Известные имена

Бітібаева Қ.

Бітібаева Қанипа ОмарғалиқызыБітібаева Қанипа Омарғалиқызы (1945 - 2014) - Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, профессор
1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген. Жаңашыл ұстаз, профессор.
1968 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері.
1968-1980 жылға дейін Ласты ауылында мұғалім болды. 1980 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернатында ұстаздық қызметі жалғасады. Осы кезеңдерде еліміздегі ұстазға берілетін атақ, дәреже мен құрметтің  барлығын алды. Ұстаздардың ұстазы, халық мұғалімі аталды. Авторлық мектептің жетекшісіне айналды. Қ. Бітібаеваның есімі, атағы Республика жұртшылығынан асып, ТМД елдеріне дейін жайылды.
1980 жылы Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қалыптасқан тәжірибесінен Оқу министірлігі, Шығыс Қазақстан облыстық оқу бөлімі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен арнайы бет плакат шығарылып, аудан мектептеріне таратылды. Оқу министірлігі мен орталық білімін жетілдіру институтының негізінде республика теледидарының «Шапағат» хабарында «Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» атты хабар беріліп, іс-тәжірибесі талқыланды. 1983 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі мен республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институты тарапынан оның «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді жолдары» атты тақырыппен тәжірибесі арнайы бет плакат арқылы шығарылып, республика ұстаздарына таратылды. «Әуезов шығармашылығын оқытудың өзекті мәсәлелері» атты тәжірибесі сараланды. Осы уақыттардан бастап Қанипа Омарғалиқызының Мұхтар Әуезов шығармаларын, Абай ілімін оқытудағы өзіндік жолы, шығармашылығы қалыптаса бастады.
Көлемді де құнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандары арасында қолданылып келе жатқан 15 монографиялық еңбек туды. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М. Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту», «М. Әуезов мектепте», «Әуезовті оқыту әдістемесі» шығармалары республика мұғалімдер қауымынан қызу қолдау тапқан.
Сонымен қатар 6 оқу курсының авторы болып табылады. Олардың қатарында «Абай мектепте», «10-11 сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту», «М. Әуезовты оқыту» атты кітаптары бар. Аталған кітаптар облыстағы қазақ тіліндегі орта мектептерінде негізгі оқулық ретінде тұрақты түрде оқытылып келеді. Республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарда жарияланған 50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың да авторы болып табылады.
1991 жылдан Өскемен қаласында Қ. Бітібаеваның республикалық атаулы мектебі жұмыс істейді. Ұстаздың іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген.
Ұстаз 2014 жылы 9 қыркүйекте дүниеден өтті.
2014 жылы соңғы жылдары Қанипа Бітібаева тұрған Виноградова көшесі-29 бойында орналасқан көпқабатты үйдің қасбетінде оның құрметіне ескерткіш тақта ашылды. Қанипа Омарғалиқызы ұстаздық еткен дарынды балаларға арналған Жамбыл облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының қабырғасында 2021 жылы ұлағатты ұстазды еске алуға арналған тағы бір мемориалдық тақта ашылды.
Ономастикалық комиссияның шешімімен 2021 жылдың 1 мамырынан бастап Өскемен қаласындағы Амурская көшесіне Қанипа Бітібаеваның есімі берілді.

                                               Қ. О. Бітібаеваның еңбектері
                                                 Труды Битибаевой К. О.
Бітібаева, Қ. О. М. Әуезов шығармашылығын оқыту: әдістемелік нұсқау.- Алматы, 1994.- 94 б.
Бітібаева, Қ. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. - Өскемен: Б. ж., 1994. - 180 б.
Бітібаева, Қ. О. Әдебиетті оқыту әдістемесі: педагогикалық оқу орындарына арн. оқулық.- Алматы: Рауан, 1997. - 288 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр: оқу құралы, бағдарлама: Х, ХІ сыныптар. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000. - 274 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы : оқу құралы /Қ. Бітібаева, Г. Құдайбергенова, М. Мұқашева. - Өскемен : [б. ж.], 2002. - 134 б.
