Известные имена

Биназаров И.

Биназаров Иса (1898-1964) – ақын.

1898 жылы Семей өңірі Абай ауданы Абыралы совхозында дүниеге келген. Арғы атасы Байжан да, әкесі Биназар да кезінде елге мәлім, дәулетті адамдар болған. Иса жастайынан аңыз, қиссаларды жатқа айтатын. Бертін келе  Абай және оның айналасындағы ақындардың өлеңдерін жаттап, еліктеп өлеңдер шығарған.  1917-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер даярлайтын 2 жылдық  курста оқыған кезде Қ.Сәтбаев, Ж.Аймауытов, Ә.Қашаубаевпен танысып, араласады. Сол кезде шығып тұратын «Қазақ тілі» газетіне ел өмірі туралы хабарлар жіберіп тұрады. Ақын Иса Байзақовқа еліктеп жазған «Желдірме»  атты толғауы бар.  Бірнеше толғаулары «Халық ақындары», «Пернедегі термелер» және «Айтыс» жинақтарына енген. Өлеңдері мен толғаулары («Қаз дауысты Қазбек» толғауы және біраз жырлары) ҚР ҰҒА қорында сақтаулы.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

шығармалары

Биназаров, И. Қаздауысты Қазыбек [Мәтін] / И. Биназаров // Абай. - 2008. - №4. - Б. 44-53.

Биназаров, И. Ақылға бағынышты // Семей таңы. - 2003. - 14 наурыз. - 21 ақпан. - 14 б.

Иса Биназаров өмірі мен шығармашылығы

Литература о жизни и творчестве И. Биназарова

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] :  энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Иса Биназаров:  б. 272. 

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана.  -  Семей : Талант, 2005. - Иса Биназаров : б. 24-26.

***

Дүйсембаев, М. Иса Байназаров [Мәтін] : естен кетпес есімдер // Семей таңы. - 1990. - 18 тамыз.

Елдің елдігі мен берекесін жырлаған [Мәтін] :  ақын Иса Биназарұлының туғанына 100 жыл // Үш анық. - 1998. - 1 тамыз.