Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Тәбәрікұлы С.

Тәбәрікұлы Сейітмұхамет (Сейітжан) (1928-2016) – жазушы, тарихшы

Сейітмұхамет (Сейітжан) Тәбәрікұлы 1928 жылы 17 наурызда Семей облысы, Абыралы ауданы, Сарыапан ауылында дүниеге келген.

1946 жылы Қайнар орта мектебін бітірген соң Қазақ мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетіне студент атанып, кейін отбасылық жағдайына байланысты білімін сырттай жалғастырады.

Еңбек жолын 1947 жылы Аякөз қаласындағы N8 теміржол орта мектебінде аға тәлімгер, 1947-1948 оқу жылында «Буденный» колхозындағы бастауыш мектепте, 1948 - 1949 оқу жылдары Сергиополь орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарды.

1950 жылы сәуір айынан 1953 жылдың қараша айына дейін С. Тәбәріков N 5 Тынық мұхит Әскери флотында азаматтық борышын өтейді. Әскер қатарында жүріп Владивосток мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін аяқтап, ұстаздық мамандық алады.

1953 жылдың соңында елге оралған Сейітмұхамет Тәбәріков Абыралы ауданы, Қайнар орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарады.

1954 жылдың күзінде Семей облыстық партия, комсомол комитеттері Сейітмұхамет Тәбәріковті Абай аудандық комсомол жастар комитетінің бірінші хатшылығына ұсынады.

1956 жылдың соңында Семей облыстық партия комитеті Сейітмұхамет Тәбәріковті Ақсуат аудандық партия комитетіне жібереді. 1956-1957 жылы Ақсуат аудандық партия ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі, 1957-1958 жылдары – аудандық комитеттің хатшысы, ал 1958 жылдың сәуір айынан 1960 жыл аралығында Ақсуат аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарған.

1965 жылы Жаңадан құрылған Шұбартау аудандық партия комитетінің екінші хатшылығына сайланады. Отан алдында адалда, жемісті қызметі үшін 1973 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, жиыны 10-нан астам медальмен марапатталған.

1986 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының XVI съезіне делегет болып қатысады. Облыстық, аудандық халық кеңесі депутаттығына ондаған рет сайланады.

1989 жылдан 1997 жылға дейін Новошульба ауданы бойынша халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы міндетін атқарады.

Зейнеткерлікке шыққан жылдан бері Сейітмұхамет Тәбәрікұлы шығармашылық жұмысқа ден қойды. Тарихшы ретінде ел-жерге қатысты көптеген қызықты деректерді зерттеп, қаламынан ұрпақ үшін асыл қазына болып қалатын кітаптар туды. Әсіресе Алаш қайраткерлері, Абай өміріне қатысты құнды деректерге толы еңбектер жазды. Қазақ

ауыз әдебиетінде ерекше із қалдырған Жанақ Сағындықұлының шығармашылығын зерттеген «Жанақ ақын» кітабы оқырман олжасына айналды. Одан өзге «Қайран Мәннан», «Замана ағысы», «Жүрек сөйлейді», «Алаштың алтын көпірлері», Кәмила Мұхтар жұмбағы» сияқты оннан астам кітабын жұрт жылы қабылдады.

Қазақ руханияты, Семей жұртшылығы ауыр қазаға душар болды. 89 жасқа қараған шағында 2016 жылдың 28 желтоқсанында республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, қазыналы қарт, ақылман абыз ақсақал Сейітмұхамет Тәбәрікұлы дүниеден өтті.

С. Тәбәрікұлы шығармалары

Произведения Табаракулы С.

Кітаптар – Книги

Тәбәрікұлы, С. Жанақ ақын [Мәтін] : зерттеулер, мақалалар / С. Тәбәрікұлы. - Алматы : Сөзстан, 1997. - 161 б.

Тәбәрікұлы, С. Замана ағысы [Мәтін] : естеліктер, мақалалар, әдеби мұралар / С. Тәбәрікұлы. - Алматы : Өлке, 1998. - 188 б.

Тәбәрікұлы, С. Мәннан Тұрғанбаев [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы . - Алматы : Қайнар, 1999. - 36 б.

Тәбәрiкұлы, С. Шарлаған жолым жатыр жер бетiнде... [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы. - Алматы: Сөзстан, 2000.- 166 б.

Тәбәрікұлы, С. Жүрегім неге тулайсың? [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы. - Алматы : Сөзстан, 2002. - 336 б.

Тәбәрікұлы, С. Қайран, Мәннан [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы. - Алматы : Қағанат - ҒМО баспасы, 2002. - 258 б.

Тәбәрiкұлы, С. Жүрек сөйлейдi...: дәуiрнама-жәдiгернама[Мәтін] / С. Тәбәрікұлы.- Алматы, 2007.- 342 б

Тәбәрiкұлы, С. Кәмилә - Мұхтар жұмбағы: роман-дерек[Мәтін] ] / С. Тәбәрікұлы.- Алматы: Орхон, 2015.- 272 б.

