Известные имена

Крахмалев П.А.

krahmalevКрахмалев Петр Афанасьевич (1919-1976) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Петр Крахмалев 1919 жылы 25 желтоқсанда  Семей облысы Жарма ауданыныңМихайловка селосында дүниеге келген. Қызыл Армияқатарына 1939 жылдың қазан айында шақырылған.

1939-1940 жылдарда совет-фин соғысына қатыскан. 1941 жылдың маусым айынан ¥лы Отан соғысына қатыскан. 331-ші гвардиялык артиллерия полкінде (128-ші таулы-атқыштар дивизиясы, Дербес-Приморья армиясы) батерея командирі болды. Гвардия сержанты Крахмалев 1944 жылдың 10 сәуірінде Керчь каласының (Қырым, Украина) түбінде жау қорғанысын бұзған кезде расчетімен танкке карсы қолданатын қаруды, қаружарақ тиеген үш автомашинаны, екі миномет машинасы мен төрт пулемет нүктесін қүртты. Сөйтіп, жаяу әскердің Ақмонай бағытында шабуылға шығуына жол ашты.

1944 жылы 16 мамырда ІІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Шабуыл кезінде Крахмалев өз расчетімен бірге атқыштар болімшесін алып жүрді. 1944 жылдың 21-30 қазан аралығында Каленов (Словакия) елді мекені аумағында екі пулеметті жойып, взводқа жуық гитлершілерді дүниеге аттандырды. Цироха өзені бойындағы Старина (Воля Михова темір жол станциясынан 21 шақырым, Словакия) елді мекені үшін болған ұрыста төрт көлік пен блиндажды жайратып, жаяу әскермен байланысты үзді.

1944    жылы 20 желтоқсанда ІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылдың 30 сәуірінен 1 мамырда аралығында Моравска-Острава (Чехия) каласы үшін болған шайқаста Крахмалев өз расчетімен үш пулемет пен екі минометті жойды. 1945 жылдың 9 мамырында жаудың жаяу әскері шоғырланған жерге ок жаудырып, көптеген солдат пен офицерлерді жер жастандырды.

1945    жылы 15 мамырда 1- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылдың караша айында әскер қатарынан босады. Талдыкорған облысының Айнабұлақ станциясында тұрды. 1976 жылы 3 тамызда  кайтыс болды.

Әдебиеттер:

  • Белан П. С, Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. — Алма-Ата, 1974.
  • Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.
  • Подвиги героев бессмертны. - Псков, 2005.
  • Полные кавалеры ордена Славы. Биографический словарь. Т.1. - М., 2010.
  • Рұхы күштілер/Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

Интернет-ресурстар: