Известные имена

Қашқынбаев Т. С.

Қашқынбаев Т. С.Қашқынбаев Талғат Саккоұлы (1961) – қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

1961 жылы 16 наурызда ШҚО, Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
1968 - 1978 жылдар аралығында Шыңғыстай орта мектебінде оқыды. Мектепте үздік оқуымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оқушылар комсомол ұйымының хатшысы міндетін атқарды.
1978 жылы мектепті аяқтап, Өскемен құрылыс-жол институтының (қазіргі Д. Серікбаев атын. ШҚТУ) «Өндірістік және азаматтық құрылыс» факультетіне түседі. 1983 жылы институтты бітіріп, әскери кафедрадан алған білімімен лейтенант шенінде Совет армиясы қатарына алынып, 2 жыл Қиыр Шығыста өз мамандығы бойынша әскери қызметте болды.
1985 жылы әскери қызметтен босап, елге келген соң, құрылыс және энергетика саласында түрлі мекемелерде жұмыс істеді. 2007-2024 жж. аралығында жобалау мекемелерінде бөлім бастығы, бас инженерлік қызметтер атқарды, 2024 жылы зейнеткерлікке шығады. 2024 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін «VK Development group» құрылыс компаниясында авторлық қадағалау маманы болып жұмыс істеуде.
Басқа салада қызметте жүрсе де түрлі тақырыптарға өлеңдер, шағын әңгімелер жазумен айналысады. 2013 жылы баспадан «Өмір жайлы ойлар» атты шағын кітапшасы жарық көрді.
2021 жылы «Тұнық бастаулар» атты ой-толғаулардан тұратын екінші кітабы жарыққа шықты.
2022 жылы 90 жасқа таяп қалған анасының өз өмір жолы жайлы «Тағдырыма ризамын» кітабының қолжазбасын толықтырып, әдеби тілге бейімдеп өңдеп, баспаға даярлап шығаруына көмектесті.
2019 жылы «Түркі әлемі» киностудиясының директоры Доқтырхан Тұрлыбекпен бірге Катонқарағай ауданына барып, жазушылар Тұтқабай Иманбеков пен Оралхан Бөкей жайлы «Әттең, тонның келтесі-ай» атты деректі фильмнің түсіріліміне көмек беріп қайтты. 2022 жылы тағы да сол киностудия құрамымен бірге Катонқарағай өлкесінің төріне сапарлап барып, жергілікті ақын Ақтан Нұрбаев жайлы «Мұзтаудың көкке өрлеген мұзбалағы» атты деректі фильмді түсіру жұмыстарына қатысты.
2023 жылы қазан айында Талғат Саккоұлының авторлық құрастыруымен Шыңғыстай ауылының тумасы, саналы ғұмыры Қарағанды шахталарында елеулі еңбек сіңірген, сонымен қатар қазақ күресінен «№1 спорт шебері» атағын алған жеті дүркін Республика чемпионы Қылаң Бақыжанов туралы «Қазақ күресінің саңлағы» атты кітап жарық көрді.
2024 жылы ШҚО ішкі істер органдары және Ұлттық ұландар ардагерлер кеңесінің төрағасы Үдербаев Нұрлыбек Ғалиұлы жайлы «Өмірі-өнеге» атты өмірбаяндық хикаят басылып шықты.
2025 жылы жан-жақты тұлға Жүсіпбек Уәлитовтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы туралы «Асқақ рухты тұлға» кітабы жарыққа шықты.
Талғат Саккоұлы жұмыстан бос уақытында шығармашылықтан өзге волейбол, теннис, бильярд, шахмат ойнаумен, шаңғымен жүгіру және тау шаңғысымен сырғанау сияқты спорт түрлерімен айналысады.
«Кітапқұмарлар тобы», «Төр Алтайдың әдеби әлемі» және «Кітап ал» атты әдеби клуб-жобалардың белсенді мүшесі.
Жары – Алиханова Жанаргүл Қайырлықызы, Қарағанды медицина институтын бітірген, санитарлық дәрігер, қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
Жанұяда екі қыз тәрбиелеп өсірді. Мақпал – Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін бітірген, банк саласында қызмет атқарады. Жары – Дидар, Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаз.
Кіші қызы Іңкәр Алматы технология университетін бітірген, Америка Құрама Штаттарында төрт жылға жуық болып келген ол, бүгінгі күні сол жақтан алған IT-технология бойынша алған білімі мен тәжірибесін ары қарай өз елімізде дамытуда.

Т. С. Қашқынбаевтың шығармалары
Произведения Кашкынбаева Т. С.

Қашқынбаев, Т. «Өмір жайлы ойлар»: өлеңдер мен әңгімелер жинағы / Т. Қашқынбаев. – Астана: Нұра Астана, 2013
Қашқынбаев, Т. Тұнық бастаулар : өмірбаяндық деректер / Т. Қашқынбаев. – Алматы : Раlitra Press, 2021. - 464 б.
Қазақ күресінің саңлағы / құраст.: Т. С. Қашқынбаев. - Алматы : Балауса, 2023. - 184 б.
Қашқынбаев, Т. Өмірі – өнеге: өмірбаяндық хикаят / Т. Қашқынбаев. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2024
Қашқынбаев, Т. Асқақ рухты тұлға: танымдық кітап / Т. Қашқынбаев. – Шымкент: Жебе, 2025


Т. С. Қашқынбаев туралы әдебиет
Литература об Кашкынбаеве Т. С.

Кітаптар - Книги


Баянғазыұлы, Е. Шыңғыстай : / құраст.: Е. Баянғазыұлы. - Өскемен, 2015. - 492 б.
Назырбаев, Қ. Катонқарағай / Қ. Назырбаев. - Астана : Фолиант, 2011. - 280 б.
Әбдіғали С. Жаназық / С. Әбдіғали., 2025

Мақалалар - Статьи


Уалханова, Р. Жаңа кітап бізде, асығыңыз Сіз де! : [катонқарағайлық азамат Талғат Қашқынбаевтың "Тұнық бастаулар" атты кітабы туралы] / Р. Уалханова // Ертіс өңірі. - 2021. - 21 сәуір.- Б.19
Уалханова, Р. Сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер : [жазушы Қашқынбаев Талғат Саккоұлы туралы] / Р. Уалханова // Дидар. - 2023. - 18 қараша.- Б.4
Уалханова, Р. Азамат келбеті : [жазушы Қашқынбаев Талғат Саккоұлы туралы] / Р. Уалханова // Мәдениет. - 2023. - №11.- Б.60-63
Әбдікәрім, Д. Қазақ күресінің саңлағын еске алды: [жазушы Қашқынбаев Талғат Саккоұлы туралы] / Д. Әбдікәрім // Арайлы Катонқарағай. - 2024. -2024. – 28 маусым. – Б. 8
Райысова, Ә. Тұнық бастаулар оқырмандарға жол тартты [қаламгер Т. С. Қашқынбаев туралы] / Ә. Райысова // Арайлы Катонқарағай. - 2021. – 2 шілде. – Б. 3