Тәбәрiкұлы, С. Тауқымет [Мәтін] : [Абайұлы Мағауияның отбасы тағдыры жәйлi деректi роман-эссе] / С. Тәбәрікұлы. - Семей: Издат. Центр "FI", 2005.- 160 бет: сур., 20,5 см

С. Тәбәрікұлының мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары 

Публикации Табаракулы С. в периодических изданиях и сборниках

Тәбәрiкұлы, С. Жыр дүлдүлi [Мәтін] : [Ж.Сағындықұлының туғанына 225 жыл толуына орай] С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 1995. - 4 мамыр. - Б. 2

Тәбәрікұлы, С. Мұхтар сүйген бір сұлу [Мәтін] : [Кәмилә Мағауияқызы хақында] / С. Тәбәрікұлы // Абай. - 1997. - № 4. - Б. 67-70

Тәбәрікұлы, С. Мұхтар тағылымы [Мәтін] : [М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына орай] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 1997. - 12 тамыз

Тәбәрiкұлы, С. Мұның аты – зұлмат : [Нұрғали Файзоллаұлының естелiгi] // Қаржы-қаражат. - 1997. - N 8. - Б. 43-46 .

Тәбәрiкұлы, С. Жақсыдан тағлым [Мәтін] : [М.Әуезовтiң 100 жылдығына орай] С. Тәбәрікұлы // Дидар. - 1997. - 23 қыркүйек. – Б. 2

Тәбәрікұлы, С. Жазықсыз жесір [Мәтін] : [татулық пен еске алу жылына орай] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 1997. - 20 қараша. – Б. 4

Тәбәрікұлы, С. ...Бір ғана сәтке жай құшақ [Мәтін] : [Абыралылық белгілі ақын-сазгер Н.Шәкеновтің туғанына 70 жыл (1928-1983) / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 1998. - 2-8 шілде.- Б.10

Тәбәрікұлы, С. Жанақ ақын(1770-1856ж.ж.) [Мәтін] : [суырып салма поэзиясының дүлділі Жанақ Сағындықұлының туғанына 225 жыл.) / С. Тәбәрікұлы // Жұлдыз. - 1998. - № 2. - Б. 114-144

Тәбәрікұлы, С. Тіл мәртебесі- ел мәртебесі [Мәтін] : [Өскемен қаласында өткен халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының көшпелі алқа жиынынан] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 1998. - № 26 қараша - 2 желтоқсан. - Б. 4

Тәбәрікұлы, С. Мәннан Тұрғанбаев. [Мәтін] : ["Семей таңы газетінің тұңғыш редакторы болған] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 1999. - №12 - 18 тамыз. - Б. 4.

Тәбәріков, С. М. Тұрғанбаев [Мәтін] : [алаш арысы жайында] / С. Тәбәріков // Семей таңы. - 1999. - №18 - 24 қараша. - Б. 2.

Тәбәрікұлы, С. Абай және Жанақ [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Қазақ тарихы. - 2001. - № 2. - Б. 57-62

Тәбәрікұлы, С. Хан Мырзаш [Мәтін] : [тәуелсіздіктің 10 жылдығына байланысты "Шұбартау көтерілісі" туралы шындық] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 2001. - №15.- Б.11; N17.-9; N20.-11.

Тәбәрiкұлы, С. Сынақ зардаптарынан арылмай жатып... Ядролық қалдықтарға құмартуымыз қалай? [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Егемен Қазақстан. - 2001. - 2 қазан.

Тәбәрікұлы, С. Нар жүгін арқалаған азамат [Мәтін] : [жазықсыз жапа шеккен Мәннән Тұрғанбаевтың ағартушылық, әдебиет зерттеушілік қызметі туралы] / С. Тәбәрікұлы // Дидар. - 2001. - 25 қазан.- Б. 2

Тәбәріков, С. Қайран Мәннан [Мәтін] : [Мәннан Тұрғанбаев туралы материал жинап жүрген семейлік Сейітжан Тәбәріков тұңғыш редактор туралы мағлұмат тауып жариялап отыр] / С. Тәбәріков // Семей таңы. - 2002. - № 21. - Б. 3

Тәбәрiкұлы, С. Алты алаштың арысы [Мәтін] : жазасыз жазаланған қоғам қайраткерi Мәннан Тұрғанбаев туралы (1886 ж. туған) С. Тәбәрікұлы // Орталық Қазақстан. - 2003. - 29 наурыз. – Б. 10.

Тәбәрiкұлы, С. Мәннән Тұрғанбаев : [мұғалiм, әдебиетшi, алаш азаматы туралы Семей архивiнен алынған деректер бойынша]/ C. Тәбәрікұлы // Шәкәрiм.- 2005.- N 1. – Б. 115-119.

Тәбәрiкұлы С. Қазақтың асыл азаматы: [ұстаз, белгiлi өнер зерттеушi, ҚР мәдениетiне еңбегi сiңген қайраткер Бақтажар Мекiшев туралы] // Семей таңы. - 2005. - 27 тамыз. - 16 б.