Бітібаева, Қ. М. Әуезов туындыларын мектепте оқыту: әдістемелік құрал. - Алматы: Мектеп, 2002.- 120 б.
Бітібаева, Қ. О. Абай және толық адам тәрбиесі /Қ. О. Бітібаева// Абай және XXI ғасыр : халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясының материалдары 21-22 қазан 2005 жыл, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы. - Өскемен: ШҚТУ, 2005. - Б. 50-53
Бітібаева, Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту /Қ. Бітібаева. - Семей : Үш биік, 2007. - 144 б.
Бітібаева, Қ. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары : оқу құралы /Қ. Бітібаева. - Семей : Үш биік, 2007. - 120 б.
Бітібаева, Қанипа. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы /Қ. Бітібаева. - Астана : Дарын, 2011. - 271 б.
Бітібаева Қ. О. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы : 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. - 1- ші кітап. - Алматы : Дәуір-Кітап, 2012. - 314 б.
Бітібаева, Қ. О. Мектепте Абайды танытудың жаңашыл технологиясы : 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. - Алматы : Дәуір-Кітап, 2012. - 188 б.
Бітібаева, Қ. О. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары : мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. - Алматы : Дәуір-Кітап, 2012. - 124 б.
Бітібаева, Қ. Егіз өрім : педагогикалық эсселер /Қ. Бітібаева. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2013. - 292 б.
Бітібаева, Қ. Мектепте Абайды танытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы /Қ. Бітібаева. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2013. - 176 б.
Бітібаева, Қ. Егіз өрім : педагогикалық эсселер /Қ. Бітібаева. - Алматы : Жазушы, 2014. - 408 б.
Бітібаева, Қ. Ұстаздықтың падишасы /Қ. Бітібаева. - Астана : Дарын, 2014. - 187 б.
Бітібаева Қ. О. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы : оқу-әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. Т. 1. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2015. - 292 б.
Бітібаева Қ. О. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы : оқу-әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. Т. 2. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2015. - 310 б.
Бітібаева Қ. О. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту : оқу-әдістемелік құрал /Қ. О. Бітібаева. Т. 3. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2015. - 148 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі : әдістеме /Қ. Бітібаева. - Алматы : Қазақ университеті, 2019. - 268 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы : әдістемелік материал. 2-ші басылым /Қ. Бітібаева. - Алматы : Алтын глобус, 2019. - 287 б. 

                                                        Мерзімді басылымдағы мақалалар
                                                      Публикации в периодичесокй печати
Бітібаева, Қ. О. Қанипаның авторлық класы : [Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның ұстазы...өзінің атаулы мектебі жайында] /Қ. О. Бітібаева // Дидар. - 1994. - 5 шілде.
Бітібаева, Қ. Бақыт жолында : [Обл. мәдениет саласы мен халық ағарту ісіне еңбектері сіңген Ғибадия мен Оралбек Малдыбаевтардың отбасы туралы] /Қ. Бітібаева // Дидар. - 1994. - 19 шілде.
Бітібаева, Қ. Ауруханаларда, санаториялық мектеп-интернаттарда оқытылатын әдебиет пәні бойынша жеңілдетілген бағдарлама(Жоба) /Қ. Бітібаева, Б. Темірғалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1995. - №1. - Б. 95-106
Бітібаева, Қ.... Жүрегім менің - қырық жамау /Қ. Бітібаева // Ақиқат. - 1995. - №6. - Б. 76-79.
Бітібаева, Қ. Сәбит Мұқанов шығармашылығына шолу : [оқыту тәжірибесінен] /Қ. Бітібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1995. - №7. - Б. 47-51
Бітібаева, Қ. Ғабит Мүсірепов шығармашылығы : [оқыту методикасынан] /Қ. Бітібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1996. - №1. - Б. 62-68
Бітібаева, Қ. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы : [оқыту методикасы] /Қ. Бітібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1996. - №5-6. - Б. 34-37
Бітібаева, Қ. "Елбасы елге сәлем айтты" /Қ. Бітібаева // Дидар. - 2004. - 25 желтоқсан. - Б. 2
Бітібаева, Қ. Тұлпар дүбірі алыстан естіледі /Қ . Бітібаева // Дидар. - 2005. - 1 қаңтар. - Б. 3
Бітібаева, Қ. Еркіндікке еркелік жараспайды /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2011. - 15 наурыз. - Б. 1, 6.
