Известные имена

Бейсенов Ж.

Бейсенов Жабайыл – ақын, сазгер.Бейсенов Жабайыл (1935 - 2024 жж.) – ақын, сазгер.

1935 жылы 9 қарашада Қытай Халық Республикасы Тарбағатай аймағы Толы ауданы Жайыр тауының етегінде дүниеге келген. 1935-1942 жылдар аралығында ата-ана тәрбиесінде болып, 1943 жылдан  1951 жылға дейін Толы ауданындағы орталау мектепте білім алды. 1952-1956 жылдары Шәуешек қаласындағы қазақ гимназиясында оқыды. 1957-1961 жылдары арасында ШҰАР, Үрімші қаласындағы педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетін бітірді. 1962 жылы Қазақстанға келгеннен бастап, 1996 жылға дейін бұрыңғы Мақаншы ауданы (қазіргі Үржар ауданы, Шығыс Қазақстан облысы), Жарбұлақ орта мектебінде ұстаз болып жұмыс атқарды.

Жабайыл Бейсенов жеті өлеңдер жинағының  авторы. «Ауыл әуендері», «Алтын бесік ауылым», «Алакөлім аяулым», «Күнгейім менің» , «Балалық қызық, бал күндер», «Тасадағы тұма» мемлекеттік тапсырыс бойынша, «Жырлайды жылдар». Ақын жұртқа танымал 10-нан астам әндердің мәтінін жазды.  Олар «Достық толғауы», «Үржар вальсі», «Үржарым құтты мекен», «Жас ұлғайып», «Батыр баба», «Шапанай сазы», «Күнгейім менің», «Ауылым» болып кете береді.

Ұстаз болып жүрген кездерінде шәкірт тәрбиелеу ісіне баса көңіл бөлді. «Баспалдақ» атты әдебиет үйірмені  құрып, көптеген жас таланттардың көзін ашты. Бұл еңбегі жеміссіз қалған жоқ. Танымал ақындар Айжарық Абылқасымов, Алмахан Омарова, Дәулетхан Тастанбеков, белді журналист Айдархан Мұхамедкәрім де сол үйірмеден түлеп ұшқан шәкірттер.  Кезінде Республикалық «Қазақстан пионері» газетінде де арнайы бет беріліп, өлеңдері жарияланған. Ұстаздық жұмысында да өзіндік ізі бар.

Үржар ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасының «Халық ағарту ісінің үздігі», облыстық білім басқармасының және Үржар ауданы әкімінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.

 8 желтоқсан 2024 жылы дүниеден өткен. 

 

Ж. Бейсенов шығармалары

Произведения Бейсенова Ж.

 

Бейсенов, Ж. Ауыл әуендерi [Мәтін]: өлеңдер,балладалар және поэма/ Ж. Бейсенов. – Алматы : Жалын, 1982. - 40 б.

Бейсенов, Ж. Тасадағы тұма [Мәтін] / Ж. Бейсенов. - Алматы : Баспалар Үйі, 2009. - 248 б.

Бейсенов, Ж. Балалық қызық, бал күндер [Мәтін] : өлеңдер /Ж. Бейсенов. - Алматы: Атамұра, 2009. - 64 б.

Бейсенов, Ж. Жырлайды жылдар [Мәтін]/ Ж. Бейсенов. – Алматы : Атамұра, 2012. - 207 б.

Бейсенов, Ж. Күнгейiм менiң [Мәтін] / Ж. Бейсенов.- Алматы : Сөзстан, 2000. - 76 б.

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Статьи в периодических изданиях

 

Бейсенов, Ж. "Ауылым" әнінің сөзін мен жазсам да, әлі күнге дейін басқа ақындарға теліп жатады [Мәтін] / Ж. Бейсенов ; сұхбат. Б. Тайжігіт  // Дидар. - 2009. - 28 қараша. - Б. 5.

Бейсенов, Ж. Қиындығы жетерлік, қиюы қашқан жылдарым көп болды [Мәтін] / Ж. Бейсенов // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2016. - № 5. -  Б. 2-5.

 

Ж. Бейсенов туралы әдебиет

Литература о Бейсенове Ж.

 

"Алакөлім- Аяулым" [Мәтін] : [Үржар ауд. танымал ақын Ж.Бейсеновтың жаңадан жарыққа шыққан өлеңдер жинағы жайында] // Уақыт тынысы. - 1998. - 8 тамыз. - Б. 4.

Тайжігіт, Б. Жабайыл Бейсенов : "Поэзияда мен жай төбемін" [Мәтін] : ["Ауылым" әнінің авторы - Ж. Бейсенов жайлы] / Б. Тайжігіт // Уақыт тынысы. - 2009. - 13 маусым. - Б. 5.

Төлеуханұлы, Қ. "Ауылым" әнінің тарихы [Мәтін] / Қ. Төлеуханұлы // Ертіс өңірі. - 2009.- 13 қыркүйек. - Б. 13.

Ұлықбек, Б. "Ауылым" әнінің авторы ауданның Құрметті Азаматы атанды  [Мәтін] : [Үржарлық ақын Жабайыл Бейсенов туралы.] / Б. Ұлықбек // Дидар. - 2013. - 7 қыркүйек. - Б. 1.

Тайжігіт, Б. Мақаншыдан басталған махаббат жыры [Мәтін] / Б. Тайжігіт // Дидар. - 2017. - 14 қаңтар.- Б. 8-9.