Тихомиров Владимир Анатольевич (1957-2013) – ақын.
1957 жылы 15 мамырда Тәжікстан Республикасы Худжент (Ленинабад) қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск (қазір Риддер қаласы) келіп, орта мектепті бітіреді. 1977 жылы Томск политехникалық институтының химия факультетін аяқтайды. Кейін Алматы политехникалық институтын (қазір Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ҒТУ) тау инженері мамандығы бойынша бітірген. Тишин кен орны және ВЛКСМ 40 жылдығы атындағы кен орнында шахтер, смена мастері болды. 1987-1994 жж. –тау-кен ісінің әскери құтқару бөлімінде отряд командирі. 1994 жылдың күзінен 1996 жылға дейін Қырымда жұмыс істеді.
Бала кезінен өлең жазды. Қалалық «Родник» әдеби бірлестігі қызметіне қатысып, облыстық «Устье» поэзия студиясының шығармашылық жетекшісі Евгений Курдаковпен достасады. Өлеңдері «Лениногорская правда» және «Рудный Алтай» газеттері, «Простор», «Братина» журналдарында, «Синегорье», «Риддерская радуга» альманағында жарияланды.
1996 жылдың күзінен 2013 жылға дейін Германияның Берлин қаласында тұрды. Онда «Бош-Сименс» кәсіпорнында жүйе әкімшісі болды. Өлеңдері «Русская поэзия и проза в Германии» (1998) жинағы және «Век ХХІ» (2000) әдеби альманағында жарияланып тұрды.
Мәскеудің «Золотое перо» халықаралық поэзия конкурсынының лауреаты және дипломанты.
2013 жылы Германияның Берлин қаласында қайтыс болды.
В. А. Тихомировтың шығармалары
Произведения Тихомирова В. А.
Тихомиров, В. В полях повсюду... [Текст] : [стихи и биографические данные] / В. Тихомиров // Лениногорская правда. - 1987. - 18 июля.
Тихомиров, В. Заповедь [Текст] : [стихи, биографическая справка] / В. Тихомиров // Рудный Алтай. - 2017. - 21 декабря. - С. 20.
В. А. Тихомиров туралы әдебиеттер
Литература о Тихомирове В. А.
Немцев, М. С. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / М. С. Немцев. - 2-е изд. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. – Тихомиров Владимир Анатольевич: с. 151-152.
Владимир Тихомиров [Текст] : [биографическая справка] //Рудный Алтай. - 2017. - 21 декабря. - С. 20.