Абдулдина Айгүл Қапиратқызы (1956) - білім беру ісінің құрметті қызметкері, орденді ұстаз.
1956 жылы 1қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Пугачево ауылында туған.
1971 жылы Катонқарағай ауданындағы Қайыңды ауылында сегіз жылдық мектепті бітіріп, сол жылы Өскемен педагогикалық колледжіне түсті. Арнаулы білімнен соң, Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.
Әр жылдары Катонқарағай ауданында мұғалім қызметін атқарды, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі.
1978-1981 жылдары Алматы қаласы, Ленин аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1987-1991 жылдары аудандық партия үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Кез-келген педагогикалық үрдісте, балалардың дарынын ашуда, оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты шешуде қарымы мол, ізденімпаз жастарды қызметке тартып, жоғары санатты, тәжірибелі мамандармен ұжымды қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды.
Абдулдина Айгүл Қапиратқызы 2003 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқарып келеді.
Білікті де білгір басшы нәтижелі қызметі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» (2015) мерекелік медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
А.Қ. Абдулдинаның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве А.Қ. Абдолдина
Жасұлан, Б. Білікті ұстаздары көп білім ордасы [Мәтін] / Б. Жасұлан // Айқын . - 2015. - 7 мамыр . - Б. 31