Известные имена

Жанболатұлы М.

Жанболатұлы Молдабек – қоғам қайраткері, журналист, шежіреші, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.Жанболатұлы Молдабек (1936 ж.) – қоғам қайраткері, журналист, шежіреші, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

1936 ж. 7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы  Абай ауданы Орда ауылында туған.1958 ж. Семей педагогикалық училищесін (қазіргі М. О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледж), 1962 ж. Семей педагогикалық институтын (қазіргі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық университет), 1947 ж. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.

1958-1972 жж. Абай ауданындағы Абай атындағы орта мектепте мұғалім, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1974-1986 жж. Ақсуат аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 1986-1988 жж. аудандық оқу бөлімінің, облыстық оқу бөлімінің инспекторы Семейдегі Шәкәрім атындағы орта мектептің директоры, 1988- 1996 жж. Жаңасемей аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының 1- орынбасары қызметтерін атқарды.

1996 жылдан бері дербес зейнеткер. Облыстық тіл комитетінің, «Абай» журналының ғылыми қызметкері, 1964-1997 жж. Абай, Ақсуат (қазіргі Тарбағатай ауданы), Жаңасемей аудандарында партия-кеңес органдарының мүшесіболып сайланған. Абай ауданында «Абай» Халық театрын, «Қаламқас» ән-би ансамблін құрды. Аудандағы тарихи – өлкетану мұражайын ашып, Абайдың 123, 150 жылдық мерейтойларының бағдарламасын жасап, ұйымдастырушылардың бірі болды. Абайдың Жидебайдағы мұражайын күрделі жөндеуден өткізуге мұрындық болды. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнайы тігілген 1356 қазақ үйді көріп бағалаған комиссияға төрағалық еткен. Ақсуатта «тарихи өлкетану мұражайы», Ақсуат ұлттық халық аспаптар оркестрін құрды. Жаңасемей ауданында тұңғыш рет оқушылар айтысын өткізді. Облыста ең алғашқы рет «Наурыз» мерекесін 2-3 күндік бағдарламамен, татардың «сабан той» үлгісінде жүргізді. Семей теледидарында екі жылда 24 тақырыпта «Өнеге» хабарын ұйымдастырды. Облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жүздеген мақалалары жарияланып, «Таным, талғам, тағылым» (1997), 6 томдық «Тобықты –Шыңғыстау шежіресі» (2002-2004), «Әнет баба» (2011), «Би ата» (2012) атты еңбектері жарық көрген.   

 

 

М. Жанболатұлының құрастыруымен жарық көрген кітаптар

Книги вышедшие с участием М. Жанболатулы

 

Жанболатұлы, М.Таным. Талғам. Тағылым. [Мәтін] / М. Жанболатұлы. - Алматы, 1996.- 122 б.

Жанболатұлы, М.Өнегелi өмiр[Мәтін] : деректi повесть / М. Жанболатұлы.- Алматы : Дәуiр, 1999.- 224 б.

Жанболатұлы, М. Тобықты - Шыңғыстау шежiресi [Мәтін] : көп томдық. 1-том / М. Жанболатұлы. - Алматы, 2004. - 519 б.

Жанболатұлы, М. Тобықты - Шыңғыстау шежiресi [Мәтін] : көп томдық. 2-том / М. Жанболатұлы. - Алматы, 2004. - 423 б.

Жанболатұлы, М. Тобықты - Шыңғыстау шежiресi [Мәтін] : көп томдық. 3-том / М. Жанболатұлы. - Алматы, 2004. - 423 б.

Жанболатұлы, М. Тобықты - Шыңғыстау шежiресi [Мәтін] : көп томдық. 4-том / М. Жанболатұлы. - Алматы, 2008. - 559 б.

Жанболатұлы, М. Тобықты - Шыңғыстау шежiресi [Мәтін] : көп томдық. 5-том / М. Жанболатұлы. - Алматы, 2008.- 346 б.

Жанболатұлы, М. Тобықты - Шыңғыстау шежiресi [Мәтін]: көп томдық. 6-том / М. Жанболатұлы. - Алматы, 2008. - 612 б.

Жанболатұлы, М. Әнет баба [Мәтін] : тарихи-танымдық толғамдар, ғибратты әңгiмелер мен арнаулар жинағы / М. Жанболатұлы. - [Алматы], 2011. - 367 б.

Тобықты Мамай батыр, би [Мәтін] / құраст.: М. Жанболатұлы. - Алматы, 2015. - 340 б.

 

 

М. Жанболатұлының мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары

Статьи М. Жанболатулы  опубликованные на страницах периодической печати

 

Жанболатұлы, М. Оқыған азаматты оқығанда [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Абай.- 1998. - № 2. - Б. 66-68.

Жанболатұлы, М. Мен бiлетiн Нұрекең [Мәтін] : [Елбасы Н. Назарбаев туралы] / М. Жанболатұлы // Қазақ Елi. - 2003. - 12 мамыр. - Б. 5.

Жанболатұлы, М. Той туралы толғансақ [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Семей таңы. - 2005. - 4 қараша (44). - Б. 13.

