Ыбыраев Зарықбай (1921-1972) – ақын.
1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жарлы ауылдық кеңесінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Бастауыш класты бітірген соң,1933 жылы Зайсан қаласындағы қазақ орта мектебінің 5-сыныбына оқуға қабылданып, интернатта тәрбиеленген. Орта мектепті 1939 жылы бітіріп, сол жылғы тамыз айынан бастап Зайсан аудандық «Социалистік жол» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек жолын бастаған.
1939 жылы қазан айында әскери борышын өтеуге аттанады. Украинадағы Киев ерекше әскери округіндегі 72 – атқыштар дивизиясының 33 - гаубицалық артиллерия полкінің полк мектебіне қабылданады. Көп ұзамай басқарманың барлау взводында бөлімше командирі қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысы басталысымен оңтүстік –батыс майдан шебіндегі, Днепропетровск облысы Пятихат ауданындағы ұрыстарға қатысады. Бірнеше мәрте жараланып қайта ұрысқа кіреді.
1943 жылғы қыркүйек айынан жеңіс күніне дейін 2 - Украина майданының 81 - гвардиялық дивизиясының 233 -гвардиялық атқыштар полкі құрамында взвод командирінің көмекшісі, 3 - Украина майданының 672 - жеке зенитті пулеметті ротасында зенитті-пулеметті есептің командирі болды. 1946 жылы әскер қатарынан босап, Зайсан қаласына оралды.
1946-1949 жылдары Зайсан аудандық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, аудандық халық соты қызметтерін атқарды. 1949-1953 жылдары Алматының Абай атындағы педагогикалық институтына түсіп (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ), тіл-әдебиет факультетін үздік тәмамдады.
Кейінірек Зайсан ауданында мұғалім, Өскемендегі Жамбыл атындағы орта мектепте директор болып істеді. 1957 жылы Өскемен қалалық кеңесінің сессиясы Зарықбай Ыбыраевты Өскемен қалалық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары және қалалық жоспарлау комиссиясының төрағасы етіп бекітті.
1961 жылдан бастап он жыл бойы еңбекшілер депутаттары облыстық Кеңесінің депутаты ретінде еңбекшілер депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы болып сайланды. Басшылық қызметтерде жүрген кезінде жас журналистер, ақындарға ерекше қамқорлық көрсетіп отырған.
Еңбегі бірнеше отандық марапаттармен дәріптелген. «Өскемен оттары», «Алтайым - асқар асуым», «Замана сазы»кітаптарының авторы.
Зарықбай Ыбыраев ұзаққа созылған ауыр науқастан 1972 жылы қайтыс болды.
З. Ыбыраевтың шығармалары
Произведения Ибраева З.
Кітаптар - Книги
Ыбыраев, З. Өскемен оттары [Мәтін] / Ыбыраев З. - Алматы : Қазақстан, 1974. - 80 б.
Ыбраев, З.Алтайым - асқар асуым [Мәтін] : өлеңдер мен толғаулар, балладалар / З. Ыбраев. - Алматы : Жазушы, 1973. - 120 б.
Ыбраев, З.Замана сазы [Мәтін] : өлең, толғау, баллада / З. Ыбраев. - Алматы : Жазушы, 1971. - 79 б.
З. Ыбыраевтың жарияланымдары
Публикации Ибраева З.
Бейсеуов, Ә. Өскеменiм - әнiм менiң : "Аңсап келем, аңсап келем алыстан..." [Нота] / Ә. Бейсеуов, сөзi З. Ыбыраевтiкi // Коммунизм туы. - 1989. - 8 март.
Ыбыраев, З. Кендi Алтайдың қалаулысы [Мәтін] : [Ғ. Мүсiреповтiң 70 жасқа толуына орай] / З. Ыбыраев // Қазақ әдебиетi. - 1972. - 17 март.
Ыбыраев, З. Өскемен оттары [Мәтін] / З. Ыбыраев // Коммунизм туы. - 1970. - 30 сентябрь.
Ыбыраев, З.Құрылыс алаңы; Шопан [Мәтін] : өлеңдер // Социалистік Қазақстан. - 1966. - 20 март.
Ыбыраев, З. Ыстық құшақтар [Мәтін] : баллада / З. Ыбыраев // Қазақ әдебиетi. - 1965. - 15 октябрь.
Ыбыраев, З. Асыл аға [Мәтін] : өлең / З. Ыбыраев // Коммунизм туы. - 1965. - 10 август.
Ыбыраев, З. Қынаптағы қылыш [Мәтін] : баллада / З. Ыбыраев // Социалистік Қазақстан. - 1965. - 31 октябрь.
З. Ыбыраев туралы әдебиет
Литература об Ибраеве З.
Байбатыров, Ғ. Шығыс Қазақстан ақындары [Мәтін] : көркем әдебиетті насихаттайтын лекторларға көмекші құрал / Ғ. Байбатыров. - Өскемен, 1981. - 22 б.
Байдельдинов, В. Н. Ақ ордасы білімнің шығыстағы [Мәтін] / В. Н. Байдельдинов. - Өскемен : Панорама-Графикс, 2002. - 157 б.
Нұқайұлы, Т. Алтайдың ардақ тұтар түлегі [Мәтін] : [Зарықбай Ыбыраев ағамыз Кенді Алтайдан өмірге қанат жайған журналистер, ақындар үшін орны бөлек, ерекше қымбат тұлға. Әріптестерінің ақынның туғанына 80 жыл толуына орай ой толғаулары] / Т. Нұқайұлы // Дидар. - 2001. - 5 мамыр. - Б. 4.