Бітібаева, Қ. Елбасын жаратқан иеміз қазақтың пейіліне берген /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2011. - 16 желтоқсан. - Б. 14
Бітібаева , Қ. Алматыда оқуды армандап едім...: [КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, ұстаз Қ. Бітібаевамен сұхбат.] /Қ. Бітібаева // Дидар. - 2012. - 2 наурыз. - Б. 21.
Бітібаева, Қ. Алтын діңгек /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2012. - 6 қазан. - Б. 8.
Бітібаева, Қ. Ұлылыққа тағзым /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2012. - 1 желтоқсан. - Б. 12.
Бітібаева Қ.. Дарынды бала қарымды маман болады, бірақ талапкерлерді алаламай, психологиясына баса назар аудару керек /Қ. Бітібаева // Егемен Қазақстан. - 2014. - 14 қаңтар (№ 7). – Б. 6

                                                                  ***
Битибаева, К. Он памятник воздвиг себе... : [о клубе "Абай и XXI век"] / К. Битибаева // Рудный Алтай. - 2009. - 4 ноября. - С. 6.
Битибаева К. Уроки человечности: Канипу Битибаеву заслуженно называют учителем по призванию // Казахстанская правда. - 2011. - 25 июня. - С. 5. 

                                                           Қ. О. Бітібаева туралы әдебиеттер
                                                             Литература о Битибаевой К. О.
                                                                          Кітаптар – Книги
Сарыбаев, Ш., Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық.- 3-ші басылымы.- Алматы: Атамұра, 1991.- 200 б.
Құдайбергенева, К. С. Инновациялық тәжірибе орталығы - педагогикалық технология көзі : жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы /К. С. Құдайбергенева К.С. - Алматы : [б. ж.], 2001. - 66 б.
Құдайбергенева, К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы - педагогикалық технология көзі: жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2003. - 66 б.
Әбішева С., Құдайбергенова, Г. Қазақтың Қанипасы: Ұстаз портреті.- Астана: Б. ж., 2004.- 316 б.
Қазақтың Қанипасы /құраст.: Әбішқызы С., Құдайбергенова К., Баймұхан Б. - Алматы : Білім, 2005. - 320 б.
Қарасаев, Ғ. Ұстаздықтың хан-апасы : тарихи-педагогикалық шолу. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. - 216 б.
Аңызға айналған ұстаз = Учитель-легенда. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2006. - 224 б.
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 : анықтамалық. Т. 2, 2006. – 996 б.
Тоқпатаев, У. Менің замандастарым /Тоқпатаев У. - Өскемен : [б. и.], 2006. - 440 б.
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) / Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. - Өскемен: ШҚМУ, 2006. - 432 б.
Аңызға айналған ұстаз=Учитель-легенда : [электрондық ресурс] : [аты аңызға айналған ұстаз Қ. Бітібаева туралы]. - Өскемен : Медиа -Альянс, 2009. - 226 б.
Ақ ордам -алтын бесігім : [электрондық ресурс] : [Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-интернат-гимназияның 90 жылдық тарихы туралы.]. - Өскемен : [б. ж.], 2010. - 200 б.
Байдельдинов, В. Менің мектебім /В. Байдельдинов. - Өскемен : Либриус, 2010. - 154 б.
Ахметова, Ж. Шабытыма қанат бердің шарқ ұрған : Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 70 жылдығына арналады /Ж. Ахметова. - Өскемен : Жамбыл гимназиясы, 2015. - 29 б.
Қалиасқарова, Н. Әр сөзінде даналық тұнып тұратын, Өзіңе ұқсау - менің де басты мұратым /Н. Қалиасқарова. - Өскемен : "Шығыс" өңірлік орталығы, 2015. - 53 б. 

                                             Қ. О. Бітібаева туралы мақалалар
                                               Публикации о Битибаевой К. О.
