Известные имена

Боқаев Қ.

Боқаев Қуандық журналист123

Боқаев Қуандық 1942 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы Біржан ауылында туған. Журналист. Өскемен педагогикалық институтын, Мәскеу полиграфия институтын бітірген. Қаламгерлік жолын өлең жазумен бастады. Зайсан ауданының «Достық» газетінде, облыстық «Коммунизм туы» газеттерінде алғашқы өлеңдері мен дастандары жарияланды. Халық өнерпаздары туралы көһптеген көркем очерктер жазды.

Халық өнерпаздары туралы көптеген көркем очерктер жазды. Жекелеген шығармалары бірқатар ұжымдық жинақтарға енген. «Мектеп», «Қазақстан» баспаларында, КАЗТАГ-та редактор, «Социалистік Қазақстан (қазір Егемен Қазақстан), «Сұхбат», «Халық кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде журналист, бөлім редакторы болып істеген.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты.

Қ. Боқаевтың мерзімді басылымдардағы мақалалары

Публикации Қ. Боқаева в периодических изданиях

 

 

Боқаев, Қ. Жансая Сәбитова: 17-18 желтоқсан - марка жинаушылардың, иә болмаса тауық өсірушілердің күні емес... [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 16 қараша.- Б.4

Боқаев, Қ. Саясатқа әркімнің -ақ бар таласы [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 31 мамыр.- Б.9

Боқаев, Қ. Еуразияның үміті - Алматыда [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 7 шілде.- Б.9

Боқаев, Қ. Халқымызға жойқын қатер төніп келеді! Бұл тажалдан құтылар жол бар ма? [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 29 қараша.- Б.14

Боқаев, Қ. Желтоқсанның қос жұлдызы [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2003. -   7 наурыз.- Б.7

Боқаев, Қ. Ұстаздар [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақстан мұғалімі. - 2004. - №21-22.- Б.7

Боқаев, Қ. Мәскеуде Абай ескерткіші ашылды [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 7 сәуір.- Б.1

Боқаев, Қ. Тіл және демография [Мәтін] / Қ. Боқаев // Ана тілі . - 2011. - 10 - 16 қараша . - 1,5

Боқаев, Қ. Махаббаттың құпиясын ашқан қаламгер [Мәтін] / Қ. Боқаев // Жұлдыз . - 2012. - № 2. - 195-201 б.

Боқаев, Қ. Орыстың термин жасауын неге үлгі тұтпаймыз? [Мәтін] : немесе қазақ терминологиясына ұлттық концепция керек / Қ. Боқаев // Ақиқат. - 2013. - №1.- Б. 63-68

Боқаев, Қ. Мұхтар мен Сәбиттің айыпталуының зардабы немесе бір стенограмма сыры [Мәтін] / Қ. Боқаев // Ақиқат. -2013.- №4.- Б. 56-66

Боқаев, Қ. Көзқамандар мәңгүрттерден де қауіпті [Мәтін] / Қ. Боқаев // Ақиқат. - 2013. - №6.- Б.16-22

Боқаев, Қ. Мақтаныштарымызды ұлықтау машақатқа айналып тұр [Мәтін] : [Шығыс Қазақстандағы ономастика мәселесі.] / Қ. Боқаев // Дидар. - 2017. - 1 маусым.- Б.28.

Боқаев, Қ. Өзімізді іздестірерміз ертең туар ғасырларға [Мәтін] : Мәтін / [жерлесіміз, ақын Тоқтарбек Қызықбаев туралы] // Дидар. - 2020. - 1 желтоқсан.- Б.5. ; Қазақ әдебиеті. - 2020.; 20 қараша.- Б.24-25.

 

Қ. Боқаев туралы әдебиет

Литература о К. Бокаеве

Мақалалар-Статьи

 

Байбатыров, Ғ. Өнерге мәңгі іңкәрлік [Мәтін] : [Журналист Қуанбек Боқаев туралы] / Ғ.Байбатыров // Дидар. - 2002. - 21 қыркүйек.- Б.4