыққаннан күні бойы қалың жаңбыр астында аш күйінде жауды бақылауға алады. Жау позицияларының орналасқан жерін байқайды. Қараңғы түсісімен 25 қыркүйекке қараған түні байқатпай кері жағаға шығып, өз әскеріне қосылады. Барлаушының әкелген баға жетпес мәліметтері Припять өзенінен өту үшін аса маңызды еді. Ол туралы жедел корпус командирі И.И. Людниковқа баяндалады. Өзеннен өту кезінде Будниктің әкелген мәліметі бойынша қимылдар жасалып, талай жауынгердің өмірі сақталды. Неміс басқыншыларымен күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1943 жылы 16 қазанда қызыләскер Будник Гаврил Дмитриевичке КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ пен балға» алтын медалі қоса тапсырылды.
1945 жылы әскер қатарынан босаған соң, Киев авиациялық училищесіне оқуға түсті. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ КСР-інің ІІМ жұмыс істеді (Ақтөбе қаласы).
Аса маңызды әскери нысандарды, арнайы жүктерді (атом саласының нысандарын) күзететін әскери бөлімшеде істейді. 1972 жылдан запаста. 1973 жылдан Мәскеу облысы Лобня қаласында тұрған. Шереметьево аэропортында әуе қозғалыстарын басқаратын жүйеде оператор болып істеген.
2001 жыл 14 тамызда қайтыс болған. Лобня қаласындағы Киово зиратына жерленген. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Лобня қаласының Құрметті азаматы. Лобня қаласындағы № 8 орта мектепке Кеңес Одағының Батыры Г. Д. Будниктің аты берілген. Г.Д. Будник тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған.
Г. Д. Будник туралы әдебиеттер
Литература о Г. Д. Будник
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.19.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
***
Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Будник Гавриил Дмитриевич [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13922 (23.01.2019)
Легенды Казахстана — Будник Гавриил Дмитриевич [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : https://ksors.kz/2018/08/22/%D0%BB%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%8B-%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0-%D0%B3%D0%B0%D0%B2%D1%80%D0%B8%D0%B8%D0%BB-%D0%B4%D0%BC%D0%B8%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%B5%D0%B2/ (23.01.2019)