Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Салықбай Ә.

salykbaiСалықбай Әбділдабек (1962) – жазушы, аудармашы.

1962 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітіріп, еңбек жолын Бақты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастайды.

1980-1990 жылдары республикалық газет-журналдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған бір топ әңгімелері мен «Нартай» атты хикаяты, осы аттас тұңғыш жинағы жарық көрді.

1987-1990 жылдары «Ұлан» газетінде, Қазақ энциклопедиясында қызмет атқарды.

2001 жылы үлкендерге арналған «Білінбей өткен бір ғұмыр» (әңгімелер), 2010 жылы «Түн түнегіндегі екеу» (әңгімелер), 2019 жылы «Ілияс мінген Қарагер» (әңгімелер мен хикаяттар) кітаптары шықты. Әңгімелері «Нарық нақыштары», «Шабыт қайнары», «Жидебай», «Тәтті алма», «Кәусар бұлақ» сынды әдеби жинақтарда, республикалық басылымдарда, Қырғызстан мен Түркияда жарияланған. Сондай-ақ, ол бірнеше танымдық кітаптарды және орыс пен батыс классиктерінің көркем әңгімелерін орысшадан, қырғыз жазушыларының шығармаларын түпнұсқадан аударған. Осы еңбектерінің арқасында ол ҚР Білім беру ісінің үздігі төсбелгісінің, Ы.Алтынсарин, Б.Момышұлы, С.Нұрмағанбетов атындағы медальдардың иегері атанды.

Жазушы Ә.Салықбай 2016 жылы «Қарагер» әңгімесі үшін «Дарабоз» халықаралық бәйгесінің Бас жүлдесін (Гран-При) жеңіп алды. Қазір «Қазақ тарихы» журналының бас редакторы қызметін атқарады. 

Ә. Салықбайдың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Публикации А. Салыкбай в периодических изданиях

Салықбай, Ә. Мақаншы, қарыздармын мәңгі саған! [Мәтін] : әңгімелер. Зерттеулер. Мақалалар / Ә. Салықбай. - Алматы : Қазақ тарихы, 2018. - 152 б.

Салықбай Ә. Ілияс мінген қарагер [Мәтін] : әңгіме / Салықбай Әбділдабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2016. - № 6. - С. 9-13 б.

Салықбай Ә. Профессор Қ. Шаяхметұлының туғанына - 75 жыл [Мәтін] / Салықбай Әбділдабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2016. - № 3. - С. 2 б.

Салықбай Ә. Ыбырай Алтынсарин және қазақ қыздарын оқыту мәселесі [Мәтін] / Салықбай Әбділдабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2016. - № 4. - С. 6-7 б.

Салықбай, Ә. Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті [Мәтін] / Салықбай Әбділдабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2015. - № 10. - С. 5 б.

Салықбай, Ә. Қазақ хандығы-тұңғыш ұлттық мемлекетіміз, ал жалпы мемлекеттігіміз Сақ, Үйсін, Қаңлылардан басталады [Мәтін] / Ә. Салықбай // Қазақ тарихы. - 2015. - №2.- Б.2-7

Салықбай Ә. Төл тарихымызды түгендеуші - Тәуелсіздік [Мәтін] / Салықбай Ә. // Егемен Қазақстан . - 2014.- 20 қыркүйек (№ 184). - 6

Салықбай Ә. Мылтықсыз майданның сайыпқыран сардары [Мәтін] / Ә. Салықбай // Қазақ тарихы. - 2014. - №6.- Б. 18-23.

Салықбай, Ә. Отан тарихының жаңаша баяны жасалмақ [Мәтін] / Әбділдабек Салықбай // Қазақ тарихы. - 2012. - №1.- Б.2-5

Салықбай, Ә. Уақыт талабынан туындаған қажеттілік [Мәтін] : сұхбат / Ә. Салықбай // Қазақ тарихы. - 2012. - №3.- Б.7-9

Салықбай, Ә. Сақ шырақ (Мектеп сахнасына арналған қойылым) [Мәтін] / Ә. Салықбай // Қазақ тарихы. - 2012. - №5.- Б.52-55

Салықбай, Ә. Мұқаншы тарихы хақында [Мәтін] / Салықбай Ә. // Қазақ тарихы. - 2006. - №3.- Б.37

Салықбай, Ә. Тәтті түс [Мәтін] : Хикаят / Салықбай Ә. // Жалын . - 1998. - № 9-10. - С. 10.- 106-130 б.

Салықбай, Ә. Нартай [Электрондық ресурс] : [Хикаят, ертегі-әңгіме.] / Ә. Салықбай . - Алматы : Әл-Фараби, 1998. - 52 б.

Ә. Салықбай туралы әдебиет

Литература о А. Салыкбай

Қами, Н. Қарасөзге қосылған қомақты үлес [Мәтін] / Н. Қами // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2010. - № 7/8. – Б.5-6. - Жазушы Ә.Салықбайдың "Түн түнегіндегі екеу" атты жарық көрген жинағы жайында.

Меңдеке, Ә. Қазір жазушы болу қиын. [Мәтін] : ["Қазақ әдебиеті" газетінің соңғы айларында жарияланған әңгімелерге шролу] / Ә. Меңдеке // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 7 сәуір.

Ақбаш, Ә. Ағаштың түсі [Мәтін] : хикая /Ә. Ақбаш // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2015. - № 10. – Б. 8-9.

Саяқбаева, Г. Балалар әдебиетінің "Дарабоздары" [Мәтін] / Саяқбаева Гүлжайна // Түркістан . - 2016.- 16 маусым (№ 24). – Б. 12. - ҚР Ұлттық кітапханасында өткен Халықаралық балалар жазушыларының "Дарабоз - 2016" бәйгесі туралы.