Тайшыбаев Мақсұт (1904-1938) – ақын, өңірдегі тұңғыш қазақ тілінде шыққан «Жұмысшы» газетінің (қазіргі облыстық «Дидар» газеті) алғашқы редакторы.
1904 ж. Қорғалжын ауылында Есіл ауданында Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Балалар үйінде тәрбиеленіп, 16 жасынан кеңестік жұмыстарға араласады.
1924 ж. Ақмола кеңес-партия мектебін бітіріп, Рабземлес губерния Одағы төрағасының орынбасары, 1926-1928 жж. Атбасарда халық соты, 1929-1931 жж. Атбасар уездік кәсіподақ бюросының төрағасы, Ақмола прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарады.
Облыстық, республикандық түрлі басылымдарда мақалалары жарық көріп жүрген Тайшыбаевты 1931 ж. 30 тамызда Қазақ өлкелік комитетінің 1-жатшысы Голощекин Риддер қаласында ашылуы тиіс «Жұмысшы» қазақ газетінің редакторы етіп жібереді.
Газетінің алғашқы саны сол жылы 24 қазанда жарыққа шығады.тайшыбаев «Алтайполиметалл» комбинатының жұмысшыларынан тілшілер қосының құрып, оларды жазу ісіне баулиды. Кейбірін Коммунистік журналистика институтына қысқа мерзімді курстарға жібереді.
1934 жылдан Қазақстан пролетар жазушылар Одағының мүшесі болған Тайшыбаев Одақтың Семей бөлімшесімен, қазақ әдебиетінің классиктері С. Сейфуллин, С. Мұқановтармен тығыз байланыста болады.
«Алтынды Алтай», «Қас дұшпанның қылығы», «Жұмысшы, қолыңды бер», т.б. шығармалардың авторы.
«Халық жауы» деген желеумен 1937 ж. тамызда қамауға алынып, 1938 ж. наурызда ату жазасына кесілген.
1957 ж. қыркүйекте ақталды қылмыс құрамының болмауына байланысты.
Ақынның 100 жылдық мерейтойы құрметіне 2004 ж. Риддер қаласындағы көшеге есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылды.
М. Тайшыбаев туралы әдебиет
Литература о Тайшыбаеве М.
Кітаптар - Книги
Қазақ жерінің зиялы азаматтары = Почитаемые люди земли Казахской [Мәтін]. Т. 11. – Алматы : Дәуір, 2005. - 608 б.
Қазақ жерінің зиялы азаматтары = Почитаемые люди земли Казахской [Мәтін]. Т. 13. – Алматы : Дәуір, 2006. - 736 с.
Қасымов, А. Қызыл қырғынның құрбаны [Мәтін] / А. Қасымов. - Алматы, 2004. - 91 б.
Қасымов, А. Тарихи жол [Мәтін] / А. Қасымов. - Өскемен, 2006. - 194 б.
Қасымов, А. Тарихи жол [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетінің даму жолдары / А. Қасымов. Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2011. - 232 б.
Қасымов, А. Туған жер әуендері [Мәтін] : жинақ / А. Қасымов. – Өскемен : Шығыс Полиграф, 2015. - 268 с.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Тайшыбаев Мақсұт: б. 721.
Мақалалар - Статьи
Байбатыров, Ғ. Ізденіс жемісі [Мәтін] / Ғ. Байбатыров // Дидар. - 2004. - 29 маусым.- Б.3.
Басылым басшылары [Мәтін] // Дидар. - 2006. - 26 желтоқсан.- Б.1-4.
Мысқал, У. Тұңғыш редакторды еске алды [Мәтін] / У. Мысқал // Дидар. - 2004. - 5 маусым.- Б.1.
Қасымов, А. "Жұмысшы" қазақтың қуат алар, рухын көтерер байрағы болған еді [Мәтін] : [облыстық "Дидар" газетіне 80 жыл] / А. Қасымов // Дидар. - 2011. - 24 мамыр.- Б.5.
Қасымов, А. Қызыл қырғын құрбаны [Мәтін] : сталиндік репрессия құрбаны, 1930 ж. Шығыс Қазақстан облысынан шығып тұратын "Жұмысшы" газетінің редакторы Мақсұт Тайшыбаев туралы / А. Қасымов // Жұлдыз . - 2005. - № 3. - Б. 178-186.
Азмухамбетов, Ш. "Я помню, как пришли за отцом" [Текст] / Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2004. - 29 мая. - С. 2.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Мәңгіліктің бекетінде [Электрондық ресурс] : (сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының рухына бағышталады) // Алтын қалам : сайт. – Пайдалану орны : http://www.akalam.kz/ru/lyrics/1307 (31.05.2018)
Тайшыбаев Максут [Электронный ресурс] // Открытый список : сайт. – Режим доступа : https://ru.openlist.wiki/Тайшибаев_Максут_(1904) (30.05.2018)