Сержпинский Владимир Валерьянович (1919-1945) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.
Владимир Сержпинский 1919 жылы Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Семей облысыньщ Үржар ауданында тұрған.
1941 жылдың казан айында Ү ржар аудандык әскерикомиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1944жылы кезекті жарақатынан жазылып шыққаннан кейін92-ші гвардиялык атқыштар дивизиясының 90-шы дербес барлау ротасына түседі. 1944 жылдың үшінші шілдесіне қараган түнде Полоцк (Витебск облысы, Белоруссия) қаласының түбінде гвардия сержанты Сержпинский өз бөлімшесімен бір топ мотоциклші-автоматшыларды өлтіріп, біреуін тұтқынға алған.
1944 жылы 23 шілдеде ІІІ-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№102216).
1944 жылдың бесінші тамызында Бикшиан елді мекенінде (Литва) Сержпинский жаудың атыс нүктесіне барлау жасағанда он бес гитлершіні өлтіріп, үшеуін тұтқынға алған.
1944 жылдың 5 тамызында Бикшиан елді мекенінде (Литва, Биржай қаласының батыс жағы, 2,5 км) гвардия сержанты Сержпинский жаудың орналасқан бекіністерін барлап, 3 немісті тұтқынға алып, 15 фашисті жер жастандырды.
1944 жылы 11 қыркүйек ІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№7509).
1944 жылдың 31 тамызында Цбелены (Биржай қаласынан 20 шақырым солт.батысқа, Литва) елді мекенінің маңында гвардия сержанты Сержпинский бір топ барлаушылармен жау тылындағы селоға басып кірді. Топтың жылдамдығы соншалықты немістер ес жиып, оқ атып үлгермеді. Осы ұрыста 30 фашистің көзі жойылып, 3 пулемет ошағының үнін өшірді. Бір унтер-офицер тұтқынға алынды. Топтан шығын шыққан жоқ. Барлаушылар взводын епті басқарып, батылдық көрсеткені үшін ленин орденімен марапаттауға ұсынылды. Бірақ дивизия командирі марапаттың статусын І-дәрежелі Даңқ орденіне ауыстырды. Орден келгенше ұрыс жалғаса берді. Жоғары марапат туралы взвод командирі сержант Сержпинский ештеңе білмеген қалпы 1945 жылдың 18 қаңтары күні ерлікпен қаза тапты. Клайпеда (Литва) қаласындағы әскери зиратқа жерленген.
1945 жылы 24 наурыз күні І-дәрежелі Даңқ орденімен (қаза тапқан соң) марапатталды.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: