Кәпұлы Дәулеткерей, (1977) – айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы.
1977 жылы 9-тамызда дүниеге келген.
1995-1999 жылдары Әль-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін, 2000-2002 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын, 2015 жылы осы университеттің докторантурасын бітірген.
1999-2005 - Еуразия университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы.
2006-2008 - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы Астана қаласы әкімдігі, Мәдениет басқармасының қызметкері болып жұмыс істеген. Астанада жарық көрген «Алтын тамыр» әдеби-танымдық жұрналының шеф-редакторы, Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы директорының орынбасары, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.
И. Байзақовтың 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының 60-жылдық мерейтойына арналған халықаралық айтыстың, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған халықаралық айтыстың, Дәулетбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыстардың бас жүлдегері. Мәскеу қаласында өткен қазақ ақындар айтысында көрсеткен үздік өнері үшін бірінші орынды, Қ. Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің 10 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орын, Көкшетауда өткен Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орын, Маңғыстауда өткен Қ. Күржіманұлы атындағы айтыста бірінші орын, «Қазақ әдебиеті» газетінің 70 жылдығына арналған республикалық айтыстың бірінші жүлдесін, Мәлік Ғабдуллиннің 90 жылдығына арналған республикалық айтыстың бірінші жүлдесін иемденген.
2000 жылы «Жұлдыз» журналы жариялаған А.Ыбыраев атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін, III-ші халықаралық шығармашыл жастардың Шабыт фестивалінің поэзия номинациясы бойынша гран-при, Аягөз ауданының 80 жылдық мерейтойына тойына арналған республикалық жазба ақындар сайысының бас жүлделерін иеленген. «Ұлытау ұлағаты – Ұлт тарихы» атты республикалық мүшәйрада бірінші орын, «Азаттық аясында» атты республикалық мүшәйрада екінші орын иеленді.
Ақынның өлең –жырлары «Жыр тәңірі», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Байбесік тұмалары», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Шабыт», «Жидебай», «Жанартау», «Азаттық таңындағы азат жыр», «Дорог небесных вехи (Жемчужная поэзия)» (орыс тілінде, Мәскеу), «Antologia de la poesia kazajia contemporanea» (испан тілінде, Испания), «Yenı qazax seırı antologıası» (әзірбайжан тілінде), «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясы т.б. қазақ ақындарының біріккен жыр жинақтарында жарияланған.
«Сүтті іңір» (2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011), «Шертолғақ» (2013), «Бөрісырғақ» (2014), «Терісбұрау» (2017) атты жыр жинақтары, Ақыт Үлімжіұлының шығармашылығы туралы «Қалам, сия – көз жасы» атты монографиясы жарық көрген.
Сегіз сері Баһрамұлының (Мұхаммед-Қанафия) өлең-дастандарын құрастырып, «Елорда баспасынан «Гауһартас» деген атпен шығарды. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Оспан батыр Ісләмұлы туралы танымдық кітапты құрастырып, баспадан шығарушы. Талантты ақын, драматург Е. Асқаровтың «Жүрекжарды», «Арманымның ақ құсы», «Шығыс жұлдыздары» (2 том), Ш. Әбеновтің «Шыңғыстау» атты кітаптарын құрастырған. Түркияның Адана (Тарсус) қаласында өткен түркітектес халықтардың Қаражолан атындағы сегізінші еларалық поэзия фестивалінің лауреаты.
Екі дүркін Мемлекеттік стипендия иегері. Астана қаласының 10 жылдық, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекелік медалдарымен және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамынының «жоғарғы дәрежелі Қазақ тілі» медалімен марапатталған. Моңғолия Демократиялық партиясының «Азаттық» орденінің иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Халықаралық Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі.Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы.
Дәулеткерей Кәпұлының шығармалары
Произведения Даулеткерей Капұлы
Кәпұлы, Д. Сүтті іңір [Мәтін] : лирика / Д. Кәпұлы. - Алматы: Арда, 2007. - 104 б.
Кәпұлы, Д. Бүлдірген ағып түскенше [Мәтін] : өлең-толғаулар / Д. Кәпұлы. - Астана: Фолиант, 2011. - 144 б.
Кәпұлы, Д. Бөрісырғақ [Мәтін] / Д. Кәпұлы. - Алматы: ХанТәңірі, 2014. - 286 б.
Шабыт [Мәтін] : жеңімпаз жас ақын-жазушылардың антологиясы / құраст. Б. Қарағызұлы. - Астана : Астана Бланк Баспа, 2009. – 288 б.
Қазіргі айтыс [Мәтін]. - Астана : Күлтегін, 2006. –
Қазіргі айтыс [Мәтін] / . - Астана : Күлтегін, 2006 - 2-ші кітап. - 336 б.
Кәпұлының қатысуымен жарық көрген кітаптар
Книги изданные с участием Д. Капұлы
Әбенов, Ш. Шыңғыстау [Мәтін] : толғау-термелер, өлең-дастандар, аңыздар, мысалдар мен әңгімелер / Ш. Әбенов; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. - Астана : Фолиант, 2011. - 504 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы)
Д. Кәпұлының мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары
Статьи Д. Капұлы опубликованные на страницах периодической печати
Кәпұлы, Д. Тілімізге ақ тұмар байланар күн [Мәтін] / Д. Кәпұлы // Егемен Қазақстан. - 2000. - 20 қыркүйек.- Б.4
Кәпұлы, Д. Сегіз сері тағдыры [Мәтін] / Д. Кәпұлы // Ақиқат. - 2006. - №5.- Б.64-69
Кәпұлы, Д. Сегіз сері сергелдеңі біте ме? [Мәтін] / Д. Кәпұлы // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 10 наурыз.- Б.5
Кәпұлы, Д. Ақыт-Алаш идеясының жаршысы [Мәтін] / Д. Кәпұлы // Ақиқат. - 2011. - N 2.- Б.49-51.
Кәпұлы, Д. Балбал тасым - бал бөбек [Мәтін] / Д. Кәпұлы // Тұмар. - 2012. - №3.- Б.37-41.
Кәпұлы, Д. Сақ санама сәуле құйып [Текст] : Өлеңдер / Д. Кәпұлы // Жұлдыз . - 2009. - № 9. - С. 91-92 б.
Кәпұлы, Д. Тастан да тасқа секіріп, тауда бір ойнар кекілік... [Текст] : өлең / Д. Кәпұлы // Түркістан . - 2012. - 12 шілде (№ 28/29). - 16
Кәпұлы, Д. Ақ босаға, бақ ордам [Текст] : өлең / Д. Кәпұлы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 1 желтоқсан (№ 793-797). - 19
Сүтжанов, С. Тұнықтан туған тұлпар жырлар [Мәтін] : Дәулеткерей Кәпұлының шығармашылығы туралы / С. Сүтжанов // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 1 маусым.- Б.3
Д. Кәпұлы туралы мақалалар
Статьи о творчестве Д. Капулы
Рухани келбет. Монғолия қазақтарының әдеби анықтамалығы [Мәтін]. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2016. - 155 б.
Бектас, Г. "Алтай асып, Алатауда түлеген" ұл [Текст] / Г. Бектас // Айқын . - 2016.- 11 наурыз (№ 36). - 8 . - Ақын Дәулеткерей Кәпұлы туралы.
Сүтжанов, С. Тұнықтан туған тұлпар жырлар [Мәтін] : Дәулеткерей Кәпұлының шығармашылығы туралы / С. Сүтжанов // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 1 маусым. - Б. 3.