Жұмажанова, Б. Туған тілін ту еткен /Б. Жұмажанова // Коммунизм туы. - 1989. - 29 ноябрь. - Б. 1, 3
Байбатыров, Ғ. Қайталанбас сәт : [Қанипа (Бітібаева) Мұқағали сабағын оқытқанда. Өлең] /Ғ. Байбатыров // Дидар. - 1994. - 5 шілде.
Ерімбетов, М. Ғұмырын Абайға арнаған : [Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаева жайлы] /М. Ерімбетов // Парасат. - 1995. - №5. - Б. 5
Тоқпатаев, У. Қазақтың Қанипасы : [Қаз. Респ. еңбек сіңірген мұғалімі, респ. атаулы мектептің жетекшісі, Қ. О. Бітібаева жайында] /У. Тоқпатаев // Дидар. - 1998. - 28 ақпан
Өзіңде екен қазақы ойдың көркемі" : [Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазан айында Қ. Бітібаеваның шығармашылық кешін өткізбекші. Соған орай ұстаз жайлы ой-пікірлер // Дидар. - 2000. – 2 қыркүйек
Қаңтарбаев, Ә. Қанипадай қыз туған мақтан, Шығыс ! : [қазан айында Астанада Қ. Бітібаеваның шығармашылық кеші өткен болатын. Осы кештен кейінгі ой-толғаулар /Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2000. – 11 қараша. - Б. 2
Айекеева, А. Туған тілін ту етіп...: [Өскемендік ұстаз КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қ. Бітібаевамен сұхбат. Жаңа оқулықтар авторы ретінде әр түрлі түсініктеме] /А. Айекеева // Қазақстан мұғалімі. - 2001. - 31қаңтар. - Б. 4
Баттал, Р. Әр сабағында ақ жаңбыр болып жауатын.../Р. Баттал, С. Әбішқызы // Қазақстан мектебі. - 2001. - №1. - Б. 15-20
Тоқпатаев, У. Қанипа Бітібаеваның ашық сабағы : [Бұл семинар ұлылар үндестігіне арналып, облыстық семинар деңгейінде өтті] /У. Тоқпатаев // Дидар. - 2002. - 16 сәуір. - Б. 1
Қаңтарбаев, Ә. Атаулы мектептің республикалық жиыны өтті /Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2004. - 23 қараша. - Б. 3.
Оразалин, С. Қазақтың Қанипасы /С. Оразалин // Қазақстан мектебі. - 2005. - №1. - Б. 5-6
Ұстаздықтың ақ жаңбыр ақынысыз // Қазақстан мектебі. - 2005. - №1. - Б. 3
Оразбаева, Ф. Ой салу - ұстаздан, ойлану шәкірттен/Ф. Оразбаева // Егемен Қазақстан. - 2005. - 15 желтоқсан. - Б. 12
Аңызға айналған ұстаз// Қазақстан мектебі. - 2006. - №1. - Б. 7
Бітібаева, Қ. Әлемдік білім кеңістігіне ену кезеңінде М. Әуезовті оқыту алдындағы өзекті мәселелер /Қ. Бітібаева // Дидар. - 2007. - 29 қыркүйек. - Б. 4.
Аты мәшһүр халыққа Қанипа – ұстаз // Дидар. - 2008. - 21 маусым. - Б. 2.
Сәрсенбайқызы, Ғ. Нағыз білімділер сайысы /Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2008. - 5 шілде. - С. 4.
Сәрсенбайқызы , Ғ. Бітібаеваны білмейтін жан жоқ /Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2009. - 5 маусым. - Б. 1.
Абишева А.Қ. Бітібаеваның жаңа білімді меңгерту технологиясын сабақта қолдану /А. Абишева // Кәсіптік мектеп = Профессиональная школа . - 2010. - № 2. - Б. 20-22
Елубай, О. Лауреат ұстазға арналған кеш : [атақты ұстаз Қ. Бітібаева арналған оқушылардың республикалық жарысы туралы] /О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 15 маусым. - Б. 10.
Ізтілеу, Д. Әдебиетті оқытпау - шәкірт алдындағы ауыр қылмыс! /Д. Ізтілеу // Ана тілі. - 2010. - 25 қараша. - 1 желтоқсан. - Б. 8.
