Мұқан Хадиша Сейітқанқызы (1964-2020 жж.) – жазушы.
1964 жылы 5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келген. Әкесі Сейітқан – ветеринар дәрігер болып жұмыс істеген, анасы Маруся батыр ана болған және үй шаруашылығымен айналысқан. Хадиша отбасында екі ұлдан кейін үшінші бала болып дүниеге келген.
1981 жылы Хадиша Мұқан Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатты бітіреді. Еңбек жолын Ақмола облысы Қорғалжын ауданының телефон байланысының операторы болып бастаған. Кейін Өскемен қаласына көшіп келіп, «Атамекен» қалалық телеарнасының редакциясында редактор, журналист-аудармашы болып жұмыс істеді.
Хадиша Мұқан бірнеше драмалық шығармалардың авторы. 2008 жылы оның «Көк ата» деректі повесі жарық көрді, 2015 жылы облыстық «Отүкен» журналында оның «Жазмыштың ұлы» романы жарық көрді. Қандастардың (этникалық оралман қазақтардың) тағдыры туралы Хадиша Мұқанның «Бір тамшы қан» повесін Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов жоғары бағалаған. Қазақ әдебиетінің шебері тарихи мәліметтердің бірегей берілуін және осы шығарманың заманауи тұрғыда жазылуын ерекше атап өткен.
Хадиша Мұқан 2020 жылы 1 желтоқсанда мезгілсіз қайтыс болды.
Х. Мұқанның шығармалары
Произведения Мукан Х.
Кітаптар - Книги
Мұқан, Х. Көк ата : деректі повесть / Х. Мұқан. - Алматы : [б. ж.], 2008. - 135 б.
Мұқан, Х. Бір тамшы қан : повесть / Х. Мұқан. - Алматы : Ел-шежіре, 2013. - 160 б.