Тәбәрікұлы, С. Ұлы жазушы және алаш [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 2007. - 29 наурыз.- Б. 9.

Тәбәрікұлы, С. Есімдерін жаңғырту азаматтық борышымыз [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 2007. - 31 мамыр.- Б. 3.

Тәбәрікұлы, С. Семейде болған Алаш көсемдері [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Ертіс өңірі. - 2007. - 12 желтоқсан.- Б. 12-13.

Тәбәрiкұлы, С. Мәңгiлiк ғұмыры, асыл рухы өшпейдi [Мәтін] : ақиық ақын, сазгер Сейiтқали Қалыбековтi еске алу/ С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 2008. - 14 ақпан. – Б. 9.

Тәбәрiкұлы, С. Салтанатты Сарыарқа[Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы.- 2008. - 3 шiлде. – Б. 2

Тәбәрiкұлы, С. Жақсыны арман етсе, өмiр де оңды болмақ [Мәтін] : [еңбек арадагерi, жазушымен сұхбат] С. Тәбәрікұлы // Семей таңы.- 2008. - 13 наурыз . - Б. 4

Тәбәрiкұлы, С. Мұхтар сүйген бiр сұлу [Мәтін] / С.Тәбәрікұлы // Алтын орда. - 2008. - 24-30 сәуiр. – Б. 15-16

Тәбәрiкұлы, С. Алаштың арда ұлы : Абыралының 80 жылдығына орай Қабыкен Құсайынұлының туғанына 100 жыл // Семей таңы. - 2008. - 14 тамыз. – Б. 4.

Тәбәрiкұлы, С. Абыралы ақиқаты айтылса екен [Мәтін] : Семей облысы Абыралы ауданындағы ядролық сынақтардың зардаптары жайлы.// Егемен Қазақстан.- 2009. - 17 маусым . - Б. 5.

Тәбәрікұлы, С. Абыралы ақиқаты айтылса екен [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 2009. - 27 тамыз.- Б.3.

Тәбәрiкұлы, С. Газет бастауында - үш алып [Мәтін] : ["Семей таңы"газетiне - 90 жыл] // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. – Б. 4.

Тәбәріков С. Абай және Жанақ ақын [Мәтін] / С. Тәбәріков // Семей таңы. - 2010. - 11 ақпан.- Б.3.; 18 ақпан.- Б.4.

Тәбәрікұлы, С. Мағауия ақын [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Аудан тынысы. - 2010. - 23 шілде.- Б.5.; 27 шілде. - Б. 4.

Тәбәрікұлы, С. Тағы да Жанақ туралы [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы. - 2011. - 9

тамыз. - Б. 4

Тәбәрікұлы, С. Замананың тозағы мен тұзағы [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Семей таңы . - 2012. - 29 мамыр.- Б.3

Тәбәрiкұлы, С. Алаштың Мәннаны [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Шәкәрiм. - 2013. - № 2. – Б. 42-53.

Тәбәрiкұлы, С. Тарихи әдiлетсiздiк: әңгiме [Мәтін] : [жазушының "Тұлпардың iзi өшпейдi" атты шығармасынан Абыралы өңiрi жайлы үзiндi] / С. Тәбірікұлы // Семей таңы. - 2014. - 22 тамыз. – Б. 3

С. Тәбәрікұлы туралы әдебиеттер

Литература о С. Табаракулы

Тілеубердинов, Д. Қазыналы қария [Мәтін] : [семейлік қарт әнші- сазгер С.Тәбәрікұлы-70 жаста] / Д. Тілеубердинов // Семей таңы. - 1998. - 12 наурыз

Сәдуақасұлы Ә. Жанақ ақын [Мәтін] : [Жерлесіміз С.Тәбәрікұлының "Жанақ ақын" атты кітабы туралы] / Ә. Сәдуақасұлы // Дидар. - 1998. - 14 наурыз

Ахметов М. Ел тарихына арналған еңбек [Мәтін] : [С.Тәбәрікұлының жаңадан шыққан "Замана ағысы" атты кітабы туралы] / Ахметов М. // Семей таңы. - 1998. - №30 шілде-5 тамыз.- Б.10

Кәріпбаев, С. Сексен бестің төрінде [Мәтін] : [С.Тәбәрікұлы туралы] / С. Кәріпбаев // Семей таңы . - 2013. - 12 наурыз.- Б.3

Айтұлы, Н. Сейітжан [Текст] / Н. Айтұлы // Егемен Қазақстан . - 2014.- 8 сәуір. – Б.8

Әлімбек, Қ. Біздің тарих - ол дағы қалың тарих... [Мәтін] : [С.Тәбәрікұлы туралы] / Қ Әлімбек // Семей таңы . - 2015. - 27 қазан.- Б.1

Айтұлы, Н. Ғажайып ғұмыр кештің [Мәтін] : Сейітмұхамет ағамен қоштасу / Н. Айтұлы // Ертіс өңірі . - 2016. - 28 желтоқсан.- Б.17

Save