Қажығұмар Шабданұлы, жазушы (1925-2011).
Жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930 жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. 1940 жылы Дөрбілжін орталау мектебін аяқтаған. 1941-1945 жылдары Үрімжі қаласындағы педагогикалық институтта оқыған. 1945-1950 жылдары Дөрбілжін қаласына келіп, өзі оқыған мектепте мұғалім болған. 1951 жылдан бастап Өлке орталығы –Үрімжі қаласына қызметке шақырылып, Шыңжаң Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарып, «Шұғыла» журналының бас редакторы болды.
Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі “Қазақ-қырғыз ұйымын” басқарған. Алғаш рет 1958 жылы “оңшыл”, “солшыл” деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айырылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады. 986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін “Үміт” атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді. Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі “Халықаралық рақымшылық” (Амнести интернешнл) ұйымы оны “ар-ождан тұтқыны” деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
Жазушы Шыңжаң автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында тұрды.
1980 жылы жазасын өтеп әрі ақталып бостандыққа шығады. 1986 жылдың желтоқсан айының отызы күні тұтқындалып, «ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады» шетел жансызы деген айыптаулармен 15 жылға бас бостандығынан айырылып жазаланады. Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романы 2009 жылы Қазақстанда басылып шықты.
Саяси қылмыскер деп айыпталып Қытай түрмелерінде 40 жылға жуық өмірін өткізген қазақ қаламгері Қажығұмар ШАБДАНҰЛЫ атажұртқа оралу арманымен 2006 жылы Қазақстан президентіне хат жазған болатын.
15 ақпан 2011жылы - Қытайдың Шәуешек қаласында 86 жасқа қараған шағында қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды.
Қажығұмар Шабданұлы, шығармалары
Шабданұлы Қ. Қылмыс [Мәтін] : көп томды роман. - (Шетелдегі қазақтар). 1-ші том / жауапты ред. Ш. Жәди. - Алматы : Атажұрт, 2009. - 414 б.
Шабданұлы Қ. Қылмыс [Мәтін] : көп томды роман. - (Шетелдегі қазақтар). 2-ші том. - Алматы : Атажұрт, 2009. - 367 б.
Шабданұлы Қ. Қылмыс [Мәтін] : көп томды роман. - (Шетелдегі қазақтар). 3-ші том. - Алматы : Атажұрт, 2009. - 375 б.
Шабданұлы Қ. Қылмыс [Мәтін] : көп томды роман. - (Шетелдегі қазақтар). 4-ші том / жауапты ред. Ш. Жәди. - Алматы : Атажұрт, 2009. - 413 б.
Шабданұлы Қ. Қылмыс [Мәтін] : көп томды роман. - (Шетелдегі қазақтар). 5-ші том / жауапты ред. Ш. Жәди. - Алматы : Атажұрт, 2009.
Шабданұлы Қ. Қылмыс [Мәтін] : көп томды роман. - (Шетелдегі қазақтар). 6-ші том. - Алматы : Атажұрт, 2009. - 511 б.
Шабданұлы, Қажықұмар. Қылмыс [Мәтін] : романнан үзінді / Қажығұмар Шабданұлы // Жұлдыз. - 2010. - № 8.- Б.40-60.
Қажығұмар Шабданұлы туралы
Бөдешұлы, Жәркен. Абақтыда аласармаған арман [Мәтін] : қазақтың арғы беттегі үлкен жазушысы Қажығұмар Шабданұлы дүниеден өтті / Ж. Бөдешұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 16 ақпан.- Б.10.
Ердембеков Б. Қапастағы жүрек соғуын тоқтатты [Мәтін] : [Жазушы, Қытайдағы жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі -Қажығұмар Шәбденұлы туралы] / Б. Ердембеков // Ертіс өңірі. - 2011. - 23 ақпан.- Б.18.
Зәкәрия , Хасен. 44 жылын тар қапаста өткізген қайсар қазақ жазушысы [Мәтін] : [Қ. Шабданұлымен абақтыда жеті жыл бірге отырған Баймұрат Белгіұлының жан сыры.] / Х. Зәкәрия // Дидар. - 2012. - 24 ақпан.- Б.18-19.
Зайкенова, Руда. Қажығұмар әлемі және қылмыс [Мәтін] : [Жазушы Қ. Шабданұлының шығармашылығы жайында.] / Р. Зайкенова // Ертіс өңірі. - 2012. - 29 ақпан.- Б.10-11.
Зайкенова Р. Қажығұмар әлемі және "Қылмыс" [Текст] / Зайкенова Р. // Жұлдыз . - 2010. - № 3. - С. 139-149 б.
Қажығұмар ағамыз да қайтты фәниден [Мәтін] : қазанама // Қазақстан - ZAMAN . - 2011.- 17 ақпан (№ 7). - 2 б.
Қорғасбек Ж. Ұлы Қытай қорғаны ішкеріде... [Мәтін] / Қорғасбек Ж. // Қазақ әдебиеті. - 2001. - №19 қазан (N42).- Б.6.
Қуаныш , Біләл. Қажығұмардың Шанхайда туған ұлы Қазақстанда тұрады [Мәтін] : [Жазушы Қ. Шабданұлының ұрпақтары жайлы.] / Б. Қуаныш // Ертіс өңірі . - 2013. - 16 қаңтар.- б.10-11.
Саиров Е. Ұлттық кенжелеуден - дамуға [Мәтін] / Саиров Е. // Түркістан . - 2010.- 4 ақпан (№ 5). - 4 б.
Шабданұлы Қажығұмар [Мәтін] : қазанама // Түркістан . - 2011.- 17 ақпан (№ 7). - 11 б.
Шәкен Ж. "Қылмыс" арқалаған жазушы: "Қылмыс" романы қалай туды? [Мәтін] / Шәкен Ж. // Түркістан . - 2010. - 22 шілде (№ 29). - 6 б.