Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Жанкелдин Т.

Жанкелдин Тоқтағали  жазушы, ғалым, Ұлы Отан соғысында қатысқанЖанкелдин Тоқтағали (1916-1973) – жазушы, ғалым, Ұлы Отан соғысында қатысқан.

1916 ж. 25 қарашада Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан Облысы) Аягөз ауданы Айғыз ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан білім алуға ұмтылған. 1938 жылы Тоқтағали еліміздің сол кездегі астанасы Алматы қаласына келіп, Абай атындағы педагогикалық институтына келіп түседі. Оны бітірген соң біраз жыл мұғалім болып қызмет етеді. Совет армиясы қатарына шақырылады. Кенет басталған Ұлы Отан соғысында Тоқтағали алғашқы күннен бастап – ақ майданның алғы шебінде болады. Орталық майданда артиллерия батареясының командирі, одан кейін партизан бригадасы комиссарының орынбасары және Белоруссия ЛКСМ Борисов астыртын қалалық комитетінің мүшесі ретінде аса қауіпті, ерекше күрделі, сан-сала қызмет жүргізеді. Қан майданның өзінде партизан сонарында шеру тартады. Ұзақ жылдарға созылған ұрыстан кейін, 1944 жылы Минск облысы жаудан тазартылып, Тоқтағали Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің қарамағына жіберіледі. Жылдан астам уақыт комсомол қызметін атқарған Тоқтағали КПСС Орталық комитеті жанындағы Жоғарғы партия мектебіне түсіп, оны бітірген соң әртүрлі жауапты қызметте болды, ұстаздық етеді.

1954 жылы Қоғамдық ғылымдар Академиясын аяқтап, Мәскеуде философиядан диссертация қорғайды. Партия басқармасында бөлім меңгерушісі, кейін Институт директоры қызметтерін абыроймен атқарды.

1957 жылы Т. Жанкелдин Қазақстан КП Орталық Комитетінің ғылым, жоғарғы оқу орындары және мектептер бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарады. 1961 жылдан бастап Қазақстан КПСС Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтының директоры, 1964-1968 ж. Орталық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, өмірінің соңғы жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының философия және право институтының директоры болып қызмет істейді. Т. Жанкелдин Қазақ ССР Жоғарғы советінің депутаты болып сайланған. Көп жылғы қажырлы еңбегі бағаланып, ордендермен медальдармен марапатталған.

Т. Жанкелдин «Партизан күнделігі», «Партизан жорықтары», «Сын сағатта», атты кітаптары жарық көрген. Повестер мен әңгімелердің авторы – Белоруссия ормандарында жексұрын жауларға қарсы айтарлықтай әрекет еткен «Дядя Коля» атты партизандық бригаданың бұрынғы саяси қызметкері. Кітап Ұлы Отан соғысы жылдарындағы совет халқының ерлігі мен достығы туралы сыр шертеді.

Т. Жанкелдин 1973 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Бүгінде Қазақстанның Орталық мұражайында Т. Жангелдиннің өміріне арналған стенд бар. Беларусь мұражайында соғысқа белсенді қатысқан партизандар қатарында суреттері тұр. Тоқтағалидың Алматыда өзі тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылған. 2004 жылы Белоруссияның ескерткіш медалі берілді.

2016 жылы 28 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы институт «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары» ғылыми жоба аясында «Тоқтағали Жангельдин: мемлекеттік қайраткер, ғалым, майдангер-партизан» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Онда Т. Жангельдиннің 100-жылдығына орай майдангер туралы деректі фильмнің презентациясы ұсынылды.

 

 

 

Т. Жанкелдин (Жангелдин) шығармалары

Произведения Жангельдина Т.

 

Кітаптар - Книги

 

Жанкелдин, Т. Социалистiк еңбектiң тәрбиелiк маңызы [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қазақстан мемлекеттік баспасы, 1960. - 93 б. 

Жанкелдин, Т. Партизан күнделiгi [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қаз. мемл. көркем әдеб. баспасы, 1961. - 170 б. 

Жанкелдин, Т. Еңбек - коммунистiк тәрбиенiң негiзi [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1962. - 102 б. 

Жанкелдин, Т. Сәкен Сейфуллин [Мәтін] : ақынның революциялық,қоғамдық және мемлекеттiк қызметi жайлы / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қазақстан, 1966. - 92 б. 

Жанкелдин, Т. Партизан жорықтары [Мәтін] : деректі повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1967. - 298 б. 