Жанболатұлы, М. Ата салтың - асыл қазынаң : халықтық педагогиканың тамыры, жетi атаның ұлттық рухты бiрiктiрудегi ролi туралы қытай аңызының мәнiн түсiну, американдықтарға көзсiз елiктеудiң тектiлiктен алыстатады дейдi қарт ұстаз " [Мәтін] / М. Жанболатұлы, әңг. М. Иманғали // Сынып жетекшiсi = Классный руководитель.- 2005. - № 1. - Б. 18-20.

Жанболатұлы, М. Мен ұлтсыздандыруға қарсы күрестiм [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Жас Қазақ. - 2006. - 15 желтоқсан (№ 49/50). - Б. 12.

Жанболатұлы, М. Бiзде елiм деп, жүрегiн қолына ала жүгiретiн азамат аз [Мәтін] / М. Жанболатұлы, әңг. М. Әбсалықов // Айқын. - 2007. - 19 сәуiр (№ 69). - Б. 26.

 

 

Этнограф, шежiрешi, журналистiң өмiр тәжiрибесi 

Этнограф, летописец, опыт жизни журналиста

 

Жанболатұлы, М. Би ата [Мәтін] : (Кеңгірбай би Жандосұлы) / М. Жанболатұлы. - Семей, 2008. - 342 б.

Жанболатұлы, М. Нақышың қандай едi әз-Наурыз? " [Мәтін] / М. Жанболатұлы, әңг. С.Төлеуов // Алтын орда. - 2010. - 18-31 наурыз (№ 11/12). - Б. 14-15.

Жанболатұлы, М. Шежiре - бабаларымыздың киелi мирасы / М. Жанболатұлы // Абай мұражайының хабаршысы. - 2010. - № 1. - Б. 98-109.

Жанболатұлы, М. Бәрi тәуелсiздiктiң арқасы [Мәтін] / М. Жанболатұлы, әңг. Р.Нұғманбекова // Дала мен қала. - 2011. - 19 желтоқсан (№ 51). - Б. 11. - Жазушы-этнографпен шығармашылығы, еңбек жолы жайлы сұхбат.

Жанболатұлы, М. Бабадан қалған мол мұра [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Түркi әлемi. - 2012. - қаңтар (№ 1). - Б. 11; ақпан (№ 2). - Б. 11.

Жанболатұлы, М. Наурыз мерекесiн өткiзудiң концепциясы айқындалса...[Мәтін] / М. Жанболатұлы, әңг. Д.Бейсенбекұлы // Алаш айнасы. - 2012. - 21 наурыз (№ 48). - Б. 6.

 

 

Наурызтанушы-этнографпен сұхбат

Интервью с этнографом

 

Жанболатұлы, М. Iзгiлiктiң бағы мәуелi / М. Жанболатұлы // Айқын. - 2012. - 19 қаңтар (№ 11). - Б. 21. - Танымал ұстаз Нағима Құмарова туралы.

Жанболатұлы, М. Халық сүйген "Қаламқас" [Мәтін] : ["Қаламқас" ән-би ансамблiнiң құрылғанына 40 жыл] / М. Жанболатұлы // Алаш айнасы.- 2012. - 6 қараша (№ 197). - Б. 5.

Жанболатұлы, М. Әнет баба  [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Айлапат. - 2013. - № 2. - Б. 34-37.

Жанболатұлы, М. Рахымбек құрған оркестрдiң бәрi "халықтық" атақ алып шықты [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Дидар.- 2014.- 4 қыркүйек (№ 102). - Б. 21. - Сазгер Р. Ноғайбаев және "Бибiгүл" ұлт-аспаптар оркестрi жайында.

Жанболатұлы, М. Серiлiк пен шеберлiк үйлесiмi [Мәтін] : [композитор Арғынбек Ахметжанұлы туралы] / М. Жанболатұлы // Мәдениет. - 2015.- № 6. - Б. 50-53.

Жанболатұлы, М. Ел басқару iсiнде Кеңгiрбай бидiң үлгiсiн ұстаған [Мәтін] : [Қ. Өскенбайұлының ата тегi, тобықты руы, одан шыққан атақты билерге қатысты шежiрешi, Құнанбай қажының ұрпағымен сұхбат] / М. Жанболатұлы, әңг. Қ. Аманқосова // Аңыз адам. - 2015. - № 13. - Б. 41.

Жанболатұлы, М. Ұлттық болмысымыздың бастауы [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Семей таңы.- 2015.- 20 наурыз (№ 22).- Б. 8.

Жанболатұлы, М. Ұлыстың Ұлы күнi - Наурыз тойының дәстүрлi рәсiмдерi жайында [Мәтін] / М. Жанболатұлы // Абай. - № 2. -  2017. - Б. 101.

Жанболатұлы, М. Киiз үйден - кремль сахнасына дейiн... [Мәтін] / М. Жанболатұлы// Абай.- 2017.- № 2.- Б. 45-47. - М. Әуезовтiң қазақ драматургиясына қосқан еңбектерi.

 

 

М. Жанболатұлы туралы мақалалар

Статьи о М. Жанболатулы

 

Сейсенұлы, Д. Ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтаған [Мәтін] : жергілікті этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатов ақсақал туралы бір үзік сыр / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 8.

Оразғалиев, Б. Абзал ақсақал [Текст] / Б. Оразғалиев // Семей таңы . - 2014. - 8 сәуір. - Б. 5.