Қазимова Гүлжан Ахметбекқызы – жазушы.
1969 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. Алғашқы білімін 1988–1991 жылдары Өскемен мәдени-ағарту училищесінде «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша алған. Кейін 2004–2009 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы бастап, 2001 жылға дейін мәдениет, ақпарат және кітапхана салаларында түрлі қызметтер атқарған. Атап айтқанда, Тарбағатай аудандық мәдениет бөлімінде әдіскер, А.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында кітапханашы, «Дидар» облыстық газетінде меншікті тілші, «Облыстық халық шығармашылығы» үйінде ұлттық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, А. Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасында бас әдіскер, сондай-ақ түрлі мекемелерде аудармашы және әдіскер қызметтерін атқарған.
2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысып, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет саласында және басқа да мемлекеттік органдарда жауапты лауазымдарда еңбек еткен. Атап айтқанда, ШҚО мәдениет басқармасында жетекші маман, Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман, ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаментінде кадрлар жөніндегі жетекші маман қызметтерін атқарған. Сонымен қатар ШҚО мәдениет басқармасында мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы, тілдерді дамыту, ономастика және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет еткен.
2025 жылдың 17 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Гүлжан Ахметбекқызы – мәдениет пен әдебиет саласында өзіндік орны бар қаламгер. Ол халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша лауреаты (III орын), сондай-ақ «Журналистика» номинациясының дипломанты атанған. Сонымен қатар «Абай әлемі» облыстық конкурсының дипломанты және Қадыр Тайшықов атындағы республикалық сатириктер конкурсының арнайы жүлде иегері.
Еңбегі үшін Республикалық мәдениет қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Әр жылдары ШҚО әкімінің орынбасары мен мәдениет басқармасы басшысының алғысхаттарына ие болған.
Шығармашылық жолында 2006 жылы «Қызғалдақ ғұмыр» атты әңгімелер жинағы жарық көрсе, 2023–2024 жылдары «Тұмандағы оттар» кітабы оқырманға жол тартқан. Оның әңгімелері мен мақалалары республикалық «Қазақстан әйелдері», «Таңшолпан», «Жұлдыз» журналдарында, өңірлік «Ақ Ертіс» басылымында, сондай-ақ «Жас Алаш» және «Дидар» газеттерінде жарияланып келеді.
Гүлжан Ахметбекқызы – ұлт тағдыры мен тіл тағдырының жанашыры, ұлтжанды қайраткер, азамат жазушы.
Г. Қазимованың кітаптары
Книги Казимовой Г.
Қазымова, Г. Қызғалдақ - ғұмыр / Г. Қазымова. – Өскемен, 2006. - 124 б.
Қазимова, Г. Тұмандағы оттар : әңгімелер жинағы / Г. Қазимова. - Өскемен : ЖК "Канеев Е. К.", 2023. - 356 б.
Г. Қазимованың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары
Публикации Казимовой Г. в периодических изданиях
Қазимова, Г. Желтоқсан желі немесе жұмбақ өлім : әңгіме / Г. Қазимова // Арай. - 1992. - 26 тамыз.
Қазымова, Г. "Үш өнер бар бойымда" : [Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, әнші, ақын Қадыр Мырзағалиұлы Хамза туралы] / Г. Қазимова // Дидар. - 1994. - 15 желтоқсан.
Қазымова, Г. Жыр айдынының ақ шағаласы : [Жас ақын Құралай Әлкенбаева туралы бір үзік сыр] / Г. Қазимова // Дидар. - 1994. - 1 желтоқсан
Қазымова, Г. Саған да маған да керек-ті : [Өскемен қ. Октябрь ауд. ішкі істер бөлімінің жұмысынан] / Г. Қазимова // Дидар. - 1994. - 19 шілде.
Қазымова, Г. Түрме деген мекен бар аты суық : [Өскемен түрмесіндегі тіршілік тынысынан] / Г. Қазимова // Дидар. - 1994. - 18 тамыз.
Қазымова, Г. Көңіл қонар көп дауыс : [ШҚМУ-дың музыка факультетінің оқытушысы М.С. Нұрхатованың ұйымдастыруымен құрылған хор ұжымы туралы] / Г. Қазимова // Дидар. - 1995. - 7 қаңтар.
Қазымова, Г. Әнімен елін еліткен : [Жас өнерпаз ШҚМУ-дың студенті Серік Рысбаев туралы] / Г. Қазимова // Дидар. - 1995. - 10 қаңтар.
Қазымова, Г. "Мәдидің" жігіттері : [Өскемен қ. шағын кәсіпорын жетім балалар үйін өз қамқорлықтарына алды] / Г. Қазимова // Дидар. - 1995. - 12 қаңтар
Қазымова ,Г. Қарауыл күнделігі : [Семейде өткен Абай тойынан кейінгі әсерлер] / Г. Қазимова // Дидар. - 1995. - 19 тамыз.
Қазымова, Г. Игі іс : [Шығыс Қазақстан обл. кітапхана қызметкерлерінің Ассоциациясы құрылып, конференция болып өтті] / Г. Қазимова // Дидар. - 1996. - 2 наурыз.
