Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Құтжанов Т.

Құтжанов Тәшпық – педагог, ағартушы, әскери қызметкер, қоғам қайраткеріҚұтжанов Тәшпық (1904-1952) – педагог, ағартушы, әскери қызметкер, қоғам қайраткері.

1904 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.

Семейде білім алып, 1922 ж. Ши өңірінде өз қаржысына жатақханасы, асханасы бар төрт кластық мектеп ашады. 1925-1928 жж. Ташкентте ортазиялық университетте білім алып, кейін, елде мұғалімдік қызметін жалғастырады.  Соңынан әскери міндетін өтеуге аттанады. Т. Құтжанов қазақ зиялылары М. О. Әуезов, Қ. Сәтпаев, С. Аманжолов, С. Кеңесбаев, Е. Исмаиловтармен жақын араласады.  

1930 жж. басында Фрунзе қ. (қазір Бішкек) Қырғыз атты әскер полкында офицерлік қызметте болады. Кейін отбасымен Түркіменияның Керкі қ. Түркістан жаяу әскер-артиллерия полкына ауыстырылады. 1930 жж. Қызыл Армия қатарында қызмет еткен жылдары бірнеше мыңдаған адамды  аштықтан аман алып қалған. 

Көкірек ауруымен науқастанып, Қырымда емделген.  Ұзаққа созылған науқасына байланысты әскери қызметтен босап, Алматыға қоныс аударады. Мұнда 1938-1941 жж. Осоавиахим (қорғаныс, авиация және химия құрлысына жәрдем қоғамы) басшысының орынбасары болады. 1941-1945 жылдары Осоавиахим бас өндірістік қамсыздандыру бөлімінің орынбасары және бастығы қызметін атқарған Т. Құтжанов Ұлы Отан соғысының І-ші  дәрежелі  орденін алған.

Т. Құтжанов  1941-1946 жж. Ұлы Отан соғысында шешуші рөл атқарған 753998 әскери маман даярлаған.

Соғыс жылдары Т. Құтжанов басшылығымен 1505500 сомның әскери жабдығын жасады. Соның ішінде 572820 дана әуе күштерінен және химиялық қарудан қорғануға үйрететін әдебиеттер, гранаталар және тағы да басқа құрал-жабдықтар.

1952 ж. 31 қазанда қайтыс болды.

Семей қаласы  және Абай ауданының Қарауыл ауылындағы бір көше Т. Құтжанов есімімен аталады.

 

 

Т. Құтжанов туралы  әдебиеттер

Литература о Кутжанове Т.

 

Ахметбекова, А. Аштықта қандастарына қарайласқан [Мәтін] / А. Ахметбекова // Семей таңы. - 2004. - № 13.- Б. 5.

Қаба, Ә. Ары - адалдық айнасы немесе Әуезов бас иген адам [Мәтін] / Ә. Қаба // Ертіс өңірі. - 2004. - 29 қаңтар. - Б. 25.

Оразбекова, Ф. След на Абайской земле [Текст] / Ф. Оразбекова // Абай. – 2004. – № 4. – С. 87-89.