Оралхан Айбек Тілеубекұлы (1988 ж. т.) – ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Журналистер одағы мен Жазушылар одағының мүшесі.
1988 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылында (бұрынғы Медведка ауылы) дүниеге келген.
1995-2003 жылдары Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебінде оқыды. 9-сыныптан бастап Өскеменде дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында оқуын жалғастырады. Мұнда Айбек Оралхан КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Битибаеваның жетекшілігімен әдебиетті тереңдетіп оқып, авторлық сыныпта оқыды. Серік Ғабдуллин бастаған «Шабыт» жас ақындар мектебінің белсенді мүшесі болды.
Орта мектепті бітіргеннен кейін 2006-2009 жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған.
2006-2008 жылдары «Мәдениет жаршысы» журналында, сондай-ақ белгілі жазушылар С. Ғабдуллин, М. Құмарбеков және С. Байхановтың бастамасымен құрылған Шығыс Қазақстан облысының мәдениет пен өнерді қолдау қоры Өскеменде шығарған «Ақ Ертіс» әдеби журналында жұмыс істеді.
2009-2013 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, ЖОО-ны «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдады.
А. Оралхан «31-арна Өскемен» телеарнасында диктор, авторлық бағдарлама жүргізушісі, «Ирбис» Павлодар қалалық телеранасында коррекпондент, «Халық радиосы» радиостанциясында радиожүргізуші, Павлодар облысындағы белді әдеби басылым «NAIZATAS» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы болды. «Алты аңғар» поэзиялық жинағы 2020 жылы жарық көрді. 2022 жылы К.Луниннен аудармалары «Жаса, Қазақстан» кітабында басылды.
2020 жылы Айбек Оралханның «Алтын аңғар» атты поэтикалық жинағы жарық көрді. Сондай-ақ, ол Акбар Гошалы («Тұранның бір түп жусаны»), Наталья Харлампеева («Саханың сандал садағы»), Виктор Семерьянов, Низами Тагисой, Константин Лунин («Жаса, Қазақстан»), Павел Васильевтің топтама өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Айбек Тілеубекұлының белсенді шығармашылық қызметі көптеген жоғары жетістіктерімен, соның ішінде оның поэзия мен көркем оқудағы шеберлігін көрсететін беделді ұлттық байқаулар мен фестивальдардағы жеңістерімен ерекшеленді.
2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Айбек Оралхан «Шаңырақ» Павлодар облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы басшысының орынбасары болып табылады.
А. Т. Оралханның шығармалары
Произведения Оралхана А. Т.
Кітаптар – Книги
Оралхан, Айбек. Алты аңғар / А. Оралхан. - Павлодар : ЖК Сытин А.А., 2020. - 182 б.
А. Оралханның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Оралхана А. Т. в периодических изданиях и сборниках
Оралхан, Айбек. Бақыттың бесігінде тербетіліп, Бағытын болашаққа бұрған қала : (Қала күні) // Сарыарқа самалы. – 2014. - 13 қыркүйек. - Б. 20
Оралхан, Айбек. Тәрбие деген тәңір бар" : ("Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің кітапханасында педагог-ғалым Мұхтар Арынның "Бес анық" шығармасы негізінде әзірлеген моноспектакль қойылды). // Сарыарқа самалы. – 2015. - 6 тамыз. - Б. 11
Оралхан, Айбек. Ертіс әуендері" жастар жыр жинағына жасалған сыни жорық // Найзатас. – 2016. - № 6. - Б. 140-170
Оралхан, Айбек. Жүз долларға жазылған жыр : (Үзінді). // Сарыарқа самалы. – 2017. - 19 тамыз. - Б. 6
Оралхан, Айбек. Бағдарлама - іргелі жобалардың бастауы болды" : [Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы А.Т. Райымбековпен сұхбат] // Найзатас. – 2018. - № 2. - ақпан. - Б. 41-55
Оралхан, Айбек. Мөлдір муза" : ["Мөлдір муза" жас қаламгерлер клубы ] // Сарыарқа самалы. – 2018. - 1 наурыз. - Б. 16
Оралхан, Айбек. Сұлтанмахмұт сүйген Бағила сұлу : [Жасын мінезді ақын, жалынды публицист, ағартушы, Абайдан кейінгі сөз сүлейлерінің сұлтаны көсемсөздегі көреген қаламгер - сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы туралы]. // Найзатас. – 2018. - № 5. - Б. 127-134
