Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Сейітханов А. М.

                   Сейтханов Амангельды Муатканович - известный спортивный журналист, поэт.

Сейітханов Амангелді (1969-2021) – тележурналист, спорт комментаторы

1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданы (қазіргі Үржар), Мақаншы ауылында туған.

ҚазМУ- дің журналистика факультетін (1994) бітірген. Айтыс ақыны ретінде танымал болып, бірнеше жыр додасына қатысқан. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдық тойында Семей облысының бас ақыны ретінде сынға түскен. Амангелді Үржарда өткен республикалық айтыста бас жүлдеге, жыр алыбы Жамбыл, Көкшетаудағы Ақан сері тойларында жүлделі орын алды.

1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде, 1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында «Тұғыр» атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болған. 1997 жылы «Хабар» арнасына ауысып, осы күнге дейін аталған агенттікте жұмыс істеп келді. Ол телеарнадағы спорт бөлімінде бас редактордың орынбасары қызметін де қатар атқарды. Кейін спорт жаңалықтарына арналған ақпараттық «Құмсағат», футболды насихаттайтын «Футбол, футбол...» бағдарламалары бірнеше байқауларда жүлде алды.

Футболдан 1998 жылы Франциядағы Әлем чемпионатында қазақ тілінде комментатор болды.Одан кейін 1999 жылы Бангкоктегі Азия ойындарын, 2002 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарын, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситидегі ақ Олимпиаданы «Хабар» арнасының эфирінде қазақша сөйлетті.

А. Сейітханов Елбасының Алғыс хатын алып, жылдың үздік журналисі атанған.

Еліміздегі спорт жүргізушілеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы     сыйлықтың (2000) лауреаты атанды. «Қазақ спортына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Амангелді Сейітханов 2021 жылы ковид саладарынан қайтыс болды.

А. М. Сейітханов туралы әдебиеттер

Литература о Сейтханове А. М.

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – А. Сейітханов : б.679.

Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т1. - Астана: Фолиант, 2011. – А.Сейтханов: б.149.

 

Мақалалар – Статьи

Сейітханов, А. 25 жылдың теңдессіз он минуты [Мәтін] : [Хьюстанда өткен әлем чемпионаты туралы] / А.Сейітханов // Жас алаш. - 1999. - 7 қыркүйек.

Сейтханов, А. "Болжаусыз осы екен ғой өмiр деген, күн бұрын көзге келiп көрiнбеген" [Мәтін] : тележүргiзушi Бейбiт Құсанбектiң қазасы жайында / А. Сейтханов // Айқын. - 2007. - 8 ақпан. - Б.14.

Сейтханов, А. Екi Олимпиадада - 15 алтын! [Мәтін] : [Бейжiң Олимпиадасында Америка қоржынына сегiз алтын медаль салған Майкл Фелпспен сұхбат] / А.Сейтханов // Жас Қазақ. - 2009. - 25 қыркүйек. - Б.11.

Сейтханов, А. Елу екі жылдың есесін қайтарған Бекзат [Мәтін] : бокстан әлем чемпионы Бекзат Саттарханов туралы / А. Сейтханов // Жас қазақ. - 2010. - 9 сәуір.

Сейтханов, А. Қылқұйрықтың қадiрiн бiлiп, табиғатын қапысыз ұққан... [Мәтін] : [Жылқының түр-түсi, аттың сыны, бабы туралы жылқышы М.Темiрбековпен сұхбат] /А.Сейтханов // Алаш айнасы. - 2010. - 22 мамыр. - Б. 5.

Сейтханов, А. Комментатор ойынды түсiнуi тиiс [Мәтін] / А.Сейтханов; әңг. Т.Күдеров // Алаш айнасы. - 2010. - 10 маусым. - Б. 5.

Сейтханов, А. Дүр сiлкiндiрген қазақ дзюдосы [Мәтін] /А.Сейтханов // Жас Қазақ. - 2012. - 20 қаңтар. - Б.11.

Сейтханов, А. Ыстық қой ықыласым сiзге деген... [Мәтін] : "Спорт" газетiнiң бас редакторы Н. Жүнiсбайұлының 63 жасқа толуына орай / А.Сейтханов // Sport. - 2013. - 3 желтоқсан. - Б. 3.

Сейтханов, А. "Өмiрiмнiң бақытты кезеңi "Sport" газетiнде өттi" [Мәтін] : "Sport" газетiне 55 жыл толуына орай журналистпен сұхбат/ А.Сейтханов; әңг. М.Асылбек // Sport. - 2014. - 1 сәуiр. - Б. 3.

Сейтханов, А. Сайын ағам-ай, саңлағым-ай: қазанама [Мәтін] : [спорт журналисi С.Тұрсыновтың қайтыс болуына орай] /А. Сейтханов // Қазақ спорты. - 2017. - 11 сәуiр. - Б. 4.

***

Сейтханов, А. Ему верят [Текст] / А. Сейтханов // Спектр. - 2014. - 26 ноября. - С. 9.