Қалиғожин Советхан Жақыптегі (1937 -2021 жж.) – ақын, оқытушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі.
1937 жылы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қарасты Теректібұлақ ауылында өмірге келді. Әкесі Қалиғожа Жақып ұлы ауылдық жерде шаруашылықты ұжымдастыруға ат салысып, ұжымшарда (колхоз) бригадир, есепші, бастық болады. 1941 жылы өз еркімен (броньмен қалтырылып колхозды басқарған) әскер қатарына алынып, отан қорғау жолында қаза болады. Анасы Алтынша Салықшы қызы Советханның 1,5 жасында қайтыс болады. Әке, шешесіз жетім қалған сәбиді апасы Бағжан бауырына салып, қамқорлыққа алады.
Советхан жағдайға байланысты біраз кешігіп 1947 жылы ауылда ашылған бастауыш мектептің 1–ші сыныбына алынып, 1951 жылы осы мектептің 4–ші сыныбын үздік бітіреді. 1951–1952 оқу жылында Құйған мектеп– интернатына қабылданып, оқуын одан әрі жалғастырады. Орта білім алғанға дейін осы интернатта болады. Жазғы каникулда осында жұмыс істеп, киім–кешек алып тұрды. 1957 жылы осы мектептің 10-шы сыныбын жақсы деген бағаға бітіріп, кәмелеттік аттестат алды.
1957 жылдың қазан айынан 1960 жылдың желтоқсан айына дейін әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын атқарды. Әскерден оралысымен Буденновка сегіз жылдық мектебіне дене тәрбиесі мұғалімдігіне қабылданды. Содан зейнеткерлікке шыққанға дейін мектепте істеді. 1961 жылы Семей қаласындағы Н. К. Крупская атындағы пединститутқа сырттай оқуға түсіп, тарих мамандығы бойынша жоғарғы білім алды.
Халық ағарту саласында істеген 46 жылдың отыз жылдан астамы мектепті басқару жүйесін қамтыды. Жылытау сегіз жылдық, Шірікаяқ, Құйған, Теректібұлақ орта мектептерінде директор боп істеді.
Міндетін адал атқарды. Атқарған қызметіне байланысты іскер басшылар қатарында болды. Ол істеген мектептер кезінде облыстық, республикалық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрді.
Мерзімді баспасөз беттерінде елуден астам оқу–тәрбие жұмысының теориясы мен методикасына байланысты мақалалары жарық көрді. Ол ұсынған мектептің оқу–тәрбие жұмысының құрылымын ауданның бірқатар мектептері пайдаланып жүр. Бірқатар кітаптың авторы.
Әдіскер мұғалім. ҚР білім беру саласының үздігі. ҚР білім министрі мен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасының иегері. Облыстық, республикалық педагогикалық оқудың сан мәрте жеңімпазы. Күршім ауданының құрметті азаматы. Творчестволық іспен шұғылданады.
2021 жылы 25 желтоқсанда дүниеден өтті.
С. Қалиғожиннің кітаптары
Книги Калигожина С.
Қалиғожин, С. Өнегелі отбасы-өрелі ұрпақ [Мәтін] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс Полиграф, 2011. - 170 б.
Қалиғожин, С. Мықты болсаң күлмей көр [Мәтін] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2013. - 67 б.
С. Қалиғожиннің мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Калигожина С. в периодических изданиях и сборниках
Қалиғожин, С. Көкжарлы Көкжал Барақ [Мәтін] / С. Қалиғожин, Т. Қайырбаев // Дидар. - 1991. - 10 қыркүйек.
Қалиғожин, С. Көкжал Барақ туралы [Мәтін] : [Қабанбай батырмен Шорға ұрсысына қатысуы] / С. Қалиғожин // Рауан. - 1991. - 10 қыркүйек.
Қалиғожин, С. Өскеменде АЭС салынса, кадрлар мен жұмыс қолдары қайдан келеді? [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 1991. - 30 шілде.
Қалиғожин, С. Көкжарлы Көкжал Барақ және оның ата тегі мен ұрпақтары [Мәтін] / С. Қалиғожин, Т. Қайырбаев // Дидар. - 1992. - 18 шілде.
Қалиғожин, С. Көкжарлы Көкжал Барақ [Мәтін] : [батыр бабамыздың туғанына 290 жыл] / С. Қалиғожин // Егемен Қазақстан. - 1992. - 24 қыркүйек.
Қалиғожин, С. Оқу тәрбие жұмысын заман талабына сай ұйымдастыру [Мәтін] : [Күршім ауданындағы оқу-тәрбие жұмысы] / С. Қалиғожин // Рауан. - 2000. - 27 наурыз.
Қалиғожин, С. Көкжарлы Көкжал Барақ [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2000. – 13 маусым.
Қалиғожин, С. Талапқа сай талпыныс [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Теректібұлақ орта мектебінде атқарылып жатқан игі істер туралы] / С. Қалиғожин // Қазақстан мұғалімі. - 2001. - 28 наурыз. - Б. 1.
