Известные имена

Сарсеков С. С.

Станислав Серикович СарсековСтанислав Серикович Сарсеков (1969) – танымал спорт журналисі, қазақстандық хоккей мен футболдың тәжірибелі тарихшысы және статистігі, Қазақстан Республикасы Спорт баспасөзі федерациясының тілші-мүшесі.
1969 жылғы 18 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Балалық шағынан хоккей мен футболға әуестенген. Спорт журналистикасындағы алғашқы қадамдарын Ленинградтағы жоғары әскери-саяси училищесінде оқып жүрген кезінде бастаған. 1980-ші жылдардың ортасында Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) футбол жанкүйерлері клубының белсенді мүшесі болды. Қазақстанға оралғаннан кейін Семей басылымдарында спорт шолушысы ретінде жариялана бастады.
1995–2003 жылдары «Елімай» (Семей) футбол клубының баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 2000–2007 жылдары ресейлік «Футбол» апталық басылымының меншікті тілшісі болды. 2000 жылы наурызда Қазақстан футбол қауымдастығының есеп беру-сайлау конференциясында ол өзі әзірлеген «Қазақстандық футболдың 100-бомбардирлері клубы» жобасын таныстырды. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ашық чемпионаты мен ұлттық футбол құрамасының статистикасын жүргізіп отырды, сонымен қатар Қазақстан хоккей федерациясында да қызмет етті. Турлар мен айдың үздік ойыншыларын анықтауға арналған рейтингтік жүйені жасады.
Сарсеков халықаралық спорттық турнирлер туралы репортаждар дайындап, ақпаратпен қамтыды: Ізгі ниет ойындары (Санкт-Петербург, 1994), Бірінші арна Кубогы (2006, 2012), хоккейден әлем чемпионаттары (Минск, 2014; Краков, 2015; Мәскеу мен Санкт-Петербург, 2016; Киев, 2017; Нұр-Сұлтан, 2019; Бішкек, 2024), VII Азия ойындары (Астана, 2011), Қысқы Универсиада (Алматы, 2017), қазақстандық клубтардың еурокубок матчтары және ұлттық құраманың ойындары.
2017 жылы оның қатысуымен Астанадағы «Барыс-Аренада» Қазақстан хоккейі музейі және Семейдегі «Спартак» стадионында Қазақстан футболы музейі ашылды. Хоккей музейінің гид-кураторы.
Сарсеков – хоккейшілер Андрей Трощинский (2016) мен Сергей Давыдовты (2018) еске алуға арналған анықтамалық журналдардың авторы. 2024 жылы қазақстандық хоккей тарихындағы үздік қорғаушылардың бірі Вадим Куликов туралы естеліктерді дайындап, әдеби өңдеп, «НеповТОРимый хоккей» атты кітапқа қажетті статистикалық материалдар мен сирек деректерді жинақтады. Бұл еңбек – отандық хоккейдің даңқты кезеңдері мен көрнекті өкілдеріне арналған.
Спорт журналистикасындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Отандық және шетелдік басылымдарда мақалалары жарық көрген, «Елімай» футбол клубының баспасөз-атташесі, Қазақстан футбол федерациясы мен «Қайрат» футбол клубының PR департаменттерінде қызмет атқарған. Допты хоккей бойынша спорт төрешісі.

С. С. Сәрсековтің шығармалары
Произведения Сарсекова С. С.
Кітаптар – Книги

Куликов В., Сарсеков С. НеповТОРимый хоккей / В. Куликов, С. Сарсеков. - Алматы : Print-Express, 2024. - 112 с.
Біздің хоккей! = Наш хоккей! = Our Hockey!. - Новосибирск : Вояж, 2006. - 359 б.

Мақалалар – Статьи

Сарсеков, С. Андрей Фукс. Свой парень за бугром / С. Сарсеков // 7 дней. - 2016. - 7 июля. - N 27. - С. 9 : портр.
Сарсеков, С. Семипалатинский футбол: состояние и перспективы / С. Сарсеков // Спектр. - 2004. - 15 янв. - С. 8
Сарсеков, С. "Елимай" встретился с акимом и болельщиками : [состоялась встреча футбольной команды "Елимай" г. Семипалатинска со своими болельщиками] / С. Сарсеков // Рудный Алтай. - 2000. - 16 мая. - С. 4
Сарсеков, С. "Елимай" мог бы сыграть лучше : [трехкратный чемпион Казахстана, звездный час которого пришелся на середину 90-х, семипалатинский "Елимай" сегодня переживает не самые лучшие времена] / С. Сарсеков // Рудный Алтай. - 2000. - 5 дек. - С. 4
Сарсеков, С. Портрет команды "Елимай" : [о семипалат. футбольном клубе] / С. Сарсеков // Спектр. - 1999. - 9 июня. - С. 6

С. С. Сәрсековтің өмірі мен қызметі туралы әдебиет
Литература о жизни и деятельности Сарсекова С. С.

Біздің хоккей! = Наш хоккей! = Our Hockey!. - Новосибирск : Вояж, 2006. - 359 б.