Известные имена

Крымский (Шитов) Анатолий Леонидович

Крымский (Шитов) Анатолий Леонидович

Крымский (нағыз тегі Шитов) Анатолий Леонидович (1964 ж. т.) – жазушы.
1964 жылы 25 сәуірде Ростов-на-Донуда (Ресей) дүниеге келген. Ерте жастан бастап сурет пен мүсіндеуге қызығушылық танытқан. Мектеп жылдары, әскери қызмет және институттағы оқуы оның шығармашылыққа деген ұмтылысын күшейте түсті. Ол Санкт-Петербургте (Ленинград) оқып, онда көркемдік-техникалық салада кәсіби дайындықтан өтеді.
1990 жылы отбасымен Шығыс Қазақстан облысына көшіп келеді. «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де суретші-конструктор болып жұмыс істеді, кейін Балалар көркемсурет мектебінде сабақ берді. Онда ол жоғары білімді мүсінші ретінде көптеген жылдар бойы өзінің білімі мен шеберлігін жас суретшілермен бөлісті. Анатолий Леонидович ШҚО-ның көрнекті өнер қайраткерлері - мүсінші В. Б. Самойлов, суретші Ф.  Г. Бадажков, суретші Н. П. Аштема, сәулетші П. Н. Тельмановтан тәлім алып, бірлесіп жұмыс істеді. Оның өнерге деген құштарлығы тек мүсінде ғана емес, жазуда да көрініс тапты.
Анатолий Крымский - балалар пьесалары мен шығармаларының авторы. 2000 жылы оның балалар мен ересектерге арналған бес электронды жинағы ресейлік «ЛитРес» электронды кітап сервисінде жарық көрді, ал «Супер» (Санкт-Петербург) баспасымен ынтымақтастық аясында «Котёнок по имени Мостик», «Поп ВДВ», «Остров танцующих обезьян» және «Дети Лубянской Империи» кітаптары жарық көрді.
Анатолий Крымскийдің пьесалары театр қойылымдарына да бейімді, ал автордың өзі әдеби бастамалардан бастап режиссерлермен жұмыс істеуге дейінгі әртүрлі бағыттардағы шығармашылық жобалармен ынтымақтастыққа ашық.
Қазіргі уақытта Анатолий Крымский Д. Серікбаев атын. ШҚТУ-да жарнама және дизайн бөлімінде жұмыс істеп, суретші, педагог әрі жазушылық тәжірибесін біріктіре отырып, өз шығармашылығын дамытуды жалғастыруда.

А. Л. Крымский шығармалары
Произведения Крымского А. Л.
Кітаптар - Книги