Рыльский Федот Давыдович(1920 – 1996жж.) – ақын, жазушы, журналист.
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Александровка селосында дүниеге келген. 1941 жылы майданға аттанады. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери тілші болады. Алғашқы өлеңдері 1941 жылдың тамыз айынан бастап «За Родину» дивизиялық газетіне басыла бастайды. 1944 жылға дейін майдан газеттерінде жарияланады. Соғыстан кейін кеңес баспасөзінде 34 жыл қызмет етті. Верхубаның «Стахановец полей» газетін шығаруға күш салды. Сондай-ақ, Марқакөл, Шемонайха аудандық газеттерін шығаруға шығармашылық қолдау беріп, облыстық басылымдарға публикациялар жариялады.
1967 жылдан бастап «Степная Таврия» газетіне басшылық етіп, зейнетке шыққанға дейін қызмет етті.
Ф.Рыльский Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін» медалі, лениндік мерейтойлық медальмен марапатталды. 1979 жылдан бастап – дербес зейнеткер.
1996 жылы 12 ақпанда қайтыс болды.
Рыльский Ф. Д мақалалар
Статьи Рыльского Ф. Д.
Рыльский Ф. Встреча;Родник [Текст] : Стихи / Рыльский Ф. // Путь Ильича. - 1994. - 15 март. - С.
Рыльский Ф. Даулгалы.Легенда,быль и явь [Текст] : Поэма / Рыльский Ф. // Степная Таврия. - 1995. - 20 мая
Рыльский Ф. Дорога в детство [Текст] : Поэма / Рыльский Ф. // Степная Таврия. - 1995. - 10,17,24 июня. - С. 10,17,24июня