Крыгин Василий Семенович (1923 - 2008) - Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі.
1923 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Рубановка ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың басында әскер қатарына шақырылып, Тамбов әскери жаяу әскер училищесіне курсант болып оқуға түседі. Кейін Волхов майданына жіберіледі. 1942 жылы 26 қыркүйекте басынан ауыр жараланған. Соқыр және мүлде дәрменсіз болған оны Синявинский батпақтарынан солдаттар алып шығады. Ол ұзақ уақыт емделеді.
1945 жылы желтоқсанда мұғалім болды. 1947 жылдан 1986 жылға дейін мектеп директоры, Шығыс Қазақстан облыстық білім беру бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істейді.
1950 жылдары балалар толық мемлекеттік интернатта болатын жаңа типтегі мектептер құрыла бастады. Қазақстанның шығыс аймағында мұндай мекеме Василий Семенович Крыгин басқарған Согрин мектеп-интернаты болса, ол төрт жылдан кейін республикадағы ең үздік мекемеге айналды.
Содан 1965 жылы облыс орталығында жаңадан №1 мектеп ашылып, оның директоры В. Крыгинге жүктелді. Уақыт өте келе бұл мектеп ұжымы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Василий Семенович Крыгин – Ұлы Отан соғысының ардагері. Майдандағы барлық сынақтардан өтіп, ауыр жарамен оралған ол өз өмірін жас ұрпақ тәрбиелеумен байланыстырды. Қазақ КСР оқу ісінің үздігі, республикалық маңызы бар жеке зейнеткер.
Зейнеткер ретінде ол «Өмір және тәжірибе туралы» кітабын жазып, басып шығарды.
1985-1987 жж. Өскемен қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы болып сайланды. Соғыс мүгедегі. Ғылыми еңбектері, ондаған куәліктері, белгілері, сондай-ақ «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағы бар. КСРО мен Қазақстанның 18 үкіметтік наградалары, оның ішінде І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Октябрь революциясы және «Құрмет белгісі» ордендері бар.
2008 жылы Қазақстан Республикасы күні қарсаңында көрнекті жерлесіміз тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.
Әдебиет:
Крыгин Василий Семенович. О прожитом и пережитом [Текст]: автобиографические записки / В. С. Крыгин. - Доп. изд. - Усть-Каменогорск : Полиграфия, 1998. - 344 с. - (в пер.)
Крыгин В. С.: [Электронный ресурс]. – Режим доступа