Оралхан, Айбек. Алаштың Ардағы" мүшәйрасы : Ертіс-Баян өңірі ақындары арасында Павлодар өңірінің өнері мен руханиятының дамуына сүбелі үлес қосқан Павлодар облысы мәдениет, архивтер құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ардақ Тәттімбекұлы Райымбековті еске алуға рухына арналған "Алаштың Ардағы" атты облыстық мүшәйра өткізілді) // Naizatas. – 2019. - № 2 (45). - Б. 169 - 173
Оралхан, Айбек. Сейділдә қажы Түйтебекұылының зиратына зиярат : [Теренкөл ауданы Жаңа-құрылыс ауылдық аймағында орналасқан дін насихатшысы, әулие Сейділдә Түйтебекұылының зиратына зиярат]. // Naizatas. – 2019. - № 4 (47). - Б. 15
Оралхан, Айбек. Біздің ақындар елорданы жырға бөледі : (Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Eurasian Book Fair-2019" IV Еуразиялық халықарлық кітап көрме-жәрмеңкесінде жерлес жас қаламгерлердің жыр жинақтары таныстырылды) // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 4 мамыр. - Б. 12
Оралхан, Айбек. Тегеурінді қаламгер : [журналист Жанат Тұрғанбекұлы туралы].// Найзатас. – 2019.- № 6. - Б. 74 - 89
Оралхан, Айбек. Ұлы Абайды ұлықтаған ұстаз : // Егемен Қазақстан. - 2020. - 1 мамыр. - Б. 11
Оралхан, Айбек. "Кереку жырлары" жарық көрді : (Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Лермонтов комитеті Қайсын Құлиев медалінің иегері Арман Қанидің кезекті жыр жинағы жарық көрді) // SARYARQA SAMALY. – 2020. - 31 желтоқсан. - Б. 20
Оралхан, Айбек. Жазылмаған естелік : (Тұрсын рухының монологы) // Naizatas. – 2021. - № 4. - 135 - Б. 138
Оралхан, Айбек. Қайсар азамат : желтоқсаншы Амангелді Нүкенов туралы // Найзатас. - 2021. - № 6. - Б. 147-163
Оралхан, Айбек. Тағдырлы ақынның тағдырлары : ақын Арман Қанидың "Тағдырлар" жинағына рецензия // Найзатас. - 2022. - № 4. - Б. 34-43
Оралхан, Айбек. Ағайыншылдық академиясының әліппесі : [қаламгер Зекебай Солтанбайұлының "Наз" кітабына рецензия] / А. Оралхан. // Найзатас. - 2022. - № 6
Оралхан, Айбек. «Ертіс әуендері» жастар жыр жинағына жасалған сыни жорық // Кітап & Кітапхана. – 2023. - № 2 (26). - Б. 34-37
Оралхан, Айбек. ..деген екен. Ертіс-Баян өңірі қаламгерлерінің қалжыңдары // Найзатас. - 2023. - № 3. - Б. 161-169
Оралхан, Айбек. Сұлтанмахмұт және Бағила сұлу : [С.Торайғыровтың Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында болған кездері туралы] // Үркер. - 2023. - № 5. - Б. 14-19
Оралхан, Айбек. Жүрегі тілім-тілім жыр жампозы : [Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Лермонтов комитеті Қайсын Құлиев медалінің иегері Арман Қанидың "Тағдырлар" жинағы жайлы] / А. Оралхан // URKER. – 2023. - № 5. - Б. 32-39
А. Т. Оралханның өлеңдері
Стихи Оралхана А. Т.
Оралхан, Айбек. Ел үшін мына өмірім! : (Өлеңдер) // Найзатас. – 2014. - №5. - Б. 72-85
Оралхан, Айбек. Ару қала, сені сүймеу - ар маған : (Поэзия) // Сарыарқа самалы. – 2016. - 3 қараша. - Б. 11
Оралхан, Айбек. Жырдан алау жағамын деп... : (Поэзия). // Naizatas. – 2020. - №5. - 115 - 132 б.
Оралхан, Айбек. Ұлы Абайды ұлықтаған ұстаз : [Ұлы Абайдың 175 жылдығы]. // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2020. - 1 мамыр. - Б. 11
Оралхан, Айбек. Жарыма : (Өлең) // SARYARQA SAMALY. – 2021. - 6 наурыз. - Б. 12
Оралқанов, Айбек. Биіктік : (поэзия) // Shekarashy. – 2021. № 6. – Б. 71
Оралхан, Айбек. Абай тойына арнау : (Поэзия) // SARYARQA SAMALY. – 2022. - 16 тамыз. - Б. 8
Оралхан, Айбек. Мұнар таудың басындай мұңым жатыр, Ұлартаудың тасындай үгілмеген... : [өлеңдер] / А. Оралхан // Ұркер. – 2023. - № 6. - Б. 15–20
Оралхан, Айбек. Жырдан алау жағамын деп... : [өлеңдер] / А. Оралхан // Aq jelken. – 2024. - № 2. - Б. 55-57
А. Т. Оралқан туралы әдебиет
Литература об Оралхане А.
