Маниярова Маржангүл (1955)– жыршы-ақын.
1955 жылы 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Белқарағай орта мектебін аяқтап, Өскемен қаласындағы Педагогикалық институтта білімін жалғастырады (1972-1976).
Ең алғашқы әнді студент кезінде М.Мақатаевтың «Ей, өмір» деген өлеңіне жазады. Бұл ән 1975-80 жылдары «Алтай әуендері» вокалды-аспаптық ансамблінің орындауында халыққа танымал болады.
2000 жылы Өскемен қаласының 250 жылдығына арналған байқауда «Ару қалам, Өскемен» деген Марат Тастағановтың сөзіне жазылған әні жүлделі орын алып, лауреат атағын иеленеді.
Бүгінде, Ұлықбек Есдаулетовтың сөзіне жазылған «Жер ана» әні, «Жаса мәңгі туған жер», «Ару қалам, Өскемен» әндері, А.Нұрбаевтың сөзіне жазылған «Өр, Қаратай» және т.б. әндері көптеген республикалық, облысаралық конкурстарда орындалып жүр.
М.Маниярова туралы мақалалар
Статьи о М.Манияровой
Әнуарбек, Дильназ. Шығыстың Маржангүлі : [О. Бөкей атындағы орталық кітапханада Маржангүл Әлібекқызының "Сырлы әуен" атты ән жинағының тұсаукесері өтті.] / Д. Әнуарбек. - Мәтін (визуалды) // Менің өлкем. - 2024. - 17 қазан. - Б. 17.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Маниярова Маржангуль [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. - Режим доступа : http://www.cbssemey.kz/
Пашке Е. Музыка маэстро Маржангуль /Официальный ресурс газеты Рудный Алтай : сайт. – Режим доступа : https://rudnyi-altai.kz/muzyka-maestro-marzhangul/