Известные имена

Есімдер

Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.

Ғафуров А. Қ.

Гафуров Аслан Кабылбекович

Ғафуров Аслан Қабылбекұлы (1979) – айтыскер-ақын.            

1979 жылы 3 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай батыр ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия мектеп-интернатының түлегі. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

2004-2008 жж.облыстық ақындар мектебінің маманы, жетекші маман;

2008-2009 жж. – облыстық халық шығармашылығы орталығынының мәдени шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

2009-2011 жж. – Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жастар саясаты және мәдени демалыс орталығы директорының орынбасары;

2011-2013 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданының және Глубокое ауданының мәдени-демалыс ұйымдастыру орталығының директоры;

2013 жылдың маусым айынан – Өскемен қаласы әкімдігінің «Өнер» мәдени демалыс ұйымдастыру орталығы директорының орынбасары;

2014-2018 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан аудандық мәдениет үйінің директоры, Ұлан аудандық маслихатының депутаты;

2018-2020 жж. – Шығыс Қазақстан облыстық Алтай баспаханасының директоры;

2020 жылдың 8-қаңтарынан бастап Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры ( Нұр-Сұлтан қаласы).

Марапаттары:

ҚР Мәдениет қайраткері, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалінің иегері, Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағының мүшесі.

Республикалық оқушылар арасында өткен ақындар айтысының 1-орын иегері.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Айтыс номинациясы бойынша лауреаты.

Қырғызстанда, ҚХР-да өткен халықаралық ақындар айтысында 2-орын иеленген.

Моңғолиядағы Баян Өлгий қаласына 70 жыл толуына арналған ақындар айтысында жеңімпаз атанып, МДП-ның 20 жылдығына арналған «Достық» медалімен марапатталған. М. Мерәліұлының туғанына 165 жыл толуына арналған халықаралық айтыста 3-орын, Форт-Шевченко қаласының құрылғанына 160 жыл толуына арналған республикалық айтыста 2-орын иеленген. Қалихан Алтынбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық айтыста 1-орынды жеңіп алған.

«Нұр-Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай өткізілген республикалық айтыста 3-орын, Ш.Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына арналған республикалық айтыста 1-орын жүлдегері. Нұр-Сұлтан қаласының 11 жылдығына арналған «Астана мыңжылдықтар тоғысында» атты республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері атанған.

Өлеңдері «Жастықтың оты жалындап», «Туған ел алтын бесігім», «Асқар Алтай», «Шығыстың шайырлары» атты жыр-жинақтарына енген. Алғашқы кітабы 2010 жылы «Толағай» деген атпен жарық көрген. «Шорға шайқасы», «Ер жүрек батыр бабам Ер Қабанбай», «Абай елі175» кітаптары мен «Тәуелсіздік толғауы», «Ту түсірген Тәуке батыр», «Бабадан батыр туған бес Сайболат», «Тарбағатайғатағзым», «Бабалар бақыт тұғыры» жыр-поэмаларының авторы.

 

А. Қ. Ғафуров шығармалары

Произведения А. К. Гафурова

Кітаптар-Книги

 

Ғафуров, А. Толағай : [Жинаққа автордың лирикалық жырлары мен бірнеше айтыстары енгізілген.] / А. Ғафуров . - Өскемен : [б. и.], 2010. - 200 б. с. - Б. ц. - Текст.

Ғафуров, А. Ержүрек, батыр бабам-Ер Қабанбай : тарихи поэма / А. Ғафуров. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2019. - 176 б.

 

А. Қ. Ғафуровтың мерзімді басылымдардағы мақалалары

Публикации в периодических изданиях А. К. Гафурова

 

Ғафуров, А. Жаңа мекеме жаңаша жұмыс жасайтын болады [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы үйі] / А. Ғафуров // Мәдениет жаршысы /Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - N 1.- Б.32.

Ғафуров, А. Есіміңіз есте тұрар жаңғырып [Мәтін] : [Ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған өлең] / А. Ғафуров // Дидар. - 2014. - 3 ақпан.- б.5.

Ғафуров, А. Ту түсірген Тәуке батыр [Мәтін] / А Ғафуров // Семей таңы. - 2019. - 17 қыркүйек.- Б.4

Ғафуров, А. Туған жердің тау тұлғалы текті ұлы [Мәтін] : Қазақтың бас балуаны, марқұм С. Рамазановтың рухына / А. Ғафуров // Рауан - Заря. - 2021. - 18 маусым.- Б.3.

Ғафуров, А. Хамит ақын халықтың жүрегінде! : ақын Хамит Балшабекұлының туғанына 70 жыл / А. Ғафуров. - Мәтін // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2009. - N 12. - Б. 22-24.

 

А. Қ. Ғафуров туралы мақала

Статья о А. К. Гафурове

 

Мырзахметов А. Аслан Ғафуров : сен аянбасаң, ел аянбас... [Мәтін] / А. Мырзахметов // Алдаспан. - 2016. - 19 қаңтар.- Б.16.