Михайлина Галина Николаевна (әдеби лақап аты Алина Тайга) (1969) - ақын, жазушы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі.
1969 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер қаласы) дүниеге келген. Музыка-педагогикалық білім алған: фортепиано сыныбы бойынша музыка мектебінде оқыды, кейін Өскемендегі музыка училищесін тәмамдайды.
1989 жылы туған қаласына оралады, онда № 2 мектепте музыка мұғалімі, кейін балабақшада музыка қызметкері болып жұмыс істейді.
Өлең мен ертегілерді бала кезінен жаза бастайды. Соңғы жылдары нақты шығармашылыққа бет бұрып, 600-ден астам туынды, оның ішінде өлеңдер, поэмалар, өлең мен прозадағы әңгімелер, сондай-ақ «По мотивам Лукоморья» балалар ертегілерінің циклін жазды. Балалар мен ересектерге арналған он бестен астам поэтикалық және прозалық кітаптардың авторы, олардың қатарында: «Откровения неба», «На расстоянии касания», «Идём на рассветы», «Предчувствие зари», «Мир в твоих ладонях», «Танго с ветром», «Перелётная птица» жинақтары, «Погружение», «Алхимия притяжения» әңгімелер жинағы, «Шесть воплощений одной души», «Одиночество или путь к себе», «Волчья кровь» повестері мен «Сказочная шкатулка» ертегілер жинағы бар.
Оның қаламынан туған шығармалар «Алтай Изумрудный» тәуелсіз әдеби-көркем журналында, «Кедр» халықаралық әдеби-көркем және тарихи-өлкетану журналында, «Светоч» отбасылық оқу журналында, «Сибирские истоки» әдеби-публицистикалық журналында, сондай-ақ қалалық баспасөздерде жарияланады.
«Писатели Рудного Алтая» (Риддер қ.) және «Звено Алтая» (Өскемен қ.) әдеби бірлестіктерінің мүшесі. Риддер қаласының Достық үйінің «Орыс мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Әдеби салонын» ұйымдастырушылардың бірі, сондай-ақ шығармашылық ортаны дамытуға бағытталған әдеби кездесулер мен жобалардың бастамашысы болып табылады. Ғаламтордағы әдеби парақшаларды жүргізіп, оқырмандарды өз шығармашылығымен таныстырады.
Галина Михайлинаның шығармашылығы кең аудиторияға «Рождённые в СССР» бағдарламасында ұсынылды («Ностальгия» телеарнасы, авторы және жүргізушісі Владимир Глазунов).
Көптеген әдеби байқаулар мен фестивальдердің лауреаты және жеңімпазы, оның ішінде Петр ғылым және өнер академиясының «Золотое перо Алтая» (2023), «Золотое перо Руси» халықаралық әдеби сыйлығының екі мәрте лауреаты (2024 – проза, 2025 – поэзия).
Алина Тайганың шығармалары
Произведения Алины Тайги
Кітаптар - Книги
Алина Тайга шығармашылығы мен өмірі туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Алины Тайги
Кравченко, Татьяна. Мир в твоих ладонях : [под таким названием в Усть-Каменогорске состоялась творческая встреча с поэтессой, писательницей, сказочницей Алиной Тайгой из Риддера ] / Т. Кравченко // Рудный Алтай. - 2023. - 24 января. - С. 4.
Польская, И. Сказка нового времени : [риддерская писательница Алина Тайга (Михайлина Г.) стала лауреатом престижной литературной премии] / И. Польская // Мой город Риддер. - 2024. - 30 октября (№ 44). - С. 5 : ил.
Польская, Ирина. В стихах и прозе : [о презентации двух книг риддерской поэтессы, прозаика Г. Михайлиной (Алина Тайга)] / И. Польская // Мой город Риддер. - 2025. - 5 февраля (№ 6). - С. 5.
Алина Тайга / Проза.ру. – Текст : электронный // https://proza.ru : [сайт]. – UTL : https://proza.ru/avtor/alinka96 (дата обращения : 11.11.2025)
Алина Тайга / Стихи.ру. - Текст : электронный // https://stihi.ru : [сайт]. – URL : https://stihi.ru/avtor/alinka69 (дата обращения : 11.11.2025)