
Дүйсембі Болат (1942) – ақын, публицист, қоғам қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі.
1942 жылы 21(31) мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келген. Балалық шағын Ақшәулі тауының баурайында өткізген. Ақшәулі ауыл кеңесіне қарасты Знаменко жетіжылдық орыс мектебін бітірген. Ол жұмыс істей жүріп, кешкі мектепте оқып орта білімді алған. Алматы халық шаруашылық институтыда (АИНХ) оқып, «Халық шаруашылығын жоспарлау» кафедрасының бағдарламасы бойынша экономис мамандығын алған. Кейін Алматы жоғары партия мектебін (АВПШ) бітірген.
Алғашқы еңбек жолын Аягөз ауданының Карл Маркс атындағы колхозында қатардағы жұмысшы болып бастаған.
1958 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласына қарасты Қоңыратта екі жылдық №13 Қолөнер училищесіне оқуға түсіп, теміржол саласы бойынша электровоз машинисінің көмекшісі мамандығын алғаннан кейін Қоңырат руднигінде каръерден руда таситын жүк поезі электровозының машинисінің көмекші болудан бастап, машинисі болып жұмыс істеді.
1960 жылы Алматы қаласында Қазақстанның қырық жылдық мерекесіне байланысты өткен Республикалық еңбекші жастар көркемөнерпаздар байқауына қатысып, соның қортындысы бойынша дипломның иегері болды. Ол Балқаш калалық және Қоңырат руднигі комсомол комитеттерінің мүшесі болып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты.
1962 жылдың аяғында Аягөз ауданында Қарақол және Мыңбұлақ совхоздарында электромеханик болды. Кешкі мектепте оқуын жалғастыру үшін Семей қаласында 1964-1966 жылдары Жүн жуу фабрикысы (ПОШ), КСЖБ-1 құрылыс камбинатында электрик болып жұмыс істеді.
1966-1971 жылдары Өскемен қаласында СредАз СМУ–ППА (Арнайы өрт сөндіруді автоматтандыру) жүйесінде және Свердловск қаласының «Уралэнергоцветмет» Өндіріс бірлестігінің Өскемендегі филиалында электрик болды. Ол өндіріс саласында жұмыс істеген жылдары үнемі сол өндірістердің бағытына сәйкес өндіріс технологиясын жетілдіруге арнаған жаңалықтар енгізгені үшін марапатталып, куәліктер (рацанализатор) иесі болған.
1971 жылы жаңа ашылған Торғай облысында, обылыстық қаржы бөлімінің ауыл шаруашылығын қаржыландыру және бақылау бөлімінде аға инспектор болып жұмыс істеді.
1971жылы Өскемен метал өнімдерін шығаратын зауатының өндірісті ұймдастыру бөлімін басқарып және зауаттың партия ұйымының хатшысы қызметін атқарды. Бір жылдан кейін Шығыс Қазақстан облыстық бақылау комитетіне қызметке шақырылып, комитеттің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен айналысты.
Облыстық «Коммунизм туы» және «Рудный Алтай» газеттерінде тұрақты екі тілде шығып тұратын «Халықтық бақылау» атты арнайы беттің қоғамдық редакторы жұмысын атқарды. Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінде әкімшілік және сауда-қаржы бөліміне нұсқаушы, бөлім меңгерушінің орынбасары кызметін атқарды. Өскемен қалалық атқару комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарып, қаланың өндіріс, халыққа қызмет көрсету саласы мен экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерімен шұғылданды. Қалалық атқару комитетінен өз өтінішімен кетіп, «ЯкутАлмазЗолото» өндіріс бірлестігінің Сограмашина жасау зауыты директорының сыртқы экономикалық қатынасы бойынша орынбасары болып жұмыс істеді. Одан кейін Өскемен қаласында өндіріс-комерциялық «Сұңқар» фирмасын, «Дильда» ЖШС-ін құрып он бір жыл бизнеспен шұғылданды.
1994-2011 жылдарда еліміздегі демократиялық қозғалыстарға белсене араласып, Республикалық «Халық конгрессі» партиясының Шығыс Қазақстандағы бөлімшесінің жұмысын басқарып, кейін «Ақ жол» ҚДП – ның облыстық ұйымын құрып, осы партияның орталықтағы ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатынасып, «Ақ жол» партиясының елімізде танымал саяси күш болуына үлес қосты. «Ақ жол» партиясының Орталық комитетінде жұмыс істеп, оның теңтөрағасы А. Байменовтің кеңесшісі болды. 2005 жылы Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі және қозғалыстың Орталық Басқарма мүшесі болып сайланды. Алматы қаласындағы ХБА-да (Международная Академия Бизнес) президент – ректорының Ұлттық тәрбиелеу мәселесі бойынша кеңесшісі болды. Бұқаралық ақпараттық баспаларда көптеген публистикалық мақалалары мен поэзиялық шығармалары жарыққа шыққан. Оның «Ой толғау («Жүректегі жазулар)», «Ойлана жүр ұрпағым!», «Оянсын рухы бабаңның», «Өмір тағлымы», «Есіңде жүрсін ұмытпа» және «Ұлттық мүддені қалай қорғаймыз» деген кітаптары жарық көрген.
Әлемдік ғаламторда 2016-2018 жылдары біраз ұлт жанашырларымен өз қаржысына «Ақсақалдар.кз» атты қоғамдық, танымдық, мәдени-ағарту сайтын ашты.
Болат Дүйсембі КСРО-ның «За доблестный труд», «Ветеран труда» медалімен және КСРО Халықтық бақылау Орталық Комитетінің және Шығыс Қазақстан облыстық кеңесінің грамотасымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Аягөз ауданының құрметті азаматы.
Б. Дүйсембінің кітаптары
Книги Дуйсемби Б.
Дүйсембі, Б. Ұлттық мүддені қалай қорғаймыз : мақалалар / Б. Дүйсембі. - Алматы, 2025. - 388 б.
Дүйсембі, Б. Оянсын рухы бабаңның: дастандар жинағы және өлеңдер / Б. Дүйсембі. - Алматы, 2012. - 280 б.
Дүйсембі, Б. Есіңде жүрсін, ұмытпа : дастандар, өлеңдер / Б. Дүйсембі. - Алматы, 2022. - 216 б.