Қазымова, Г. Бала жүрегіне жол тауып... : [А. Гайдар атындағы обл. кітапхананың өмірінен бір үзік сыр] / Г. Қазимова // Дидар. - 1996. - 7 қараша
Қазымова, Г. "Тұрпаты шаршы, тобықтай болған Абашым" : [Тарбағатай ауд. ақын А. Кәкеновтың шығармашылық кеші болып өтті] / Г. Қазимова // Дидар. - 1996. - 30 қараша
Қазымова, Г. Сахна гүлі - Гүлбақыт : [Тарбағатай ауд. Жаңаауыл селосының мәдениет қызметкері Г. Бақтыбаева туралы] / Г. Қазимова // Дидар. - 1996. - 26 қараша.
Қазымова, Г. Шығыс жұлдыздары : [Филормония жанынан құрылған топтың алғашқы тұсаукесері жайында] / Г. Қазимова // Дидар. - 1997. - 9 қаңтар.
Қазымова, Г. Ақ күмбез : [Әңгіме] / Г. Қазимова // Дидар. - 1997. - 13 мамыр.
Қазымова, Г. "Сорос-Қазақстан" қоры-кітапханаға : [А. Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасына ... қорының көрсеткен көмегі] / Г. Қазимова // Дидар. - 1997. - 24 шілде.
Қазымова, Г. Талаптарға тәлімгер бола білген : [Облыс орталығындағы ақындар мектебінің жетекшісі А. Құсайынова жайында] / Г. Қазимова // Дидар. - 1998. - 30 мамыр.
Қазымова, Г. Талаптыны танып, өнерлінің өрісін ашқан : [Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Н.Д. Кісебаева жайлы үзік сыр] / Г. Қазимова // Дидар. - 1998. - 13 қазан.
Қазымова, Г. Жыр дүлділін баптаған : [Респ. ақындар айтысының жеңімпазы Қ. Камалиева-Әлкенбаеваның бапкерлері А. Құсайынова мен Ж. Аймұхамбетова жайында сыр] / Г. Қазымова // Дидар. - 1999. - 9 ақпан.
Қазымова, Г. Шығыстың серісі облысқа танымал ақын : [Облысқа танымал айтыскер ақын Кәкенов А. туралы] / Г. Қазимова // Дидар. - 2000. - 18 қаңтар.
Қазымова, Г. Атқарылған шаруа аз емес : [Мәдениетті қолдау жылына байланысты қалалық әкімге қарасты мәдениет және спорт бөлімінің атқарған жұмыстары туралы] / Г. Қазимова // Дидар. - 2000. - 7 қараша.- Б.2.
Қазымова, Г. Алғашқы қарлығаш : [Жамбыл атындағы драма театрының қазақ труппасының актрисасы М. Қаламқызы туралы] / Г. Қазимова // Дидар. - 2001. - 3 ақпан.- Б.4.
Қазымова, Г. Шертпе күйдің шебері : [Ақсуаттық күйші Қалиқан Сапоров туралы бір үзік сыр] / Г. Қазимова // Дидар. - 2003. - 22 наурыз.- Б.8.
Қазымова, Г. Күлпаш : әңгіме / Г. Қазимова // Жұлдыз. - 2009. - № 1. - Б. 32-34.
Қазымова, Гүлжан. Арыстанбектің әні әдемі бір күйге бөлеп келеді : [Әнші А. Кәкеев туралы] / Г. Қазымова // Дидар. - 2011. - 27 сәуір.- Б. 5.
Қазымова, Г. Алаштың ақын Абашы : айтыстың ақтаңгері Абаш Кәкенов туралы / Г. Қазымова // Дидар. - 2018. - 26 сәуір.- Б.31.
Қазымова, Г. Театрдың Шолпаны / Г. Қазымова // Дидар. - 2020. - 7 қаңтар.- Б.4.
Қазымова, Г. Еңбектің титтей жемісі / Г. Қазымова // Дидар. - 2020. - 11 қаңтар.- Б.8.
Қазымова, Г. Бақытты Ханзада : аударма / Г. Қазымова // Тәңіртау. - 2023. - № 1.- Б.45-51.
Қазымова, Г. Перизат : әңгіме / Г. Қазымова // Тәңіртау. - 2023. - № 1.- Б.52-56.
Қазымова, Г. Жамал мен Сабыржан / Г. Қазымова // Тәңіртау. - 2023. - № 1.- Б.52-57.
Қазимова, Г. Тәрбие мен мәдениеттің алтын ұясы : [Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы туралы] / Г. Қазимова, Ж. Сыранова // Дидар. - 2025. - 16 қазан (№42). - Б. 22.
Қазимова, Г. Кітапханаға кел, жас өрен! : [Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы туралы] / Г. Қазимова // Дидар. - 2025. - 25 желтоқсан (№52). - Б. 10.
Қазымова, Г. Бақта : жазушының бірнеше әңгімелері берілген / Г. Қазымова // Жұлдыз. - 2026. - № 7.- Б.105-113.
Г. Қазимова туралы мақалалар
Статьи о Казимовой Г.
Аллаберген, Д. Қызғалдақ ғұмыр / Д. Аллаберген // Дидар. - 2006. - 23 мамыр. - Б. 3
Сарсембайқызы, Ғ. Күн түспеген көңілден күнгей көшер / Ғ. Сарсембайқызы // Дидар. - 2006. - 29 сәуір. - Б. 6.