Мақалалар - Статьи
Хашымқызы, Қарлығаш. Ақынын ардақтаған ел : (Талдықорған қаласында Тұманбай Молдағалиевке арналған "Жүрегі жырдан жаралған" атты республикалық жазба ақындар байқауында жерлесіміз бірінші орынды қанжығалады) / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. – 2016. - 22 қазан. - Б. 6
Хонж, Алпысбай. Жылылық ізде жырымынан" : (Ертіс-Баян өңірінің ысытық ықыласына бөленіп жүрген ақын, аудармашы, облысытық "Найзатас" әдеби-көркем, қоғамдық саяси журналының жауапты хатшысы Айбек Оралхан жуырда, С.Торайғыров атындағы облысытық кітапханада "Жылылық ізде жырымнан" атты шығармашылық кездесу өткізді) // Сарыарқа самалы. – 2019. - 21 ақпан. - Б. 6
Хонж, Алпысбай. Әдебиетте шекара жоқ : (Павлодардағы №16 мектеп-лицейінде ерекше әдеби шара өтті. "Уақытқа сыр ашу" деген атпен ұйыдастырлған жыр кешінде павлодарлық ақын Константин Лунин мен жас дарын, ақын, журналист Айбек Оралхан өлеңсүйер қауыммен жүздесіп, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды) / А. Хонж // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 12 наурыз. - Б. 8
Амантайұлы, Жарқынбек. "Алты аңғардан" аңғарғаным : (ақын, "Naizatas" әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы Айбек Орлаханның "Алты аңғар" атты тұңғыш жинағына жазылған ой-пікір) // Naizatas. – 2020. - № 5. - Б. 112-114
Қайдар, Рауан. Бір күнде үш ақынның кітабы жарық көрді : (Павлодар облысыныда үш бірдей ақынның кітабы жарық көрді) / Р. Қайдар// EGEMEN QAZAQSTAN. – 2020. - 27 тамыз. - Б. 11
Сахаба, Тілеуберді. Үш ақынның "тұнғышы" : (Ертіс-Баян өңірінің әдеби кеңістігі бірден үш туындымен толықты) / Т. Сахаба// SARYARQA SAMALY. – 2020. - 3 қырқүйек. - Б. 21
Сахаба, Тілеуберді. Үш туындының тұсауы кесілді : (Жуырда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жергілікті ақын-жазушылардың үш бірдей кітабының тұсаукесері өтті) / Т. Сахаба // SARYARQA SAMALY. – 2020. - 24 қырқүйек. - Б. 24
Баянбекқызы, М. Автормен кездесу өтті : (Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол» жобасы аясында «Досиктің дәуірлерге саяхат: Ежелгі Павлодар туралы» ертегі кітабының авторларымен кездесу өтті ) / М. Баянбекқызы // SARYARQA SAMALY. – 2023. - 14 ақпан. - Б. 7
Таженова, Марал. Сказка о древнем Павлодаре : [о краеведческом проекте Павлодарской ОУНБ им. С.Торайгырова "Путешествие Досика во времени. Сказка о древнем Павлодаре"]. // Кітап & Кітапхана. – 2023. - № 2 (26). - Б. 34-37
Қадырова, Жанаргүл. Өлеңім - өмірімнің айнасы : (Таяуда Екібастұз қаласында С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың "Кітап және қаламгер" жобасы шеңберінде "Өнер" қалалық мәдениет сарайында "Өлеңім - өмірімнің айнасы" атты әдеби кеш өтті). // Отарқа. – 2023. - 16 қараша. - Б. 6
****
Шаяхметов, Алишер. В числе лучших : [журналист А. Оралхан стал номинантом первого республиканского конкурса "Әскери-Медиа-2017"] / А. Шаяхметов// Звезда Прииртышья. – 2017. - 21 ноября. - С. 2
Бескорсая, Екатерина. Первое искусство - искусство слова : [о творчестве поэта Айбека Оралхана] / Е. Бескорсая // Казахстанская правда. – 2019. - 29 марта. - С. 8
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы