Уалханова Алмагүл Нұралықызы (1955) – ақын, ұстаз.
1955 жылы 7 желтоқсанда ШҚО Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында дүниеге келген. Топқайың орта мектебін 1972 жылы тәмамдайды. 1972-1976 жж. Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атын. ШҚУ) физика-математика факультетін тәмамдаған.
Өлеңге деген құштарлығы мектеп жасынан-ақ басталған. Ата-анасы да суырып салма ақын, жиын тойда айтысты қыздыратын жандар болған.
1979-2016 жж. Абай атындағы мектепте математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бола жүріп, аудандық айтыстарға қатысады, оқушыларды да айтыстарға даярлайды.
2014 жылы «Суырлының сұлу саздары» атты тарбағатайлық ақындардың жыр жинағында өлеңдері басылып шыққан. 2022 жылы «Өмірімнің сырлары» жыр жинағы жарық көрсе, 2025 жылы «Абай әлемі» кітап сериясымен жарық көрген «Алтайдың ақын арулары» жинағында өлеңдері шыққан.
Ауданның «Әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін», «Білім саласының үздік педагогі» төсбелгілерінің иегері. Сондай-ақ, бірнеше жыр мүшәйраларында жүлделі орындар алған.
А. Н. Уалханованың шығармалары
Произведения Уалхановой А. Н.
Уалханова, А. Өмірімнің сырлары : өлеңдер / А. Уалханова. - Семей : Интеллект, 2022. - 146 б.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Суырлының сұлу саздары : өлеңдер / құраст.: Ә. Мәселұлы . - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2014. - 312 б.
Алтайдың ақын арулары : өлеңдер / құраст.: Әлібек Қаңтарбаев. - Алматы : Дәуір, 2024. - 368 б.
Уалханова, А. Самалың сызылтады әсем әнді : өлеңдер топтамасы / А. Уалханова. - Мәтін // Тәңіртау. - 2023. - № 1.- Б .67-70
Уалханова, А. Шабыттың шалқар дариясын кешкен : өлеңдер топтамасы жарияланған / А. Уалханова. - Мәтін // Үш қоңыр. - 2023. - 17 қараша.- Б.7
Уалханова, А. Өмірімнің сырлары : өлеңдер топтамасы берілген / А. Уалханова. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024.- Б.7
А. Н. Уалханова туралы әдебиет
Литература об Уалхановой А. Н.
Кенжеханұлы, М. Төрт ғасырлық ұстаздар әулеті : ұстаздар әулеті Уалханов Нұралы Қайдарұлының отбасы туралы мақала / М. Кенжеханұлы. - Мәтін // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 22 қараша (№47). - Б. 4,8