Елубай, О. Аңыз ұстаз : [атақты ұстаз Қанипа Бітібаева туралы] /О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2011. - 12 наурыз. - Б. 6.
Келгембаева, Б. Аңызға айналған ұстаз, тіл қайраткері, әдіскер-ұстаз : [әдіскер-ұстаз Қ. Омарғалиқызы туралы.] /Б. Келгембаева // Шығыс дарыны. - 2013. - №2. - Б. 33-34.
Қожамкей, Ж. Дәуірдің дара ұстазы /Ж. Қожамкей // Өскемен. - 2013. - 11 сәуір. - Б. 6.
Саханқызы, С. Қазақтың Қанипасы - ұстаздардың анасы : Қ. Бітібаева шығармашылығының 45 жылдығына /С. Саханқызы // Жұлдыз. - 2013. - 14 сәуір. - Б. 8.
Қартаева, А. Ұстаз-тағдыр, ғұмыр : Қанипа Бітібаева туралы бір үзік сыр /А. Картаева // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 10-16 қазан. - Б. 15
Бітібаева С. Бітібаеваның биігі /С. Бітібаева // Егемен Қазақстан . - 2014.- 18 қазан (№ 204). – Б. 11
Ескенқызы, А. Қанипа Бітібаева тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды /А. Ескенқызы // Дидар. - 2014. - 21 қазан. - Б. 1-2.
Мемориалдық тақта орнатылды : [ардақты ұстаз Қанипа Омарғалиқызы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.] // Ертіс өңірі. - 2014. - 22 қазан. - Б. 2.
Аумадиева, А. Қанипа Бітібаева атындағы дәрісхана /А. Аумадиева // Өскемен. - 2015. - 23 сәуір. - Б. 2.
Анаш Д. Мұғалім мұражайы /Д. Анаш // Егемен Қазақстан. - 2015.- 1 мамыр (№ 81). – Б.
12
Ескенқызы, А. Қанипа Бітібаеваның облыстық оқу-әдістемелік мұражайы ашылды /А. Ескенқызы// Дидар. - 2015. - 4 мамыр. - Б. 3.
Бектібаева, Л. Дәуірдің дара ұстазы /Л. Бектібаева // Қазақстан мектебі. - 2015. - №9. - Б. 61-63.
Сағатбекқызы, А. "Қанипа күні" апталығының жеңімпаздары анықталды : [ЮНЕСКО-ның қазақстандық ұлттық клубтар федерациясының мүшесі, атақты ұстаз Қ. Бітібаеваның апталығы өтті.] /А. Сағатбекқызы // Дидар. - 2016. - 20 сәуір. - Б. 1-2.
Аққазина, Ж. Әдебиет сабағында Қ. О. Бітібаеваның инновациялық технологиясын қолдану /Ж. Аққазина // Педагогикалық ой = Педагогическая мысль. - 2016. - №10. - Б. 29-31.
Алдебаева, Ж. Абай шығармашылығын оқытуда Қ. Бітібаеваның технологиясының тиімділігі /Ж. Алдебаева //Қазақстан мектебі. - 2017. - №2. - Б. 61-63.
Ауғанбаева, Б. Қасымызда мәңгі жүретіндей : [ұстаз Қанипа Бітібаева туралы] /Б. Ауғанбаева //Дидар. - 2017. - 12 қазан. - Б. 17.
Қасым А. Қанипа Бітібаева дәріс берген қарашаңырақ /А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 3 қараша (№ 212). – Б. 6
Иманғали, М. Бітібаеваның биігі баршаға үлгі /М. Иманғали// Дидар. - 2018. - 1 наурыз. - Б. 15.
