Известные имена

Қайырбеков Ә.

Қайырбеков Әділғазы – ақын, әдебиетші, журналист, Қазақстанның мәдени қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Қайырбеков Әділғазы (1955 ж.) – ақын, әдебиетші, журналист, ғалым-филолог, Қазақстанның мәдени қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

1955 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жәнтікей (қазір Қожагелді) ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ (1978, қазір әл-Фараби ат. Қаз ҰУ) бітірген,  кандидаттық диссертация қорғаған.  С. Мұқанов әдеби-мемориалды мұражай-үйінде экскурсовод (1978), «Жастар» қазақ телередакциясының редакторы  (1979-1981), тілші, кейін «Жас алаш» газетінде бөлім меңгерушісі (1981-1991), «Халық кеңесі» газетінде руханият бөлімінің меңгерушісі (1991-1996), «Қазақ елі» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары және «Шалқар» газетінің қосымша редакторы қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бері – С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов әдеби-мемориалды мұражай кешенінің директоры.

2015 жылы 10 томдық шығармалар жинағы «TST Company» баспа компаниясынан жарық көрді. Алғашқы үш томға – өлеңдері, толғаулары, балладалары мен поэмалары, 4-томға – С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің өмір жолдары, шығармашылық байланыстары туралы жазылған эсселер, ғылыми-зерттеу мақалалар, ғылыми баяндамалар, ой-толғамдар, 5-томға – әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым және қоғамдық-әлеуметтік мәсе­лелерге қатысты жазылған мақа­лалар, 6-томға – сыр-сұхбаттар, 7-томға – эсселер, әдеби портреттер, естеліктер, 8-томға – «Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы» монографиясы, мақалалар, 9-томға – деректі әңгімелер, очерктер, күнделік, әріптестер лебізі, 10-томға – мақалалар және библиографиялық көрсеткіштері топтастырылды.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасы (1987), «Астанаға - 10 жыл»мерекелік медалімен, ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінің «Даңқ жұлдызы» орденімен марапатталған.Жыр байқауларының лауреаты, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері (1999).

«Бастау» (1980), «Ақ тұма» (1984), «Шамшырақ» (1987), «Сөз бен іс» деректі әңгімелер мен очерктер («Слово и дело»), «Саға» (2003), «Ардакүрең» (2008), «Тұлғалар тағылымы» эссе және ой-толғамдар (2014), «Бөртостаған» (2005), «Сұлутал» (2009), «Жандауа» (2012) өлеңдер мен поэмалар жинақтарының,  «Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы» зерттеуінің авторы (2011). 

2023 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды. 

Ә. Қайырбековтың қатысуымен шыққан кітаптар

Книги, вышедшие при участии Ә. Кайырбекова

Мүсірепов, Ғ.  Таңдамалы шығармалары [Мәтін] / Ғ. Мүсірепов; құраст. Ә. Қайырбеков. - Алматы : ҚазАқпарат, 2012. - 112 б.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

Мақалалар – Статьи

Қайырбеков, Ә. Ғабит көп - Ғабең жалғыз [Мәтін] : [жазушы Ғ. Мүсірепов туралы естелік-әңгіме] / Ә. Қайырбеков // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 13 сәуір.- Б. 4.

Қайырбеков, Ә. Қайырымдылық қағидасы [Мәтін] : немесе қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов туралы ой-толғам / Ә. Қайырбеков // Егемен Қазақстан. - 2012. - 1 маусым. - Б. 9.

Қайырбеков, Ә. Мұражай қорындағы киімдерге қарап-ақ Ғабеңнің өте сәнді киінгенін байқауға болады [Мәтін] / Ә. Қайырбеков // Аңыз адам. - 2012. - № 18. -  Б. 45-46.

Өлеңдер – Стихи

Қайырбеков, Ә. Жұрт ұйқыда жатқанда жауған жаңбыр... [Мәтін] : өлең / Ә. Қайырбеков // Жалын. - 1996. - № 11-12. - Б. 45-49.

Қайырбеков, Ә. Науырызға ғашық қаңтармын [Мәтін] / Ә. Қайырбеков // Жас алаш. - 2003. -  7 қаңтар. - Б.5.

Қайырбеков, Ә. Балалық шақтан бір белгі [Текст] : өлең / Ә. Қайырбеков // Жұлдыз. - 2007. - № 10. - Б. 3-9.

Қайырбеков, Ә. "... Сексен түсті бояуы, Сезім осы сұрапыл!" : Жетпей тұр ғой; Көңіл; Есіңде ме келте көктем; Көлге құлаған көлеңкелер;  Сұрапыл [Мәтін] : өлеңдер / Ә. Қайырбеков // Егемен Қазақстан. - 2013. - 8 ақпан. - Б. 7. 

Қайырбеков, Ә. Өлеңдер [Мәтін] / Ә. Қайырбеков // Таң-Шолпан. - Алматы, 2013. - № 1. -  Б. 49-59.

Қайырбеков, Ә. Өлеңдер [Мәтін] / Ә. Қайырбеков // Жыр маржаны : он томдық қазақ поэзиясының антологиясы. Т. 7. - Алматы : Мереке, 2014. - Б. 107-116.

Ә. Қайырбеков туралы әдебиеттер

Литература о Кайырбекове А.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] :  энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Қайырбеков Әділғазы: б. 430-431.

Жыр маржаны [Мәтін] : он томдық қазақ поэзиясының антологиясы. Т. 7. - Алматы : Мереке, 2014. -Әділғазы Қайырбеков: б 106. 

Кенжеханұлы, М. Ақын алпыс жылдығын Алтайда атап өтті [Мәтін] : [А. С. Пушкин атындағы кітапханада ақын Ә. Қайырбековпен кездесу өтті] / М. Кенжеханұлы  // Дидар. - 2015. - 1 маусым. -