Нұрқасым Құсмиля (1949 ж.) - ақын, әнші, өнертанушы, мәдениеттанушы.
1949 жылы 25 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. Елтай ауылдық мектебін бітіргеннен кейін Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының (қазіргі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетіне оқуға түсіп, Қ.Мұхамедханов, К. Шаяхметов сынды қазақ әдебиеті майталмандарынан білім алған.
Институттан кейін орта мектепте мұғалім, мектеп директоры, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, совхоз партия комитетінің хатшысы, Үржар ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшы лауазымында жұмыс істеді.
Ол Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алаш қозғалысының 90 жылдығын мерекелеу туралы ұсыныс жасап, ол Республика аясында қолдау тауып, атап өтілді. Шәкәрімнің 150 жылдығын мерекелеу қарсаңында Семей қаласы ақынға ескерткіш орнатудың бастамашысы болды, сондай-ақ оның арқасында республикадан тыс жерлерге танымал әнші Ә.Қашаубаевқа ескерткіш орнатылды. Қ.Мұхамедханұлының мемориалдық кешенін орнатуға бастамашылық жасаған.
«Ұмытпандар мені» атты кітабы жарық көрген.
Ақын айтыс өнеріне де өз үлесін қосқан. Қазақстанның 70 жылдығына, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстардың жүлдегері болған. Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінің ашылуына және Ақсуат аудандық театрының 30 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысында жеңімпаз атанды.
Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған Гала-концерт Қ. Нұрқасымның «Абай тойына тойбастар» әнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Астана қаласында өткен мерекелік концерт ақынның «Тәуелсіздік толғауы» әнімен ашылды. Қ.Нұрқасым «Астана-Байтақ», «Тарбағатай», «Семей-Алаш», «Қалалық қазақ», «Мен сені сағынғанда», «Барқытбел тауым-байрағым», «Төлегетай», «Соқырдың таңы» сияқты көптеген әндердің авторы, Абай Құнанбайұлының «Өлсем орным қара жер...» өлеңіне ән жазған.
Қ.Нұрқасым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.
Қ. Нұрқасым шығармалары
Произведения К. Нуркасым
Кітаптар - Книги
Нұрқасым Қ. Ұмытпаңдар мені [Мәтін] / Қ. Нұрқасым. - Алматы: Атамұра, 2002. - 232 б.
Нұрқасым, Қ. Орта жүз қазақтарының кейбір рулары туралы жазылған шежірелері (этногенезі) хақында [Мәтін] / Қ. Нұрқасым. - Семей, 2014. - 122 б.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалар
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Нұрқасым, Қ. Шығыстан шыққан зиялылар [Мәтін] / Қ. Нұрқасым // Дидар. - 2008. - 15 мамыр.- Б. 2.
Нұрқасым , Құсмілия. "Ұлттық аспаптарды зерттейтін бір де бір институт жоқ" [Мәтін] / Қ. Нұрқасым , Қ. Сабырбай // Ертіс өңірі / Қ. Сабырбай . - 2009. - 1 сәуір.- Б.1, 8.
Нұрқасым, Қ. Қазақтың баласы қайтсе қазақ болады? [Мәтін] / Қ. Нұрқасым // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2009. - № 4. - Б. 13 - 15.
Нұрқасым, Қ. Ұлтшылдықтан емес, ұлтсыздықтан қорқайық [Мәтін] / Қ. Нұрқасым, С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. - 23 мамыр.- Б. 3.
Нұрқасым, Қ. Аштықта қырылмағанда осы күні 50 миллион Алаш болып, қанамызға сыймай ақтарылып отырар едік. [Мәтін] / Қ. Нұрқасым // Дидар. - 2010. - 4 мамыр.- Б. 8.
Нұрқасым, Қ. Пилондар образы [Мәтін] : [Семей қаласында Қ. Мұхамедхановқа арналған ескерткіш -мемориал ашылды.тың] / Қ. Нұрқасым // Ертіс өңірі. - 2010. - 22 желтоқсан.- Б. 12.
Нұрқасым Қ. Мәдени қызметтің сапасы артты // Семей таңы. - 2010. - 14 қаңтар. - Б. 1
Нұрқасым, Қ. Алаш аралы - Бейбітшілік алаңы [Мәтін] : 20 қадам - халық қолдауында / Қ. Нұрқасым // Семей таңы . - 2012. - 12 қазан.- Б. 2.
Нұрқасым, Қ. Әміре бейнесі сол кезеңдегі ұлт өнерпаздарының жиынтық образына айналыпты [Мәтін] / Қ. Нұрқасым // Дидар. - 2013. - 26 желтоқсан.- Б. 27.
Нұрқасым, Қ. "Тегісшілдік" [Мәтін] : [Ақын С. Сейфуллиннің Үржарға сапары жайлы.] / Қ. Нұрқасым // Ертіс өңірі . - 2014. - 3 желтоқсан.- Б.10.
Нұрқасым, Қ. Абай төңірегіндегі әңгімеге келгенде ешкімге дес бермейтін [Мәтін] : Абай-170 / Қ. Нұрқасым // Дидар. - 2015. - 30 шілде.- Б.18.
Нұрқасым, Қ. Мүрсейіт Бікеұлының ұрпағы -Мүфтибек дегдар [Мәтін] / Қ. Нұрқасым // Ертіс өңірі. - 2015. - 8 шілде.- Б.11.
Нұрқасым, Қ. Қазақ жеріндегі исламның иірімі мен игілігі [Мәтін] / Қ. Нұрқасым // Жалын. - 2016. - №9.- Б.116 - 121.
Қ. Нұрқасым туралы әдебиет
Литература о Нуркасым К.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қ. Нұрқасым: Б. 578 – 579.
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. - Астана: Фолиант, 2011. - Б.128
Мақалалар –статьи
Тілеубердиев Д. Құсан сері [Мәтін] / К. Нуркасым // Семей таңы. - 1999. - 27 мамыр. - Б. 4
***
Нуркасым, К. "Я рад критике на сцене" [Текст] / К. Нуркасым // Спектр. - 2010. - 14 апреля. - С. 4.
Нуруллин, Э. Семей: новые горизонты развития [Текст] / К. Нуркасым // Вести Семей. - 2012. - 29 мая. - С. 1.