Қасым , А. Қанипа әлеміне бойлады : Қанипа әлемі апталығы қортындыланды /А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2018. - 18 сәуір. - Б. 16
Иманғали, М. Бітібаева олимпиадасына шетелден қонақтар келді : Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өтті /М. Иманғали // Дидар. - 2018. - 1 мамыр. - Б. 6
Ауғанбаева, Б. Ұстаз мұрасы ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды : Қанипа Бітібаеваның сыныбы ғылыми әдістемелік орталыққа айналды// Егемен Қазақстан. - 2018. - 31 қазан. - Б. 7
Қасым, А. Педагогикалық музей қайта ашылса игі /А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2019. - 13 наурыз. - Б. 9
Сүлеймен, М. Қазақтың Қанипасы еді ғой : Өскемендегі Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында орын тепкен Қанипа Бітібаева атындағы тұңғыш педагогикалық музейдің жабылуы туралы /М. Сүлеймен // Егемен Қазақстан. - 2019. - 8 сәуір. - Б. 11
Иманғали, М. Қанипаның әлеміне терең бойлады : [Өскеменде Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өтті.] /М. Иманғали // Дидар. - 2019. - 27 сәуір. - Б. 3.
Сағатбекова, А. Бітібаеваның мәңгілік ғұмыры басталды /А. Сағатбекова // Дидар. - 2019. - 12 қыркүйек. - Б. 3.
Оралхан, А. Ұлы Абайды ұлықтаған ұстаз /А. Оралхан // Егемен Қазақстан. - 2020. - 1 мамыр. - Б. 11
Ауғанбаева, Б. Ұстазға құрмет-ұлтқа құрмет /Б. Ауғанбаева // Дидар. - 2020. - 26 мамыр. - Б. 3.
Болатұлы, Т. Қанипа Бітібаева көшесі болады /Т. Болатұлы // Дидар. - 2020. - 22 желтоқсан. - Б. 1.
Ауғанбаева, Б. Қалдырған ізің мәңгілік : [ардагер ұстаз Қ. Бітібаева туралы] /Б. Ауғанбаева. // Дидар. - 2021. - 30 қаңтар. - Б. 3.
Екпін, М. Педагог-мастер неге жоқ? /М. Екпін // Дидар. - 2021. - 5 қазан. - Б. 2.
Ескенқызы, А. Аса бағалы сыйлық тарту етті /А. Ескенқызы // Дидар. - 2022. - 19 наурыз. - Б. 3.
Қуанғанқызы, Ұ. Ұстаздан жоғары атақ жоқ /Ұ. Қуанғанқызы // Дидар. - 2022. - 1 қазан. - Б. 3
Бақытқызы, А. Қанипа Бітібаева атындағы тұңғыш олимпиада /А. Бақытқызы // Дидар. - 2022. - 29 қараша. - Б. 1.
Жанабилова, А. К. Ұрпақтар сабақтастығы /А. К. Жанабилова // Тәрбие сағаты. - 2022. - №11-12. - Б. 3.
Тоқтасынова, Г. Педагогикалық ілім-шамшырағымыз : [ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева туралы] /Г. Тоқтасынова // Рауан -Заря. - 2023. - 20 қаңтар. - Б. 9
Ауғанбаева, Б. Ұстаз бен шәкірттің еңбегі ақталды /Б. Ауғанбаева // Дидар. - 2023. - 24 қаңтар. - Б. 4.
Байгалиева, Б. М. Ұстаздық - ұлы құрмет /Б. М. Байгалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2023. - №4. - Б. 27-29.
Иманғали, М. Қанипа атындағы олимпиада мәресіне жетті /М. Иманғали // Дидар. - 2023. - 6 мамыр. - Б. 1.
Ұстаз есімі ұлықталды : [ұстаз Қанипа Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойы Тарбағатайдың Абай атындағы мектебінде ерекше аталып өтті] /бетті әзірлеген А. Бақытқызы // Дидар. - 2024. - 12 желтоқсан (N48). - Б. 8
                                                            ***
Лежанина, Е. Доброта - лекарство детских душ /Е. Лежанина // Рудный Алтай. - 1989. - 25 нояб.
Азмухамбетов, Ш. Уроки Битибаевой в Астане : [В Астане состоится творческий отчет заслуженного учителя РК, учителя гимназии-интерната им. Жамбыла К. О. Битибаевой] // Рудный Алтай. - 2000. - 28 окт. - С. 3
Каир, К. Где ты, одаренная молодежь? /К. Каир // Рудный Алтай. - 2008. - 10 июня. - С. 1.
