Сақбаев Алмас Ахметбекұлы (1961 ж.) - ақын, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы.
1961 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1982 жылы Іле педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1982-1992 жылдар аралығында Шәуешек қаласында шығарылатын «Тарбағатай» әдеби журналының редакторы болып қызмет атқарып, 1993 жылы тарихи Отанына оралды.
1993-1995 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, 1996-2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетінде аға-оқытушы болып қызмет атқарған. 1997 жылы ҚР Парламент Мәжілісінде баспасөз қызметкері болып жұмыс істеген. Алмас Ахметбекұлы өткен ғасырдың 80-жылдарында поэзияға әлеміне араласқан, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар дара әрі талантты ақын.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, Алмас Ахметбекұлы алғашқылардың бірі болып өзінің тарихи Отанына оралды. Еліміздің тәуелсіздігін алуы, шеттегі ағайындардың Отанға оралуы, болашаққа жол тартқан тың бастамалар, жас буынның ерік-жігері оның шығармашылық ізденістеріне тың серпін берді. Өзі де қоғамдық жұмыстарға белсене араласа жүріп, әдеби жасампаздықпен айналысты. Нәтижесінде, оның қаламынан асқақ патриоттық рухқа толы, «Көк тудың желбірегені» атты өлең туды.
Ойлы образға, шынайы сезімге толы сыршыл өлеңдерінің арқасында оның есімі сол 80-жылдардың өзінде-ақ Шыңжаң қазақтарына кеңінен танымал болды.
Алмас Ахметбекұлы өлеңдерінің ерекшелігі – қарапайым халық тілі арқылы әсері мол көркем оймен қиысатыны. Ақынның өлеңдерінде, тіл, образ, бояу, идея – осы төртеуі шебер үйлесім тауып отырады. Шекараның арғы бетінде қалған ағайындардың тағдыры, бағзы заманнан қазаққа мекен болған, бірақ бүгінде жат қолында қалған қара мекеннің қайғысы, тәуелсіз елдің кемел келешегі, достық пен махаббат ақын жырларына арқау болып өріліп отырады. Бұл ретте оның ертеректе жазған «Туған жерім – балалығым», «Сәуірдің бұлты», «Аптап» т.б. өлеңдерін атауға болады. Оның «Бозінген» атты өлеңі тұнып тұрған дала сазы деуге лайық. ҚХР-дің өлкелік сыйлығын иегері.
«Дауыс», «Ширығу», «Атамекен», «Астынан алты қырдың», «Сәуірдің бұлты», «Өлең», «Көк тудың желбірегені» атты кітаптардың авторы. Алмас Ахметбекұлы қазақ поэзиясында, өзіндік дара стилі,сүрлеу соқпағы бар, сыршыл-лирик ақын.
2023 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.
А. А. Сақыбаевтың шығармалары
Произведения А. А. Сакыбаева
Кітаптар – Книги
Ахметбекұлы, А. Көктудың желбірегені : өлең, поэма / А. Ахметбекұлы. - Алматы : Сардар, 2015. - 320 б.
А. А. Сақыбаевтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары
Публикации А. А. Сакыбаева в периодических изданиях
Ахметбекұлы, А. Құнсызданса теңге кінәлі ме [Мәтін] / А. Ахметбекұлы // Жас алаш. - 1994. - 15 қараша.- Б. 5
Ахметбекұлы, А. "Көзімнің қарасы,көзімнің қарашығы"емес [Мәтін] : [Абай творчествосы туралы] / А. Ахметбекұлы // Жас алаш. - 1995. - 5 қаңтар.- Б. 4
Ахметбекұлы, А. Әбдірахманұлы, Қ. Ұмытуға болмайтын ұлы тұлға [Мәтін] : [Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай] / Әбдірахманұлы Қ., Ахметбекұлы А. // Жас алаш. - 1994. - 2 маусым.- Б.
Көк тудың желбірегені [Мәтін] : ән // Түркістан . - 2012. - 14 маусым (№ 24). - 5
Ахметбекұлы, А. Сезім сыры : Сәуірдің бұлты ; Жүрегім ; Біз кімбіз ?! ; Сұлу дүние [Мәтін] : өлеңдер / Ахметбекұлы А. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 наурыз . – Б. 8
Ахметбекұлы, А. Жан емес маған керегі... [Мәтін] / А. Ахметбекұлы // Айқын . - 2015.- 7 мамыр. - Б. 8
Ахметбекұлы, А. Көк тудың желбірегені халықтық әнге айналды [Мәтін] : әннің сөзін жазған Қытайдан елге оралған қандасымыз Алмас Ахметбекұлымен Тарбағатай өңірінде кездесу / А. Ахметбекұлы // Дидар. - 2016. - 16 желтоқсан.- Б.11
Ахметбекұлы, А Біз - азат әдебиетті жасаушылармыз [Мәтін] / А. Ахметбекұлы // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 2 - 8 желтоқсан. –Б. 8
Ахметбекұлы, А. Катонның қара нары [Мәтін] : Шаймардан Оразаев атындағы тұқым бағы жайында / А. Ахметбекұлы // Түркістан. - 2021. - 18 наурыз.- Б.7.
А. А. Сақыбаев туралы әдебиет
Литература о А. А. Сакыбаеве
Ерсұлтан, А. Жалғыз өлеңмен танылған [Мәтін] / Ерсұлтан Айша // Айқын . - 2017.- 8 сәуір. - Б. 24
Қасымқызы Г. Көк тудың желбірегені. [Мәтін] / Г. Қасымқызы // Достық. - 2011. - 7 желтоқсан.- б.1-3