Қалиғожин, С. Жақсыдан - шарапат [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2003. - 1 ақпан. - Б. 2.
Қалиғожин, С. Ауылым қайда барасың? [Мәтін] / С. Қалиғожин // Рауан. - 2005. - 7 мамыр. - Б. 3.
Қалиғожин, С. Нысаналы мақсат [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2007. - 21 сәуір. - Б. 6.
Қалиғожин, С. Ақын - мұғалім [Мәтін] / С. Қалиғожин // Рауан. - 2008. - 11 қараша. - Б. 2.
Қалиғожин, С. Бұл өңір байып келеді [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2009. - 14 қазан. - Б. 3.
Қалиғожин, С. Жарылғап батыр [Мәтін] / С. Қалиғожин // Рауан. - 2009. - 18 шілде. - Б. 5-6.
Қалиғожин, С. Қолды болған қоңыр жорға [Мәтін] : [Ақнайман руында отыз жыл болыс болған Омар Бәйекешұлы туралы] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2012. - 11 мамыр. - Б. 13.
Қалиғожин, С. Омар болыстың үш тапқырлығы [Мәтін] : [Ақнайманға отыз жыл болыс болған Омар Байекешұлы туралы] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2012. - 12 наурыз. - Б. 7.
Қалиғожин, С. Әйгілі Омар болыстың мазары қараусыз қала бере ме? [Мәтін] : [Ақнайманның әйгілі биі, 30 жыл ел басқарған Омар болыс Бәйекешұлы туралы] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2013. - 21 қараша. - Б. 12.
Қалиғожин, С. Қызыл тілдің құдыреті [Мәтін] / С. Қалиғожин // Егемен Қазақстан. - 2014. - 29 қазан (№ 211). - Б. 9.
Қалиғожин, С. Омар болыстың мазары екеніне күмән болмауы тиіс [Мәтін] : [Ақнайманды 30 жыл басқарған Омар Бәйекешұлы туралы] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2014. - 14 наурыз. - Б. 20.
Қалиғожин, С. Көкжарлы Көкжал бараққа ескерткіш орнатылды [Мәтін] / С. Қалиғожин // Рауан. - 2015. - 23 қыркүйек. - Б. 3.
Қалиғожин, С. Көкжарлы Барақ батырға Күршімде ескерткіш орнатылады [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2015. - 15 сәуір. - Б. 5.
Қалиғожин, С. Қарауылдан мерейіміз өсіп, рухтанып қайттық [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2015. - 19 қараша. - Б. 26.
Қырықбайдың кенжесі Зинаш ақын [Мәтін] / әзірлеген: С. Қалиғожин // Дидар. - 2016. - 20 мамыр. - Б. 21.
Поэзия
Қалиғожин, С. Жылымыз бол баянды, берекелі! [Мәтін] : [өлең] / С. Қалиғожин // Рауан. - 1997. - 8 қаңтар.
Қалиғожин, С. Күркебай мерген [Мәтін] : дастан / С. Қалиғожин // Рауан. - 2008. - 7 шілде. - Б. 2.
Қалиғожин, С. Алаштың асыл қызы еді [Мәтін] : [ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған өлең] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2014. - 3 ақпан. - Б. 5.
Қалиғожин, С. Шақырып ем қонаққа бөрілерді [Мәтін] : өлең / С. Қалиғожин // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 17 - 23 сәуір (№ 15). - Б. 12.
Қалиғожин, С. Ақнайман Жаман батыр [Мәтін] : [Көкжал Барақ батырдың үзеңгілес серігі Жаман батыр туралы дастан] / С. Қалиғожин // Отүкен. - 2015. - № 1. - Б. 112-126.
Электрондық ресурстар
Электронные ресурсы
Қалиғожин, С. Күнгейлі Күршімім, көшбасшы Ұланым [Электрондық ресурс] : [Күршім, Ұлан аудандарының 80 жылдық мерейтойларына арналған жыр-дастандар] / С. Қалиғожин. - Алматы : Арда, 2008. - 145 б.
Қалиғожин, С. Тәрбие тарландарына тарту [Электрондық ресурс] : [мұғалімдерге арналған көмекші құрал] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2010. - 220 б.
Қалиғожин, С. Өнегелі отбасы - өрелі ұрпақ [Электрондық ресурс] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2011.
Қалиғожин, С. Өрнектелді өлең боп өмірдің кейбір тұстары [Электрондық ресурс] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2012. - 236 б.
Қалиғожин, С. Саңлақ [Электрондық ресурс] : [облысқа танымал ардақты ұстаз, ақылгөй қария М. Шаяхметов туралы] / С. Қалиғожин. - Алматы ; Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2012.
Қалиғожин, С. Барақ ауылы [Электрондық ресурс] : [Күршім ауданы Теректібұлақ ауылының тарихынан] / С. Қалиғожин. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2013. - 135 б.