Шевченко, Виктория. Путеводная звезда Канипы Битибаевой : [о заслуженном учителе РК К. Битибаевой] // Казахстанская правда. - 2010. - 6 марта. - С. 4.
Каир, К. Язык мой, друг мой : [о седьмой региональной олимпиаде школьников по казахскому языку и лит-ре в г. Усть-Каменогорске] /К. Каир // Рудный Алтай. - 2010. - 31 мая. - С. 2.
Оркушпаева, Н. Учитель с большой буквы : [о региональной олимпиаде школьников по казахскому языку и литературе] // Рудный Алтай. - 2011. - 30 мая. - С. 1.
Ким, Е. Ученики пяти стран посетили Казахстан : [о международной олимпиаде школьников по казахскому языку и литературе имени К. Битибаевой в Усть-Каменогорске] /Е. Ким // Рудный Алтай. - 2012. - 22 мая. - С. 1, 2.
Рысакова, Ш. Имени заслуженного учителя /Ш. Рысакова // Вести Семей. - 2013. - 5 марта. - С. 2
Баринова, А. Музей педагога в школе-гимназии для одаренных детей им. Жамбыла открылся новый музей, посвященный К. Битибаевой // Усть-Каменогорск. - 2014. - 9 янв. - С. 9.
Битибаева Канипа Омаргалиевна : [заслуженный учитель РК ; некролог] // Рудный Алтай. - 2014. - 10 сент. - С. 4.
Лазарева, В. Педагогическая поэма Канипы Битибаевой // Устинка плюс . - 2014. - 29 сент. (№ 39). - С. 10
Сосновская, О. По методике Канипы /О. Сосновская // 7 дней. - 2014. - 16 октября. - С. 4
Навечно в сердцах : в память о выдающемся педагоге РК К. Битибаевой открыта мемориальная доска // Рудный Алтай. - 2014. - 22 окт. - С. 1, 2.
Ефимов, М. "Урок - это мое сердце : в Усть-Каменогорске увековечили память Канипы Битибаевой // Устинка плюс . - 2014. - 23 окт. (№ 43). - С. 12
Сосновская О. Памяти педагога : в Зыряновске в школе № 9 открылась лаборатория заслуженного учителя учителя РК, почетного гражданина ВКО К. Битибаевой // Рудный Алтай. - 2014. - 19 ноября. - С. 3.
Катранова А. Навечно в сердцах // Рудный Алтай. - 2015. - 11 сентября.
Оркушпаева, Н. На шаг ближе к мечте : [о традиционной республиканской олимпиаде по казахскому языку и литературе им. К. Битибаевой: участники, победители. Усть-Каменогорск] /Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2017. - 2 мая. - С. 1
Однажды и на всю жизнь : [о Заслуженном учителе Казахстана, Лауреате государственной премии СССР, кавалере ордена "Кұрмет" Канипе Битибаевой] /Е. Ким // Рудный Алтай. - 2018. - 13 февраля. - С. 4
Кунгурцев, Э. Гордость Восточного Казахстана : [о Битибаевских чтениях в Гуманитарном колледже ВКО] /Э. Кунгурцев // Рудный Алтай. - 2018. - 27 февраля. - С. 5
Сапаргалиев, Т. Казахский в совершенстве : [о подведении итогов республиканской олимпиады по казахскому языку и литературе им. К. Битибаевой] /Т. Сапаргалиев // Рудный Алтай. - 2018. - 1 мая. - С. 1-2
Естаева, Г. Блеснули знаниями : [о республиканской олимпиаде по казахскому языку и литературе имени Канипы Битибаевой в ВКО] /Г. Естаева // Рудный Алтай. - 2019. - 30 апреля. - С. 2
Естаева, Г. Педагог с большой буквы : одно из условий дальнейшего процветания независимого Казахстана - расширение сферы применения государственного языка. Неоценимый вклад в развитие казахского языка и литературы внесла педагог-новатор Канипа Битибаева /Г. Естаева // Рудный Алтай. - 2021. - 1 апреля. - С. 4.