Жанкелдин, Т. Жолданбаған хаттар [Мәтін] : майдан дәптерiнен : повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1968. - 144 б. 

Жанкелдин, Т. Сын сағатында [Мәтін] : повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы: Жазушы, 1975. - 92б. 

Жанкелдин, Т. Сын сағатында [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Т. Жанкелдин; құраст. Б. Қазыханова; ред. К. Узақбаева; суретші М. Искаков. - Алматы : Жазушы, 1981. - 552 б.

***

Жангельдин, Т. Сакен Сейфуллин [Текст] : революционная и общественно- государственная деятельность поэта / Т. Жанкельдин. - Алма-Ата : Казахстан, 1965. - 92 с.

Жангельдин, Т. Дневник партизана [Текст] / Т. Жангельдин. - Алма-Ата : Жазушы, 1965. - 208 с.

Жангельдин, Т. Партизанские походы [Текст] : записки партизана / Т. Жангельдин ; перевод с казахского Е. Еланчик и Н. Умерова. - Алма-Ата : Жазушы, 1969. - 268 с.

Жангельдин, Т. Диктатура пролетариата и становление социалистических общественных отношений [Текст] / Т. Жангельдин. - Алма-Ата : Наука, 1973. - 439 с.

Жангельдин, Т. Час испытаний [Текст] : записки партизана / Т. Жангельдин; сост. Б. Р. Казыханова. - Алма-Ата : Жазушы, 1984. - 448 с.

 

 

Т. Жанкелдиннің (Жангелдин) мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Т. Жангельдина в периодических изданиях и сборниках

 

Жанкелдин, Т. Жалынды большевик, көрнектi қайраткер [Мәтін] : С. Сейфуллиннiң туғанына 70 жыл толуына / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1964. - № 5. - Б. 50-55.

Жанкелдин, Т. Өнерлi өрге жүзер [Мәтін] : Қазақстан жазушыларының V съезi қарсаңында / Т. Жанкелдин // Жұлдыз. - 1965. - № 8. - Б. 3-8.

Жанкелдин, Т. Творчестволық интеллигенцияның абыройлы борышы [Мәтін] / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1965. - № 6. - Б. 10-14.

Жанкелдин, Т. Революция солдаты [Мәтін] : [С. Сейфулиннiң дүниетанымының қалыптасуы] / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1967. - № 6. - Б. 30-34.

Жанкелдин, Т. Идеология майданының жалынды жауынгерi [Мәтін] : Сәкен Сейфуллиннiң қоғамдық қызметi / Т. Жанкелдин // Қазақстан мектебi. - 1969. - № 7. - Б. 90-95.

Жанкелдин, Т. Лениндiк идея шыңдалған әдебиет [Мәтін] : [Қазақ әдебиетi мен өнерiнiң қалыптасу кезеңiндегi күресте ұлы Лениннiң теорияларының атқарған ролi жайында] / Т. Жанкелдин // Жұлдыз. - 1969. - № 7. - Б. 29-36.

Жангелдин (Жанкелдин), Т. Саяхатшы - сардар - қайраткер [Мәтін] : Әлiби Тоғжанұлы Жангелдин туралы / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Жас өркен-Қостанай. - 2005. - № 5. - Б. 10-12.

Жангелдин (Жанкелдин), Т. Әлiби Тоғжанұлы [Мәтін] : ірi мемлекет қайраткерi Әліби Тоғжанұлы Жангелдин туралы / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Қазақ. - 2006. - 23-30 маусым. - Б. 3.

Жангелдин (Жанкелдин), Т. Әуезовпен кездесу [Мәтін] : автордың жазушы М. О. Әуезов жайлы жазған естелiгiнен / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Қазақ әдебиетi. - 2013. - 7-13 маусым. - Б. 7.

***

Жангельдин, Т. Коммунист, поэт, государственный деятель [Текст] : к 70-летию со дня рождения С. Сейфуллина / Т. Жангельдин // Вопросы Компартии Казахстана.- Выпуск 2. - 1964. - С.140-183.

 

Т. Жанкелдиннің (Жангелдин) өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Т. Жангельдина

 

Жексенбин, А. Сәкен туралы кiтапша [Мәтін] : Т. Жанкелдиннің шығармасы жайында /А. Жексенбин // Қазақ әдебиетi. - 1965. - 12 қараша.

Мырзахметов, Е. Бағалы еңбек [Мәтін] : Т. Жанкелдиннің шығармашылығы жайында / Е. Мырзахметов // Көкшетау правдасы. - 1966. - 20 наурыз.

