Сұбханбердин Сәлкен Хасенұлы (1914-1986 жж.) - медицина ғылымдарының докторы, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент, жазушы, драматург.
Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1933 жылы Семей фармацевтика мектебін бітіріп, оқу бөлімі меңгерушісі, ал, 1935-1938 жж. осы мектептің директоры болып тағайындалады. 1938-1941 жж. Алматы облыстық дәріхана басқармасына басшылық жасайды, 1941-1945 жж. Алматы және Талдықорған облыстарының Сарқанд, Октябрь, Гвардия аудандарында аудандық атқару комитетінің басшысы болды. 1946-1948 жж. – Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1948 жылы тамызда Қазақстан дәріханалар басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Сәлкен Хасенұлы И. М. Сеченов атындағы 1-ші Мәскеу медицина институтының фармацевтика факультетінде жоғары медициналық білім алды. 1964 жылы фармацевтика ғылымының кандидаттығына диссертация қорғады (тұңғыш қазақ, алғаш рет қазақ тілінде қорғады). 1968 жылы доцент атағына ие болды.
1965 жылы оның емдік дәрілер туралы алғашқы кітабы «Дәрі – дертке дауа, жанға шипа», бір жылдан кейін - "Настольная книга чабана", ал, 1968 жылы - "Растения - источник лекарственных препаратов" кітаптары жарық көрді.
С. Х. Сұбханбердин медицина және фармация тақырыбы бойынша 72 ғылыми еңбек, соның ішінде, 13 кітап және монография, 300 ден аса ғылыми мақала авторы. Сонымен бірге, С. Х. Сұбханбердин қазақ тілінде 14 пьеса жазды, соның қатарында: "Последняя ночь", "Кусаин из Кундызды", "Шындық, "Елжан" т. б. Бұл пьесалар облыстық және халық театрларында қойылады, радиоинсценировкалар арқылы беріледі. «Маленькие пьесы» (1965), «Истина № 3977» жинақтарына енген.
«Құрмет белгісі» ордені және бес медальмен, Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Заслуженный фармацевт Казахской ССР» және «Отличник здравоохранения СССР», Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, СССР Журналистер одағының мүшесі.
Алматы қаласындағы медицина тарихы және денсаулық сақтау мұражайы С. Х. Сұбханбердин есімімен аталады.
С. Х.Сұбханбердин «Рахман қайнары» шипажайын ұйымдастырып, құрды.
С. Х. Сұбханбердиннің ғылыми еңбектері
Научные труды С. Х. Субханбердина
Субханбердин, С.Х. Лекарственная помощь и история развития аптечного дела в Казахстане[Текст] : / С. Х. Субханбердин. - Алма-Ата, 1965.
Субханбердин, С. Х. Дәрі-дертке дауа, жанға шипа [Мәтін] . 2 т. - Алматы, 1994.
Т. 1. - 446 б.
Т. 2. - 360 б.
Субханбердин, С. Х. Есірткі - қазіргі заман кеселі [Мәтін] : / С. Х. Субханбердин. - Алматы : Ғылым, 2002. - 40 б.
Сұбханбердин, С. Х. Дәрі - дертке дауа, жанға шипа [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин. - Алматы, 2004. - 360 б.
Сұбханбердин, С. Х. Қазақстанда дәріханалық істің даму тарихы [Текст] : = История развития аптечного дела и лекарственной помощи в Казахстане / С. Х. Сұбханбердин. - Алматы : Мария, 2004. - 456 с.
История фармации [Текст] : учеб. пособие / Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский университет Болашак ; сост. С. К. Болдыш. - Караганда : Болашак-Баспа, 2013. - 172 с.
Көркем шығармалар
Художественные произведения
Субханбердин, С. Х. Шындық [Мәтін] : пьесалар жинағы / С. Х. Субханбердин. - Алматы : Жалын, 1977. - 140 б.
С. Х. Сұбханбердиннің қатысуымен шыққан кітаптар
Книги, вышедшие при участии С. Х. Субханбердина
Гольдман, М. М. Сборник материалов в помощь практическим работникам аптечных учреждений [Текст] : / М. М. Гольдман, Н. Д. Жучков; под ред. С. Х. Субханбердина. - Алма-Ата, 1961. - 274 с.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Сұбханбердин, С. Х. Жүрек және ауа райы [Мәтін] : / С. Х. Сұхбанбердин // Денсаулық. - 2007. - № 12. - Б. 8-9.
Сұбханбердин, С. Х. Адамдар неліктен ашушаң болады [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин // Денсаулық. - 2008. - № 3. - Б. 8-9.
Сұбханбердин, С. Х. Біздің миымыз [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин // Денсаулық. - 2008. - № 11. - Б. 19.
Сұбханбердин, С. Х. Күн сәулесі және денсаулық [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин // Денсаулық. - 2008. - № 6. - Б.12-13.
Сұбханбердин, С. Х. Сіреспе [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин // Денсаулық. - 2008. - № 12. - Б. 8.
Сұбханбердин, С. Х. Теміреткі [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин // Денсаулық. - 2008. - № 7. - Б. 8-9.
Сұбханбердин, С. Х. Жүрек ауруы жөнінде не білуіміз керек? [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин // Денсаулық. - 2010. - № 6. - Б. 8-9.
Сұбханбердин, С. Х. Жүрек тамырларының атеросклерозы [Мәтін] : / С. Х Сұбханбердин // Денсаулық. - 2012. - № 12. - Б. 26-27.
Сұбханбердин, С. Х. Тырысқақ [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин // Денсаулық. - 2012. - № 10. - Б. 6-7.
Сұбханбердин, С. Х. Әлдендіргіш дәрілер [Мәтін] : / С. Х. Сұбханбердин // Денсаулық. - 2013. - № 8. - Б. 24-25.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Қазақ совет энциклопедиясы [Мәтін] : 10 т. - Алматы, 1977. - Сұбханбердин Сәлкен Хасенұлы: 459 - 460 б.
Советтiк Қазақстан жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық анықтамалық. - Алматы, 1987. - Сұбханбердин Сәлкен: 582 - 583 б.
Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық.Т. 2 : Қ-Я. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - Сұхбанбердин Сәлкен Хасенұлы: 387-388 б.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Сұхбанбердин Сәлкен Хасенұлы: 709-710 б.
Әбілев, Д. Шындық сыршылы [Мәтін] : (медицина ғалымы, жазушы Сәлкен Сұбханбердиннің туғанына 80 жыл) / Д. Әбілев // Қазақ әдебиеті. - 1994. - 29 сәуір. - Б.12.
Адырбекұлы, К. "Адал ұлы, азаматы Алаштың..." [Мәтін] : [С. Х. Сұхбанбердин туралы] / К. Адырбекұлы // Ертіс өңірі. - 2004. - 26 тамыз. - Б. 28-29.
Интернет-сілтемелер
Субханбердин Салькен Хасенович [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс Музея истории медицины и здравоохранения Казахстана им. С. Х. Субханбердина : сайт. – Режим доступа :http://ukmaslihat.vko.gov.kz/ru/citizens_03.htm (24.11.2018)
«Первые фармацевты в Казахстане и становление аптечного дела» [Электронный ресурс] : [ Об С. Х. Субханбердине] : сайт. - Режим доступа : https://vk.com/note75510678_11716463 (24.11.2018)
Субханбердин Салькен Хасенович [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс Павлодарской областной универсальной научной библиотеки им. С Торайгырова.: сайт. – Режим доступа : http://map.pavlodarlibrary.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=110%3A2012-06-30-10-35-11&catid=6&Itemid=17&lang=ru (24.11.2018)