Көпжасаров, Х. Ерлiк пен достық [Мәтін] / Х. Көпжасаров // Қазақ әдебиетi. - 1967. - 24 қараша. - Б. 3.

Асылбеков, А. Жорық iзi [Мәтін] / А. Асылбеков // Қазақ әдебиетi. - 1967. - 25 қазан.

Молдағалиев, Ж. Партизан жорықтары [Мәтін] / Ж. Молдағалиев // Социалистік Қазақстан. - 1967. - 8 қыркүйек. - Б. 4.

Жақып, М. Партизандар [Мәтін] : жауынгер партизан Тоқтағали Жангелдин туралы / М. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2005. - 5 сәуір. - Б. 3.

Әбжанов, Х. Адам болмысының білгірі [Мәтін] / Х. Әбжанов // Айқын. - 2016. - 26 сәуір. - Б. 4.

Мұхтарханқызы, З. Тоқтағали Жангелдинді білеміз бе? [Мәтін] : [жерлесіміз партизан-жазушы, қоғам қайраткері Т. Жангелдин туралы] / З. Мұхтарханқызы // Ертіс өңірі . - 2016. - 11 мамыр. - Б. 12.

***

Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады «Дяди Коли» [Текст] / А. Сулейменова // Казахстанская правда. - 2016. - 24 июня. - С. 24.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ресурсы

 

Соғыс ардагері : Жангелдин Тоқтағали [Электрондық ресурс] // Massaget.kz : сайт. – Пайдалану орны : http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/32372/ (05.04.2017)

Тоқтағали Жангелдин : мемлекет қайраткері, ғалым, майдангер-жазушы [Электрондық ресурс] // Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты : сайт. – Пайдалану орны : http://iie.kz/?p=5431 (05.04.2017)

Нарымбек, Ұ. Минскіде «Жеңіс ортақ. Қазақстан-Беларусь» кітабы шықты [Электрондық ресурс] : [Т. Жангелдин туралы бейнежазба] / Ұ. Нарынбек, Г. Омарбекова, Б. Нүсіпбеков // Хабар : сайт. – Пайдалану орны : http://khabar.kz/archive/kz/lemde/item/22914-minskide-zhenis-ortak-kazakstan-belarus-kitaby-shykty (05.04.2017)

Т. Жангелдиннің 100 жылдығына орай ескерткіш монеталар айналымға шығады [Электрондық ресурс] // Атамекен : сайт. – Пайдалану орны : http://abctv.kz/kz/last/13979 (05.04.2017)

Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады "Дяди Коли" [Электронный ресурс] : [о Т. Жангельдине] / А. Сулейменова // Nomad-Кочевник : сайт. – Режим доступа : http://www.nomad.su/?a=15-201606240005 (05.04.2017)

Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады "Дяди Коли" [Электронный ресурс] : [о Т. Жангельдине] / А. Сулейменова // Казахстанская правда : сайт. – Режим доступа : http://www.kazpravda.kz/fresh/view/hrabrii-partizan-iz-brigadi-dyadi-koli/?print=yes (05.04.2017)

Нацбанк выпустил монету в честь 100-летия ученого Токтагали Жангельдина [Электронный ресурс] // Хабар : сайт. – Режим доступа : http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/68720-natsbank-vypustil-monetu-v-chest-100-letiya-uchenogo-toktagali-zhangeldina (05.04.2017)

Токтагали Жангельдин: государственный деятель, ученый, фронтовик-партизан[Электронный ресурс] // Институт истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова : сайт. – Режим доступа : http://iie.kz/?p=5431&lang=ru (05.04.2017)

Документальный фильм о Токтагали Жангельдине презентовали в НАН РК [Электронный ресурс] / Информационно-аналитический портал BNews.kz : сайт. – Режим доступа : http://bnews.kz/ru/news/obshchestvo/dokumentalnii_film_pro_toktagali_zhangeldina_prezentovali_v_nan_rk-2016_04_28-1269109 (05.04.2017)

Жангельдин, Е. Токтагали Жангельдин [Электронный ресурс] / Е. Жангельдин // Белорусский портал в Казахстане : сайт. – Режим доступа : http://www.belarus.kz/kultura/zhankeldin_vov (05.04.2017)

Гранов, В. Воспоминания о Т. Жангельдине [Электронный ресурс] / В. Гранов // Беларускі портал в Казахстане : сайт. - Режим доступа : http://www.belarus.kz/kultura/zhankeldin_vov_uspaminy (05.04.2017)